Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде

Физиология – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзаларды және клеткаларының әрекеттерін , фунцияларын зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді Сонымен қатар ол функцияларды жас кезеңдеріне байланысты онтогенезжәне эволюциялық даму барысында байқылайды.

Спорт физиологиясы адам физиологиясы пәнінің бір бөлігі болып есептелініп дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданғанда пайда болатын физиологиялық өзгерістерді анықтау және бұлшықет жұмыстарының организмге ыңғайлы әсерін көрсету жолдарын белгілеп беруді мақсат етеді.

Спорт физиологиясы физиологилық заңдар негізінде дене тәрбиесінің түрлі формалары әдістерінкөбінесе спорттық жаттығулар жасауда қолданылады.

Спорт физиологиясы өз зерттеу жұмыстарында адам жанын физиологиялық тұрғыда көрсетілген дәлелдерге негізделеді. Спорт жөнінде физиологтар организмнің денесі жұмысқа деген реакцияларын табиғат жағдайында алынған мәліметті қарастырады

Бұл пән жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі. Спорттық физиология курсында екі жағдайды бөліп қарастырады — спорттық жағдайдағы физиологиялық күйі, ағзаның спортпен шұғылданғандағы физиологиялық бейімделуі.

Спорт физиологиясының басты мақсаты- спорт ойындары, жаттықтыру сабақтары барасында ағзаның дұрыс және қалыпты дамуы. Бұл пәнге үлес қосқан ғалымда р А.Н. Крестовникова “ Дене шынықтыру физиологиясының очерктері” (1951), В.С. Фарфеля “ Спорт физиологиясы” деген еңбектері бар. (1960).

“Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері” пәнін оқып үйренуге “Спорттық морфологияѓа негізделген анатомия”, “Мамандану”, “Дене шынықтыру мен спорт биохимиясы”, “Адам анатомиясы мен физиологиясы” , “Жасқа сай физиологиясына негізделген адам физиологиясы”, “ “Педагогикалық жєне жаттықтыру практикасының єдістемелік негіздері”. пєндерімен тығыз байланысты.