Тұқымдық атериалға биологиялық және агротехникалық талаптар және шаруашылық дақылдарын себу. Егілетін материалға биологиялық және агротехникалық талаптар

Егу жұмысы сапалы жүргізіолсе ғана келешектее мол өнім күтуге болады. Ең бастысы барлық себетін аппараттар мұқият әзірленуге тиіс, тұқым түсіп тұратын тітіктері таза, тұқымды жерге сіңіріп тұрған шүмектер бірдей тереңдікке себуі тиіс. Ол үшін күні бұрын сеялкалар жақсылап бапталады. Барлақ шүмектерден себілген тұқым бір ізбен біркелкі тереңдікке сіңірілген жағдайда ғана сеялка жақсы бапталған деп есептеледі.

Сеяка егіске шығар алдында егу мөлшеріне ққойылғанына қарамай әр гектарға дәл берілген мөлшермен егіп жатқанын ылғи тексеріп отырған жөн. Ол үшін әр танап себіліп біте салысымен, ол танапқа қанша тұқым келетінін анықтап, оны сол танаптың ауданына бөліп егу мөлшерін анықтап отырады. Егер белгіленген мөлшерден сәл ауытқу болса ( үш проценттен аса ) себу аппаратына қайтадан түзету енгізіледі.

Себілмей шала қалған жерлердің болуы, немесе бір жерге екі рет тұқым себіліп кетуі маркердің дұрыс қойылмауынан болады. Сондықтан маркердің дұрыс болуын ерекше қадағалаған жөн.Егу жұмысының сапасы егін көктеп шыққаннан кейін ғана толық анықталады. Тексергенде қатардағы, не ұядағы көктеп шыққан егіннің қалыңдығы, біртегістігі, түзілугі ( кең қатар арақлықты тәсілмен сепкенде ) шаршысының дәлдігі ( шаршы ұялап еккенде ) тұқым себілмей шала қалған, екі рет нгіліп кеткен жерлер анықталады.

Жақсы өнім алу үшін егісті себе салысымен күтуге кірісу керек. Барлық дақылдарға ортақ тәсілдерді төмендегідей топтарға бөлуге болады.

  1. Тұқымға ылғалды тезірек жеткізу үшін еге салып топырақта катоктермен нығыздап өту керек. Тұқым жерге сіңіріле сала катокпен нығыздалса ылғалды топырақ пен тұқымның жанасатын аумағы көбейіп, тұқым жылдам бөртіп тез, бір уақытта өніп шығуына жағдай жасалады.
  2. Тұқым жерге сіңірілгеннен кейін 3-4 күн өтісімен танапты жеңіл не орташа тырмалармен тұқым себілген бағытта немесе көлденең тырмалап өту керек.
  3. Мәдени өсімдіктер тырмадан онша зақымданбайды. Оларды көбінің дәндері арам шөптердің дәндерінен 10-15 есе ауыр ( астық дақылдары, жүгері, бұршақ ), өркендері де мықты болады. Сондықтан дақылдардың өркені жер бетіне шығып болғаннан кейін де тырманы себу бағытына көлденең жүргізеді
  4. Мәдени өсімдіктер өте жиі себілген кезінде, өркендер арасында қоректік заттар, су және күн сәулесі үшін күшті талас туады. Бұл заттар бәріне бірдей жетпейді, осыдан дақыл өркендерінің дамуы нашарлап, кейін өнім күрт төмендеп кетеді. Дақылдардың мөлшерден тыс жиі себілуі зиян.

Жауын- шашын мол болған жылдары астық биітеп өсіп кей кездерде жатып қалатын кездері болады. Астықтың биіктеп өсіп, жатуына мөлшерден көбірек берілген азот тыңайтқыштары да себеп болады.

Ал жатып қалған астықты жингау үшін өте қиын. Бұл жағдай комбайн, т.б агрегаттардың еңбек өнімділігін күрт төмендетеді. Ең бастысы бітік шыққан егін жөнді жиналмай, ысырап болып, танаптарда шашылып қалады.

Осыны болдырмас үшін Тур деген химиялық зат қолдану керек. Бұл препарат егіннің бойлап өсуін тежейді. Астықтың сабағы қысқа, мықты болады, егін жатып қалмайды. Дақылдың өнім мөлшері едәуір көбейеді.

Турды өсімдік түптеніп, түтіктену фазасына жеткенде шашады. Әр гектарға 2-4 кг ғана препарат кетеді.

Бұл препараттың әсерінен өсімдіктің күші сабағына емес, дәнге жұмсалады да әр гектардан алатын өнім мөлшері орта есеппен 50 ц дейін жоғарлайды. Тур препаратын егіске гербицидпен, не мочевинамен бүріккен жөн.