Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің көрінісі, кейпі, оның тіршілік формасы қалыптасады.
“Тіршілік формасы” деген терминді бірінші рет Варминг (1884ж) ұсынды. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтің вегетативтік денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Сол уақыттан бері бұл терминнің көптеген анықтамасы және тіршілік формаларының әртүрлі жүйелері ұсынылды.
Экологиялық факторларды абиотикалық және биотикалық антропогендік факторларға бөлінеді : негізгі, басты экологиялық факторлар бір – бірімен тығыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.
Белгілі фактордың екі мөлшері (максимум, минимум) биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының (tolerant – шыдамдылық) шекарасы болып табылады. Түрлер стенобионттар және эврибионттарға бөлінеді.
Стенобионттар (stenos – тар, bios — өмір) ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайында өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделу.
Эврибионттар (eurus – кең және bіоs — өмір) әртүрлі жағдайда өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімдеушілікке ие организмдер. Эвритермді түр – температураға қатысты болып, кең амплитудалы жағдайда өмір сүре алады. Стенотермді – температураның өзгермейтін қысыққа жағдайында өмір сүре алады.