Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.
Сабақ- дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады. Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарында шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту,спортқа ықылаын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу міндеттері шешіледі.
Мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары оқушылардың тұрғын жерлерінде, балалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік станцияларда, мәдениет парктерінде, балалар секторларында, спорттық базаларда (стадион, жүзу бассейіндері, мұз айдыны, т.б) ерікті спорт қоғамдарда, қала және қаладан тыс лагерьлерде өткізіледі.
Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Ал, спорт мектебін бітіргеннен кейін оларды физкультураға даярлау керек. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары- бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер.
Гимнастика- мұның бірнеше түрлері бар; негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, окробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика.
Ойын- балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдалынады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Туризм- дене тәрбиесінде серуен, саяхат, туристік, жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт- біздің елімізде біріңғай бағдарлама және ережелер бойынша өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар- жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, туризмнің спорттық түрлері т.б
Табиғат фкторлары- күн, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайданылады. Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді.
Ойын өнер ретінде әдебиетпен мәдениеттң сан алуан түрлерімен қабысып, бірін- бірі толықтырып байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандырып қасиеттерін аша түседі.
Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбилеп қоймай, оның ақыл- ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Тарихының кеңеюіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиалын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани озық болатын да – осы қимыл – қозғалыс ойыны.