Ептілік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаңа күделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілеттілігін – ептілік дейміз.
Ептілікті дамыту кезінде біз мынаай үш міндетті орындауымыз керек. 1. Күрделі қимыл қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделілендіре отырып жетілдіру. 2.Қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында). 3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай отырып қабілеттілігін арттыру.
Адамның жаттығуды үлкен амплетудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік деп атаймыз.
Өсу және даму барысында балалар қозғалысының негігі сапасы және үйлесімділік қабілеті қалыптасады. Жас кезеңдерінде олардың тиімді және нәтижелі өтуіне өзіндік сезімтал кезеңдері сәйкес келеді. Ол әрбір бұлшықет әр түрлі мерзімдік (гетерохронды) өтеді. Мәселен жазғыш бұлшықеттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғары дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілу жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды. Ол 25-26 жаста аяқталады.
Саусақ бұлшықеттерінің күші 7 жаста 12-13 кг: 10 жаста –17-20 кг: 14 жаста –27-35 кг: 17-де 31-48 кг.
Бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста 31-34 кг, 10д жаста 38-42 кг, 14 жаста –53-54 кг болады.
Қозғалыс істерінің жылдамдығы дамуы 4-5 жаста басталып, 14-30 жаста ең жоғары сапасына жетеді, сезімтал кездері 6-14 жаста байқалады.
Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік жеті қимылдар жасай алмайды. Мұндай әрекеттік қимылдар 6-7 жаста басталып 25-30 жаста максимумға жетеді, оның сезімтал кезі 11-16 жаста бастлады.
Ептілік — дәл қимыл жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17- жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.
Бұлшықеттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балалар қзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдалықтың жоғары сапасы 25 жаста аяқталады.
Бұлшықеттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.
Икемділіктің сезімтал кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады.
Гипокенезия мен гиподинамия дененің даму екпінін өзгертеді.
Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді. 30 жастағы адамдарда аз қозғалысты өмір сияқты бұлшықеттің күші мен көлемі азаюына әкеледі. Еркектерде бұл үрдіс андрегендердің азаюына сәйкес келеді.
Қартаю кезінде ерікті қимылдарды, дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуімен қатар жүреді.
Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әсердленістерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар байқалады. Мұның барлығы қарт адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Сондықтан олардың дене жаттығуларының және спорттық қимылдарының көп ерекшеліктері болады.Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады. Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуатының қасиетіне-күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, ептілік жатады.
Күшті дамыту әдістемесі – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегімен оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі-дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы, жалғыз қимыл жылдамдығы, қимыл жиілігі.
Төзімділік және оны дамыту әдістемесі— адамның жұмысты ұзақ, қарқынан азайтып орындай алуын төзімділік дейміз.
Адамға берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ету уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз. Төзімділікті анықтаудың, түзу және жанама деген екі әдісі бар.