Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасының 100 элементінің 27-сі тірі организмдер құрайтын элементтер болып табылады. Химиялық қосылыстардың ішінде организм үшін судың маңызы ерекше.
Химиялық таза су иіссіз, дәмсіз мөлдір сұйық болып келеді. Су молекуласында 11,19 % сутек және 88,81 % оттек бар. Судың молекулалық массасы 18, 016, қату нүктесі –00С, қайнау шегі –100 0С, судың тығыздығы +4 С0 –да
1г /см3 –ге тең.
Судың көптеген органикалық және минералдық заттардың өте жақсы еріткіші болуы, оның молекуласының құрылымымен байланысты. Су органдарда, тканьдерде, клеткаларда бос, гидраттық және иммобильдік күйде болады. Бос су көптеген биологиялық сұйықтықтардың / қан, лимфа/ негізін құрайды. Клетка құрамындағы биополимерлер ерітіндіде коллоидтық қасиет білдіреді. Олар судың біраз мөлшерін өздеріне тартып, оларды электростатикалық күшпен, немесе Н – байланыс арқылы ұстап тұрады. Судың бұл қабаты гидраттық деп аталады. Клетка ішінде гидраттық қабықшаның құрамына кірмейтін суды иммобильдық су деп атайды.
Минералдық заттарға Д. И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі жүзден аса элементтер жатады. Осы кестедегі төрт элемент – сутек, көміртек, оттек және азот- органикалық элементтер деп аталып, бүкіл органикалық қосылыстарды түзеді. Көлемі жағынан ең көп кездесетін алғашқы жеті минералды элементті ғылымда макроэлементтер деп атайды. Ол гректің “макрос” – көп, үлкен деген сөзінен шыққан. Макроэлементтерге жататыны мыналар – Са, Мq, K, Na, P, Cl және т.б.