ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ БАНКИНГІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

 

Бүгінде әлем елдерін ипотекалық несиеден бастау алған қаржы дағдарысы созылмалы экономикалық тығырыққа тірегені жапатармағай жазылып, дуалы ауыздар тарапынан талданып жатыр. Несиеге өмір сүруге дағдыланған дамыған елдер тұрғындары банктер мен өзге де қаржы мекемелерінің өркендеуіне жол ашты. Өсімқорлық капиталы арқасында олар «ақшадан-ақша» жасады. Нақты айтсақ, бұл банктер – өсімқорлыққа құрылған бүгінгі Еуропа банктері. The Financial Times газетіне берген сұхбатында Германия канцлері Ангела Меркер соңғы айларда әлемнің орталық банктері қаржы дағдарысына төтеп беру үшін базалық мөлшерлемелерді кеміткенін, мұның өзі шамамен бес жылдың көлемінде қайтадан дағдарысқа әкелуі мүмкін деген болатын. Еуропалық экономикалық жүйе созылмалы дертке ұшырағандығына осы пікір дәлел бола алады. Сан ғасыр айдарынан жел ескен осы Еуропа банктерінің басынан бағы тая бастағанын көрген, бұған дейін еуропалық экономикалық жүйеден, батыстық банк ісінен өзгені біле бермеген «кәрі құрылық» пен посткеңестік елдер жұртшылығының назары рухани құндылықтарға арқа сүйейтін «исламдық экономикалық көзқарасқа» ауа бастады. Адамзаттың келешек дамуын ислам экономикалық және рухани құндылықтар жүйесі негіз қалайтыны ашық айтыла бастады. Осы ахуалға ой жүгірткен ғалымдар мен талдамашылар алдағы бес-алты жылда әлемдегі экономикалық саясат түбегейлі өзгеріп, жаңа қаржы жүйесі өмірге келетіні туралы тұжырым жасауда. Ол қандай жүйе?.Бұл жүйеде өсімқорлыққа тыйым салынып, мұрагерлік шариғат бойынша айқындалады және зекет тұрақты төленіп отырады. Ислам қаржы жүйесінің қазіргі еуроцентристік басым экономикалық модельден негізгі айырмашылығы – қарыз пайызының болмауында. Өйткені, бұл жүйенің басты мақсаты пайда табу емес, қоғамның және жеке адамның қажетін өтеу, соған қызмет ету.

Қаржы нарығын және қар­жы ұйым­дарын реттеу мен қада­ға­лау агенттігі қазақстандық екін­ші деңгейлі банктердің айна­лы­мын­дағы 18 трлн. теңгенің тең жартысы жұмыс істемей жатқанын, ондағы күмәнді несиелердің алатын үлесі 30 пайыз, үмітсіз несиелердің үлесі 20 пайызға жеткендігін жариялады. Ал 2013 жылғы айналымдағы қаражат 2005-2007 жылдың мәліметтерімен деңгейлес. Ал еліміздегі алғашқы ислам банкінің портфелінде бір де бір күмәнді несие жоқ. Дәстүрлі банк саясатын алайық. Мысалға, сізге ипотекаға үй алу керек дейік. Қазір бұл қалай жұмыс істейді: сіз банкке барлық құжаттарды жинап апарасыз, келісім-шартқа отырасыз. Сіз пәтердің құнының белгілі бір мөлшерін (әр банктің шарты әрқалай) алдын ала банкке бересіз, банк қалған сомасын толықтырып, үйді сататын кісіге береді. Қарыз сіздің мойныңызға жазылады, ал пәтердің өзі банкке кепілдікке беріледі. Сіз екі-үш жыл төлеп, одан кейін белгілі бір жағдайлармен төлемдерді жалғастыра алмай қалатын болсаңыз, банк пәтерді өзіне алып алады. Көп жағ­дайда дәстүрлі банкинг жүйе­сінде қала тұрғындары сана­тын­дағы тұтынушыларға оң көз­бен қарайтыны жасырын емес. Қа­лалық пәтер адам тұрып жатса да кепілге алынады. Ал, ауылдық жер­дегі үйді кепілге қойғысы кел­се қабылдамайды. Ең нашар жері, халқымыздың 45 пайызы ауылдық жерде тұрып жатыр. Дәстүрлі банктің клиент ала­лауын, тең дәрежеде қызмет көр­сет­пей­тіндігін байқауға болады. Эко­номика барлық адамға бірдей қызмет көрсетуі тиіс, тең жағдай жасауы керек. Ел банктері нарықтан сұраныс түсуде, экономика өсіп жатыр деген желеумен ипотекалық несие беруді еркіне жібере салды. Міне, осы тұрғыда ислам банкі жүйесінің артықшылығын айтатын болсақ, исламдық банктер ешкімге біз білетін түсініктегідей несие бермейді. Яғни қазіргі банктердегі сияқты құжат толтырып, қолыңызға ақша ұстатпайды. Сіз белгілі бір жағдайда ипотека несиесін ары қарай төлей алмасаңыз, исламдықбанк пәтерге клиентімен біргеортақтасаалады. Ол пәтердеекеуінің де үлесіболады, яғни екеуіде үлестікменшік иелері болыптабылады. Сізсолүйде тұрып банкке жалтөлептұрасыз, сол төлемдердіңбірбөлшегібанктің табысы болса, бірбөлшегібанктің үлесін сатыпалуғакетіпотырады. Сізтөлемдерді жалғастыра берсеңіз, банктіңпәтердегіменшіктік үлесіазая береді. Сосынмысалға сізтөлемейтін жағдайға тапболған кездебанкпенбіргеол пәтерді сатып, өз үлесіңізге түскен

