Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын білу қажет.Мыс: оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білу, спорттағы бағдау мен іріктеуге белсене қатысуы сонымен қатар жаттығулардан қалмауы, білімін жан жақты жетілдіру түсуі тиіс.
Спорт түрлері бірнеше бағыттарға бөлінеді:
1.Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып ,тарта білу.
2.Спорттық жаттықтыу процесі
3.Жарыс түрлері.
Спортшылар спортқа жан тәнімен берілуі қажет.Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса, онда ал сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.Жаттығулардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге жұмыс істеуі қажет. Қабілеттілік- баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл- әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.Спорттағы дарындылық дегеніміз –бала қабілетінің оның анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі.Сол арпқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.Адамның қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғалданудан қанағаттануын, ескертетін сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады. Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері ,радио, телидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б. спорт туралы кеңес, әңгіме.
Физиологиялық ерекшеліктер.
Адамдар нерв жүйелеріне байланысты,мықты және әлсіз психологиялы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бір қалыпты,ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде әлсіз жүйке жүйелі спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген.Жүйке жүйесінің күштегі қозу процесінің ұзақ сақталуына қозу және тежелу процестерінің теңдігіне байланысты. Жүйке жүйесі әлсіз спортшылар қозу процесі тежелу процесінен көбірек болғандықтан олар тез шаршамайды.
Бірақ, кейбір спорт түрлерінен өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мыс: спортшылардың жүйкесі әлсіз, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі әлсіз адам боксте , семсерлесуде т.б. Осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің ,осы ерекшеліктеріне туа бітер қажет, ол жаттықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктекуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн. Физиологиялық ерекшеліктер.организмнің қозғалысын ғана емес, вегетативтік жүйкесінің сипаттамасын да көрсетеді.Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы дерттейміз.
Ол деңгей неғұрлым , жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады.
Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30% көтере алатын. Ғалымдарсыз дәлелденіп отыр. Сондықтан спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет.
Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексереді.
Тұқым қуалаушылық факторлары.
Қазіргі кезде осы факторларға ерекше назар аударылып отыр.Адам организмінің құрылысы ,салмағы ата- анадан балаға тұқым қуалаушылық арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс қабілеттілігінің арасында байланыс бар екені белгілі.
Спорт түрін таңдау себептері.Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға ,өзіне сенімділікке, мықты, күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қылып мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады.
Балалардың спорт түрін таңдауына жалпыламы үгіь, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата аналарда баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне ақыл кеңес берілетіні жөн.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау көптеген және әр түрлі амалдар қолданады;
1.Жарыс- бұл амал ресми және әр түрлі амалдар қолданады.
2.Жаттықтыру – спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3.Бақылау сынақтары-жаттықтыру кезінде қолданылынатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу
4.Адам организмін зерттеу- баланың қабілеттілігін әр түрлі аппаттар арқылы тексеру.