Зоология бөлімі
Оқу тәжірибелік учаскесінде кейбір мектептерде көгершін ұяларын орналастырады. Көгершіндердің алуан түрлері жануартану, тәнтану, тіршіліктану пөндерінен бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу үшін қажетті.
Практикалық жұмыстар, тәжірибелер жүргізу үшін үй қояндары (тордың ішінде), тауыястао (вольер л ерде) өсіріледі.
Жануарлардың осімдіктермен тікелій байланысын анықтау үшін, өсімдіктердің әртүрлі бөлімдерін пайдаланады.
Көкөніс бөлімінде инсеқтарийлердс кейбір ауыл-шаруашылығының зиянкестеріне бақылаулар жүргізіледі.
Ол сияқты жеміс-жидек бөлімінде де дәкеден тіккен қапшықтар мен ілінген инсектарийлерде жеміс ағаштарының зиянкестерін бақылаулар жүргізіледі. Тоған орналасқан бөлімінде гидралар, үлулар, балықтарды көбейтеді. Жануарлар бүрышында бақаларды, қүрбақаны, кесірткелер мен жыландарды қоныс-тандырады.Метеорология станциясын өсімдіктер биологиясы бөліміне немесе егістік-өсімдіктер бөліміне орна-ластырады.
Учаскені жабдыцтау
Барлық жүйедегі отырғызу жүмыстарын жүзеге асыру үшін 0,25 тен 0,5га жер ауданы қажет. Шағын учаскенің жүмысын үйымдастырын, үқыпты үстау, жүмыстар жүргізу жеңіл болады.
Учаскеде топсеруен, сабақ өткізу үшін түпкілікті жолдар болуы шарты: ортаңғы жолдың өлшемі көлденеңі 1,5-2 м ал бүйіржолдың көлденеңі 1-1,5 м. Жолдарды шаған тастармен немесе кірпіштің үсақта-рымен жақсылап таитап, үстіне қүм сеуіп екі шетіне қарай ыддилатып тегістейді.
Бүл жағдай топ серуенді күзде, көктемде өткізуге ыңғайландырады. Учаскедегі сабақтар өткізу үшін, бір жерден екінші жерге оңай ауыстырылатын орындықтар жасау керек.
Учаскеде төбесі жабылған бөлім болғаны дүрыс. Жаңбыр кезінде оқушылар жабынның астына тығылады, күзде жабын үстінде өсімдіктерді кептіреді.
Оқу-тәжірибе учаскесінде күрал-саймандар сақталатың шағын сарай болуы қажет.
Учаске әр-түрлі белімдермен біртүтас жүйелілікті көрсстеді. Жоспарлау кезінде оқушыларды қызықтыратындай және тәрбиелейтіндей, оның эстетикалық, көркемдеу жағына аса кеңіл бөлген жөн.
Тапсырмалар
Масштаб бойынша ауланың берілген өлшемімен мектептік учаскесінің жоспарын сызындар. Жоспарда оқу-тәжірибе учаскесінің барлық бөлімдері көрсетілсін.
Белгілі тақырып бойынша тәжірибелердін жоспарын түз, бақылаулар мен есептеулерді жазатьш сызбанүсқа келтіріңдер, болімдердің сызбанүсқасьш түзіңдер.
Учаскенің жоспарына қарап, оқушылардың учаскеде орындайтын жүмыстарының биологияны оқытумен байланысын анықтандар.