Кез келген торша қүрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Оның үлесі организм ерекшелігі мен оның мекендеу ортасына, торшаның сипаты мен оның функционаддық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, сүйек үлпасының торшаларында оның үлесі 20%, май үлпасында — 30%, бүлшық етте — 75%, мидың сүр затында, бүйректе, өкпеде, бауырда, дәнекер үлпада — 80-85%, даму үстіндегі үрық торшаларында — 90%-дан астам, тіпті тіс кіреукесінің қүрамыңда — 0,2% қүрайды. Торша мен организмнің функционалдық белсенділігі неғүрлым зор болса, соғырлым оның қүрамында су мол болады, сондықтан жас үлғая келе организмдегі су мөлшері азая түседі.
Су торшаның тіршілік етуі үшін қажет загтың бірі. Ол цитоплаз-маның негізін қүрайды, оның қүрылымының сақталуына, қүрамын-дағы коллоидтардың түрақтылығының сақталуына жағдай туғызады.
Денеде химиялық таза су болмайды. Ол не минералды заттармен, не коллоидтармен байланыста болады. Денеде су не торша қүрамын-да, не одан тыс орналасады. Қан плазмасы, үлпалық сүйық және лимфа қүрамындағы су торшадан тыс орналасқан су фракциясын түзеді. Денедегі судың жалпы мөлшерінің шамамен 70 пайызы тор-ша ішінде, 30 пайызы одан тыс орналасады.
Торшадағы судың маңызы оның химиялық және қүрылымдық қасиеттеріне, атап айтқаңда, молекулалық мөлшерінің ықшамдығы-на, зарядталғыштығына жөне бір-бірімен сутектік байланыстармен біріге алатын қабілетіне байланысты.
Су молекуласының зарядталғыш және сутектік байланыс түзгіш қабілетімен байланысты ол зарядты заттар үшін жақсы еріткіш бо-лып табылады. Ионды қосылыстардың зарядталған бөлшектері (ион-дары) суда бір-бірінен ажырайды да, ериді. Кейбір иондалмаған, бірақ молекуласында зарядталған топтары бар қосылыстар да (қант-тар, амин қышқылдары), қарапайым спирттер де (ОН» тобының болуына байланысты) жақсы ериді. Су барлық химиялық реакция-лар жүретін әмбебап орта болып табылады. Сонымен қатар барлық ыдырау (гидролиз) және тотығу-тотықсыздану реакциялары судың қатысуымен жүреді.
Судың жылу сіңіргіштік қасиеті зор болады. Денеде жиналған жылу судың температурасын онша көтере қоймайды, себебі жылу энергиясының көп мөлшері су молекуласының қозғалыстарын шек-теп түратын сугекті байланыстарды үзуге жұмсалады. Судың жылу сыйым-дылығының зор болуы үлпаларды қатты қызып кетуден сақтайды.
Суға жақсы жьшу өткізгіштік қасиет төн. Бүл жьшудың дененің әртүрлі боліктерінде бірдей таралуына мүмкіндік береді. Судың беттік керіліс күші де үлкен болады. Оның бүл қасиеті түту процесі-нің атқарылуы, ерітіңділердің үлпалармен жьшжуы үшін (мысалы, қан айналым) қажет.
Организмде судың үш түрі болады: 1) еркін, байланыспаған су. Ол торша мен торшааральгқ қуыстағы органикальгқ және бейоргани-калық заттарды.ерітеді; 2) байланысқан су, ол коллоидтар қүрамына еніп, олардың ісінуін қамтамасыз етеді; 3) гидраттық су, ол органи-калық заттар қүрамына еніп, солар тотыққанда болінеді.
Организмде су бірде кобейіп, бірде азайып отырады. Соған қарамастан қанның осмостық қысымы әркез түрақты деңгейде сақталады, себебі денедегі су үздіксіз алмасып, оның молшері реттеліп отырады. Ас қорыту жолынан су қанға сіңеді, сондықтан сүйық коп қабылданған жағдайда қан қысымы котерілу керек. Қалыпты жағдайда мүндай ауытқу болмайды, өйткені судың ар-тық молшері қаннан организмдегі су мен минералды заттар қой-масы болып табылатын тері шеліне отіп кетеді де, тым артық мөлшері тер мен зәр қүрамында сыртқа шығарылады. Су тапшы болған жағдайда су қоймаларындағы судың есебінен оның қан-дағы қалыпты деңгейі сақталады.
