Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары.
Оқушылардың тіршіліктану курсын оқуға дайындығы негізінен физика, химия пәндерінен алған азды – көпті білімдеріне байланысты (оныншы сынып). Мысалыға, физика пәнінен ультрафиолет сәулелер, рентгенизация, денелердің радиоактивтілігі, электрондық теория, фотон жайлы түсініктерді білу керек.
Ағзаның жалпы құралымы жайлы түсініктің органикалық химиядағы әсеріне биологиялық күрделі қосылыстар туралы мәліметтермен тікелей байланысы бар. Сондай- ақ пәнаралық байланыс оқушылардың биология ғылымдарының демалуының алғы шарттары және әр түрлі халық – шаруашылық салаларында оның жетістіктерімен танысуы кезінде қажет.
Бірақ – та, химия пәнінің байланысында көптеген кемшіліктер байқалады: оқушылар аққуыз, көмірсу, лепидтер және тағы басқа күрделі биологиялық қосылыстардың бүге – шүгесін білмей жатып, оны тіршіліктану барысында оқып өтеді. Ал бұндай қосылыстар органикалық химиядан тек онбірінші сынып оқу жылының соңында оқытылады. Жасуша туралы жаңа көзқарас химиялық компоненттерсіз және олардың құрылымынсыз ойға санамайтын нәрсе. Өз кезегінде нуклейн қышқылының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы туралы – көмірсу, фосфорқышқылының, сілтілі азоттың негіздерінің төрт түрін білмей ақуыздың синтезін және тұқымқуалаушылық, яғни, табиғи процестердің тіршілігін түсіну мүмкін емес. Осыған орай биология пәні мұғалімі өз сабақтарында жасушаның химиялық құрамын және ондағы процестерді түсіндіру үшін химиялық білімдермен қарулану қажет.
Тәнтану пәнінен беретін мұғалім өтетеін тақырыбына байланысты органикалық химия курсынан қажетті химиялық білімдермен қарулану қажет. Мұғалім жаңа химиялық түсініктерді химиялық формулаларға жалпы сипаттама беруден шектеліп оны нақты мысалдармен демонстрациялайды. Онбірінші сыныпта мұғалім оқушылардың неорганикалық химиядан алған білімдеріне сүйенеді, себебі коваленттік байланыс және геонтериясы жайлы ұғымдар сегізінші – тоғызыншы сыныптарда өтілгені жағдайды жеңілдетеді.
Мұны келесі мысылдармен тьүсіндіруге болады:
Негізгі энергия көзі көмірсулар болатыны онбірінші сынып оқушыларына таныс глюкоза, гликоген, клетчатка, крахмал мысалына көруге болады. Көмірсудің физикалық құрамын және адам ағзасында кездесетінін, сондай – ақ тағам құрамындағы көмірсу ас қорыту процесінде глюкозаға айналып, қан арқылы ұлпаларға тасымалданатынын түсіндіруге болады.
Липидтер ағза резерві және жасуша құрцылымының құрамында мысалыға, жасуша қабықшасында көрінеді.
Нуклейн қышқылының молекулалық құрамын түсіндіру қиынға соқпайды. Себебі, көмірсу компонентінің түсіндіруде оқушылардың өсімдіктану мен тәнтану курсынан өткен крахмалдың мысалында айтуға (тұқымның құрамы, фотосинтез өнімдері және асқорыту процесі кезіндегі крахмалдың өзгеріске ұшырауы) болады. Ал сілтілі негізі және фосфорқышқылы туралы түсінік оқушыларға беорганикалық химиядан танымал.
Химия және физика бағдарламасы әсіресе, тіршілік танумен пәнаралық байланыс ретінде сәйкестендірілуі тиіс. Бұл тіршіліктану
пәніне дайындық ретінде оқушылар молекуладағы атомдардың оранласуын, заттардың құрамы атом мен молекуланың құрылысына байланысты екендігімен таныс болуы керек.Мысалға «Көміртегі және оның қосылыстары» тақырыбы метаннан да басқа мысалдармен қеңейтіліп бірлесе, биологиялық оқытуда көмек болар еді.
Тіршіліктанудың гуманитарлық пәндермен де пәнаралық байланыстар бар. Оқушылардың тарих пәнінен білімдері, оларға тарихи жағдайда әр әртүрлі ғылыми теориялардың пайда болуын түсінуге көмектеседі. Экологиялық проблемалармен биосфераның заңдылықтарын оқыту үшін физико – географиялық білім қажет. Тіршіліктанудың мазмұны философиялық тәртіпке саяды. Сондықтан ғылымтануды оқытады.
Биологиялық құбылыстар ретінде философиялық тракт проблемаларына ден қою тіршіліктану пәнін оқытуда зарарын тигізеді. Бұл философиялық категорияларға қосымша оқытушыларды биологиялық факторлармен заңдылықтарды жаттауға үйретеді.
Бұндағы барлық байланыстар оқу және тәрбиелік мағана береді: Мектепте әртүрлі ғылымдардың негізі оқтылады, бірақ оқушылардың білімі түрлі оқу пәндерімен байланысты қоғам және табғат туралы жалпы білім қалыптасу керек.
Оқушылардың өздері әртүрлі пәндерді оқығанда бұндай байланыстарды қарастармайды. Мұғалім болса осы байланыстарды сұрақ қою арқылы ұғындырады.