Кесте 2

Ислам және дәстүрлі банкинг арасындағы негізгі ерекшеліктер

Сипаттама Исламдық банкинг Дәстүрлі банкинг
Пайыз ставкасы жоқ бар
Спекулятивті мінез құлық жоқ бар
Тәуекелді бөлісу бар жоқ
Экономиканыңнақтысекторына бағытталу жоғары төмен
Әлеуметтікбағытталу жоғары төмен
Банктің келісімшарттыөзгерту құқығы жоқ Бар

Сондықтан бүгінгі таңдағы әлемдік қаржы дағдарысы тұсында басқа да қаржыландыру көздерін табу жолымен Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселесі өткір күйде тұр. Бұндай қаржыландыру көзі ретінде ислам қаржы-несие институттары бола алады. Олардың нарықтағы ұсынып отырған құралдары мен қызметтері ел экономикасын несиелеудің альтернативті формасы ретінде және инвестиция тартудың қосалқы тетігі болып табылады. Ислам банкі жүйесінің ел экономикасына дендей енетін күні алыс емес. Осы орайда, исламдық қаржыландырудың тұтас экономикамызға берер пайдасы қандай деген сұраққа жауап беру үшін алдымен оны терең түсінуіміз қажет. Дәс­түрлі банкинг жүйесіндегі сая­саттан айырмашылығы, ислам бан­кин­гінің принциптерінің бірі – адам­гершілік пен адалдық.

2-кесте

Исламдық қаржы өнімдерінің ерекшеліктерін күшті және әлсіз жақтарын көрсету арқылы ашып көрсетуге болады

     

Банктік өнімдер Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Келесідей түрдегі кәсіпкершілік қызметтерді қаржыландыру:    
Коммерциялық несие ұсыну арқылы сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру Төлем сомасы клиентке алдын-ала белгілі Қолма-қол ақша алу мүмкіндігі жоқ, себебе исламдық банк белгілі активті сатып алады да клиентке үстеме бағамен кейін төлейтіндей сатады
Серіктестік шартында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арықылы өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру 1. Исламдық банк пен клиент серіктес ретінде қатысады Клиентпен бірге исламдық банк жобаны іске асыруға қатысады
2. Исламдық банк те клиент те жобаның табыстылығына мүдделі болады
3.Пайда алдын-ала келісілген қатынаста бөлінеді
4. Екі жақта салынған қаражат мөлшерінде зиян шегеді
Лизинг шартында инвестициялық қызмет көрсету (жалға беру) Лизингтік төлем сомасы алдын-ала клиентке белгілі Лизинг бойынша сатылып алынатын мүлік исламдық қаржыландыру қағидасына сәйкес келуі тиіс

Исламдық қаржыландырудың артықшылықтары ретінде келесілерді қарастыруға болады:

  • қаржыландырудың баламалы көздерін тарту мүмкіндігі;
  • Таяу Шығыс елдерінде өтімді капиталды жинақтау;
  • мәмілелер сенімділік, ақиқат, әділеттілік және тарнспаренттілік қағидаларына негізделген;
  • жобаларда табыс пен тәуекелді өзара бөлісе отырып, мәміленің барлық тараптарының бірлесіп қатысуы;
  • қаржы ағымдары нақты активтерге бекітілген;
  • алып-сатарлықтың болмауы;
  • өндірістік қуаттарды, инфрақұрылымды дамыту.