Организм қабылдаған су қанға оңай сіңеді. Ол бауырдан отіп, бүкіл денеге тарайды да, алдымен торшааралық қуысқа, одан әрі торшаға отеді. Торшаның суды сіңіруі осмос ықпалымен су концентра-циясының градиентіне байланысты жүреді. Торшалардан шыққан су үлпалық сүйық пен лимфа арқылы қанға өтіп, бөлу ағзалары әрекетімен сыртқа шығарьшады. Организмде су осмостық және он-костық қысым деңгейіне байланысты алмасып отырады.
Организмге су ауыз су түрінде жөне қорек күрамында келеді. Қорек қүрамындағы су белоктар, кемірсулар, майлар тотыққан кезде белініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы дейді. Денеде 100 г белок тотыққанда — 41 г, дәл осындай мөлшерде көмірсулар мен майлар тотыққанда тиісінше 55 және 107 г су белінеді. Ал, организм қабылдайтын ауыз су молшері ауа райының жағдайына, қорек сипа-тына, жасқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отыра-ды. Мысалы, жас организм толысқан организммен салыстырғанда суды 3 — 4 есе көп қабьшдайды. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды да, шамамен зәр қүрамында 1,5 л, нәжіспен — 0,1-0,2 л, термен — 0,5 л, екпе арқылы — 0,3-0,4 л су беледі. Желінген азықтың өрбір килограмына шаққанда жылқы мен қой — 2-3 л, сиыр -4-5 л, шошқа — 7-8 л су ішеді.
Су мен электролиттердің торша мен торшааралық кеңістікте және организм мен қоршаған орта арасында таралуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығын су мен түздар алмасуы дейді. Су мен түздар алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүл процесс ішкі ортаның осмостық қысым мен сутектік керсеткіші деңгейінің түрақтылығын, диффузия жөне осмос қүбылыстарын қамтамасыз етеді, қорекгік зат-тарды сіңіру, қажетсіз өнімдерді белуде маңызды рөл атқарады. Сон-дықтан бүл процестің реттелуінің маңызы зор.
Су мен түздардың алмасуын реттейтін орталық аралық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Орталықта денедегі электро-литтер концентрациясьшың өзгерістерін сезінетін ерекше осморецеп-циялық торшалар болады. Осы торшалардьщ қозуы салдарьшан нервті-рефлекстік немесе гуморальды жолмен бөлу мүшелерінің әрекеті езгеріп, ауытқыған қысым қалпына келтіріледі.
Орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларьш торт түрлі рецеп-торлар хабарлап отырады. Олар ауыз қуысының кілегейлі қабығын-дағы рецепторлар (кебірсіну салдарынан тітіркеніп, шолдеу түйсігін тудырады), қарьшньщ кілегейлі қабығьшдағы барорецепторлар (қарьш қабырғасының ісінуі немесе семуі салдарынан тітіркеніп, шолдеу түйсігін тудырады), үлпалар осморецепторлары (үлпадағы осмостық қысым деңгейінің өзгерістерін хабарлайды), тамырлар қабырғасын-дағы толым (волюм) рецепторлар (тамыр арнасындағы қан мөлшерінің езгерістерін сезінеді).
Организмдегі су мен минералды түздардың алмасуын реттеуде ва-зопрессин қүрамына енетін антидиурездік гормон (АДГ) маңызды рол атқарады. Бүл гормон гипоталамустың паравентрикулярльгқ және супраоптикалық ядроларында түзіледі де, гипофиздің артқы бөлігінде жинақталады. АДГ бүйрек түтікшелерінің қабырғасыңдағы гиалуро-нидаза ферментін белсендіреді. Осыдан түтікшелер қабырғасы эпителийінің торшаларын біріктіріп бекітетін гиалурон қышқьшы үйексізденеді (деполяризацияланады) да, түтікше қабырғасының әткізгіштік қабілеті жоғарылап, кері сіңіру (реабсорбция) күшейеді, сондықтан судың болінуі азаяды. Су мен минералды заттардьщ алмасуьш реттеуде бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін альдостерон гормонының да маңызы зор. Ол бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі янтарь қышқылының дегидрогеназасын белсендіріп, натрийдің кері сіңірілуін күшейтеді. Бүйрек үлпасыңда натрий концентрациясының жоғарылауынан он-дағы осморецепторлар тітіркенеді де, вазопрессиннің (АДГ) синтезделуін күшейтіп, судың денеде сақталуын жақсартады. Ал, альдостеронның бөлінуін реттейтін бірнеше механизм бар. Оның болінуін гипофиздің адренокортикотропты гормоны (АКТГ), гипо-таламуста түзілетін адреногломерулотропин, бүйректе синтезделетін ренин күшейтеді. Минералды кортикоидтар организмдегі үлпалық сүйықты кобейтіп, сыртқа натрийдің болінуін азайтады, калийдің бөлінуін арттырады.