Спорт дайындықтары. Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын білу қажет. Мәселен, студенттердің дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білу, спорттағы бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысу, білімін жан-жақты жетілдіре тусуі қажет.
Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарда бөлінеді. Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып тарта білуі. 2. Спорттық жаттықтыру процесі.3. Жарыс.
Спорттағы бағдарлау және іріктеу. Студенттер спортқа жан-тәнімен берілуі қажет. Егер студент спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу-тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан спорт түрін таңдағанда дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, студенттің өз басына ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн.
Қабілеттелік – студенттің өзі тыңдап алған спорт түрінің қимыл — әрекеттеріне тез нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттық дарын дегеніміз – бала қабілеттілігінің, оның анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.
Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн. Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы , найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы , аур салмақты болуымен бірге айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт.
Физиологиялық ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер организмнің қозғалысын ғана емес, вегетативтік жүйесінің сипаттамасын көрсетеді. Жүгіру, шаңғы , коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз. Ол деңгей неғұрлым жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады.Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі.
Психологиялық ерекшеліктер. Адамдар нерв жүйелеріне байланысты мықты және әлсіз психологиялы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бірқалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде әлсіз жүйке жүйелі спортшылар кө жетістіктерге жететіні дәлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері қозу процестерінің ұзақ сақталуына , қозу және тежелу прощцестерінің теңдігіне байланысты. Жүйке жүйесі әлсіз спортшыларда қозу проесі тежелу процесінен көбірек болғандықтан ол тез шаршайды.
Тұқымқуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде осы фактроларға ерекше назар аударылып отыр. Адам организмінің құрылысы ,мсалмағы ата- анадан балаға тұқым қуалау арқылы берілеті дәлелденген. Ата- анамен баланың қозғалыс қабілеттілігінің арасында байланыс бар екені белгілі.(мысалы қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т/б). Атақты спортшылар балаларының жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлдеқайда көп.
Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға, өзіне сенімділікке, мықты күшті болуға ұмтылушылық байқалады.. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген және әртүрлі амалдар қолданылады:
1.Жарыс. Бұл амал ресми және әртүрлі бәсеке түрінде өтеді
2.Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
- Бақылау сынақтары. Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алады.
- Адам организмін зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.