РНК-да ДНК тәрізді нуклеотидтерден тұратын күрделі зат. ДНК –ға қарағанда РНК бір тізбекті болып келеді. РНК –ның иілгіш тармақталған жібі тізбектегі сутектік байланыстар арқылы бір – бірімен әрекеттесіп, бұралып, молекула ішінде екі оралымды учаске құрады. Бұл құрылым “жоңышқа жапырақтары” немесе “беде жапырақтары” деп аталады. Нуклеотидтері де төрт А,Г,Ц,У түрлі болады. Бірақ азоттық негіздеріндегі айырмашылығы : тиминнің орнына урацил орналасады. РНК – ның тағы бір ерекшелігі : олардың құрамында көмірсутек / қант/ рибоза болады. Рибонуклеин қышқыл ядрода, көбінесе протоплазмада кездеседі.Тірі клеткаларда РНК –ның бірнеше түрлері бар хабарлаушы информациялық и – РНК , тасымалдаушы /транспорттық/,т — РНК/ және рибосомалық р – РНК.Бұлар бір –бірінен құрамы, молекулалық массасы және атқаратын қызметі жағынан әр түрлі. Бұл РНК – ның әрқайсысы белоктар биосинтезінде ерекше роль атқарады.РНК –ның молекуласының біріншілей құрылымы дегеніміз ондағы нуклеотид қалдықтарының белгілі ретпен кезектесіп орналасуын айтады.
РНК –ның екіншілейқұрылымы – оның полинуклеотидтік тізбегінің орамдалған түрі.
РНК- ның үшіншілей құрылымы сыртқы орта жағдайына /тұздар концентрациясы, температура / байланысты бір тізбектің кеңістікте ретсіз немесе доп- домалақ болып, не тығыз таяқша тәрізді түрінде орналасуын айтады.
Үш азотты негіз — аденин, гуанин, цитозин нуклеин қышқылдарының бәріне ортақ болып келеді. ДНК –ның құрамына тимин, ал РНК –ның құрамына урацил кіреді.
ДНК – ның құрамында дезоксирибоза, ал РНК –да рибоза болады. Нуклеин қышқылдары құрамындағы пентозаның атына сәйкес дезоксирибонуклеин /ДНК/ және рибонуклеин /РНК/ болып аталады.
ДНК- ны тек клетканың ядросынан, ал РНК –ны цитоплазмадан да, ядродан да кездестіре аламыз.
ДНК клеткада генетикалық информацияны сақтаушы қызметін атқарады. РНК белок биосинтезіне қатысады.
ДНК молекуласы қос оралым болса, РНК бір тізбектен тұрады.