Ислам қаржылық институттары дағдарысқа қарсы тұра алатындығымен әлем назарын аудартты. Оның басты себебі, шариғат бойынша ислам банкингінде қаупі жоғары активтерге, жоғары тәуелділікті ипотека мен деривативке инвестиция салуға тыйым салынған. Исламдық қаржыландырудың жаһандық өндірісінде 1 трлн. 300 млрд. доллардан астам қаржы айналады екен. Әлемде исламдық қаржыландырудың жүйе ретінде қалыптасқанына 40 жылдан астам уақыт өтсе де, біздің елімізде ол енді ғана аяққа тұрып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан отандық нарыққа ислам қаржысын ендіру болашағы мен мәселелеріне деген қызығушылық танытып отыр. Қазақстанда 2009 жылдың ақпан айында ислам банктері мен исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі тиісті заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ал 2010 жылдың тамыз айында республикада исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы бекітілді. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде алғашқылардың бірі болып заңнамалық деңгейде исламдық қаржыландыруды енгізді.

2011 жылы Астанада өткен Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында Елбасы ислам экономикасын дамыту барысында әріптестікті жолға қою шаралары қабылданғанын жеткізген болатын. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында: отандық қор нарығын жұмыс істету керек, 2020 жылға ТМД және Орталық Азия кеңістігінде ислам банкингінің аймақтық орталығы болып, Азиядағы жетекші қаржылық орталықтардың ондығына кіру керек деген болатын.1963 жылдарда Египетте «Мит Гамр Банк» -алғашқы ислам банкі құрылғаннан өзінің Ресми бастауын алатын исламдық қаржы қарқынды дамуын әлемдік қаржылық дағдарыста да дәлелдеп шықты.

The Banker «Top 1000 World Bank Rankings» мәліметтеріне сүйенсек 2006-2009 жылдар аралағында исламдық қаржыландырудың өсу қарқыны 27,86 %-ды құрайды.Әлемдік исламдық қаржы активтерінің ең үлкен үлесі Парсы шығанағындағы бірлескен араб елдерінің Кеңесіне тиесілі (Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Катар, ОАЭ) — 42, 9%, немесе 353,2 млн. АҚШ доллары. Иран өзбетінше жеке исламдық қаржы активтерінің мөлшері бойынша көшбасшы болып табылады, үлесі 35,6 %.Таяу Шығыстан бөлек, жетекші орынды Малайзия (10,5 %) мен Ұлыбритания (2,5%) иеленеді. Сондай-ақ халықаралық исламдық қаржылық құрылымдар арқылы исламдық қаржы құралдарын қолданатын елдер топтарына АҚШ, Франция, Испания, Дания, Люксембург, Австралия, Германия, Кайман аралдары, Жапония, Сингапур, Тайланд, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғыстан, Ресей және Түркия жатады.

Қаржылық қызметтердің әлемдік нарығында исламдық қаржыландыру1 %-ды құрайды және Шариғаттың алып-сатарлыққа, хэджирлеуге және баланстан тыс шоттарға қатысты қатаң тиымдарына қарамастан, бүкіл әлем тарапынан инвесторларды тартуда. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының) ақпараттарына сай бүгінгі таңда исламдық қаржылық ұйымдар клиенттерінің 50 %-ы мұсылман емес елдер болып табылады. Қазіргі ғылыми талпыныстар ислам экономикасы институттарына мұсылман емес қатысушыларды тартудың теориялық негізін қалауға бағытталуда.
Батыс елдерінің қазіргі заманғы нарықтық қатынастарында нық орынға ие ислам банктері, қаржы институттары, сауда кәсіпорындары мұның жарқын мысалы.Замана желінің өтінде қалған батыстың қаржы-несие жүйесіне балама ретінде ислам банк құралдарын қолдану идеясын мұсылманшылықтың жалпы өрлеуі, еуропалық экономикалық, қаржылық жүйенің күйреуі, еуропалық (христиандық) құндылықтардың күйреуіне әкеле ме, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Бір ғана нәрсе ақиқат – әлемдік экономика мен әлеумет адамгершілік мұраттарына негізделуі тиіс. Ал, ислам жүйесінде бұған қажетті алғышарттардың барлығы да көрініс тапқан.