Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Егерде қазіргі кездегі бар, нақтылы фитоценоздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процесін қарастыратын болсақ онда, ол онтогенетикалық тұрғыдан қарау болып табылады.Субстраттар алғашқы немесе бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге бұрын ешуақытта өсімдіктер болмаған , ал екіншіге өсімдіктері ортаның күшті әсерінен жойылып кеткен субстраттар жатады. Екінші субстраттардакейде жойылған фитоценоздың вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, ал бірінші де — өсімдіктердің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі.
Топтала теңбілденген қауым. Субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте-бірте олардың жақындасуына, тамырларының немесе бұтақтарының және жапырақтарының тығыз тұтасып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Диффузиялы қауым. Диффузиялы қауымның алғашқылардан айырмашылығы ол популяциялардың азды- көпті біркелкі таралуы.
Фитоценоздың және биотоптың қалыптасуы кезінде биотоптық немесе фитоценотикалық іріктеу басталады.Клементс фитоценоздардың қалыптасуында мынадай фазаларды ажыратты:
1.Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы
2.Эцезис
- Агрегация
- Инвазия
5.Стабилизация.
Бұл процестердің барлығыда ортаның өсімдікке және өсімдіктердің ортаға әсер етуі мен, ал агрегация және инвазия фазаларында өсімдіктердің бір-біріне әсер етуімен қатар жүріп отырады.