Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып. Оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет
Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді а) гимнастикалық жаттығулар: ә) ойын жаттығулары: б) туристік жаттығулар в) спорттық жаттығулар-спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.
Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар күш жылдамдығы жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады, төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар, үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар, икемділікке арналған жаттығулар, комплексті қмылды талап ететін жаттығулар.
Жаттығуларды білім деру мақсатына қарай топтау: негізгі жаттығулар Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін жаттығулар., дайындық жаттығулары.Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар, жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл- әрекеттер.
- Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне , кеуде бұлшық еттеріне , аяқ-іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
- Қозғалысқа арналған жаттығулартобы:а) циклді жаттығулар (жүру, жүгірут/б), циклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика , жеке сайыс т/б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулар бар спорт ойындары.
- Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау а) өте жоғары қарқынмен орыедалатын жаттығуларб) қатты қарқанмен орындалатын жаттығулар. в) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар
Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар: Жаттығулардың адам органзміне әсер етуі әртүрлі себептерге байланысты: оқыту процесі екі жақты –ұзтаз оқытады , оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығуларың әсер ету сипаты бойынша , ақылына, білім деңгейіне , қимыл дағдысына , дене қуатына ынтасына байланысты.
Ғылыми факторлар: -адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі .
Әдістемелік факторлар- жаттығуларды қолданар кезде ескеретін талаптар.Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына , жаттығуларды орындау уақытына , орындау қарқынына, демалыс түріне байланысты.
Санитарлық – гигиенаылық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығулары адам организміне тиімді әсер етуі үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін сақтап, жаттығатын орынды , спорт алын санитарлық нормада ұстау керек.