Егілетін дақылға қолайлы жағдай жасау үшін машиналар мен құрал- саймандардың жұмыс органдары арқылы топыраққа тікелей механикалық әсер етуді топырақты өңдеу дейміз.
Егінжайда сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп- дамуына қажетті жағдайдың бәрі жасалады. Топырақты өңдеу арқылы жарамды құнарлылықты тиімді құнарлылыққа айналдырады.
Топырақты өңдегенде құрылымы жұтаң тартқан үстіңгі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай , қоректік заттар қоры анағұрлым мол төменгі қабат ауысып түседі. мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның құнарлы қабатына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақты өңдеудің алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады:
1.ауыл шаруашылық дақылдарын қолайлы факторлармен ( су, ауа, жылу, қоректік заттар ) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатында оптимальды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
- Арам шөптерді жою немесе басып тастау
3.Егінжай топырағына өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтарын, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
- Жауын – шашын аз түсетін аймақтарда ылғалды жинап, оны сақтау, ал ылғалды мол аймақтарда керісінше жағдайда егінжай топырағынан артық ылғалды құрғату.
- Топырақ қабатындағы микробиологиялық жұмыстарға қарқынды әсер ету арқылы қоректік заттарды жинау, сақтау және сіңуін жақсартту.
- Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарын жою немесе басып тастау.
- Қолайлы тереңдікке мәдени дақылдардың тұқымдарын себу үшін жағдай жасау.
- Топырақтың беткі қабатының су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру үшін қолайлы шара қолдану.
- Шымтопырақты, тың, тыңайтылған егінжайдағы, болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тамыр жүйесінің тіршілігін жою.
Топырақ өңдеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылған топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларын қырқу және топырақ бетіне шығару, егін аңызын сақтау.
- Топырақты қопсыту.
Топырақ көптеген себептердің әсерінен шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылған қабатының құрылымы жақсы болса, жай шөгеді және аз нығыздалады. Қопсыту арқылы топырақтың өңдейтін қабаты түйірпекті жұмсақтық жағдайға келтіреді.
Топырақ қабаты қопсытылып, әрі үгітілгенде оның құрылымы майда жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына ауаның, ылғалдың және қоректік заттардың еніп, олардың жиналуына сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады.
Егінжай топырағын жыртып қопсыту үшін дискілер мен фрезалар қолданылады.
- Топырақты аудару
Оның жыртылған қабатының бетін төменгі жағына, астыңғы қабатын бітіне шығару болып табылады. Бұл технологиялық процесте органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, гипс, өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтары, сондай – ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерде болатын зиянкестермен өсімдік ауруларын қоздырғыштар топыраққа енгізіліп тұншықтырылады.
Аудару арқылы топырақтың құнарлы қабаты қалыңдатылады, өйткені оның төменгі құнарсыз деңгейі үстіне шығарылып, құнарлы қабатпен араласады. Топырақтың төменгі жақсы құрылымын үстіне шығару арқылы су мен ауаның топырақтың төменгі қабатына сіңуіне қолайлы жағдай жасалады.
Топырақты аударуға плугтер мен сыдыра жыртқыштар қолданылады.
- Араластыру.
өңделетін топырақ қабаттарын араластыру – оның бөлшектерін өзара алмастырып, өңделетін қабатты біркелкі түрге келтіреді. Ол топырақты фрезермен, дискілі құралмен және кесілген дискілі ауыр тырмамен өңдегенде іске асырылады.
- Тегістеу.
Топырақ бетін тегістеу – дақылдар тұқымдарын біркелкі тереңдікке енгізудің негізгі шарты. Тегістелмеген топырақта тұқым әртүрлі тереңдікке түседі де бір мезгілде өнбейді. Топырақ бетін тегістеу, кесектерді жою, топырақ қабатындағы ылғалдың жиналуына мүмкіндік туғызады.
Егістік тнап топырағын тігістеу тырмалармен ( тісті, шанышпалы ), культиватормен, тегістегіш сүйретпемен және катокпен жүргізеді.
- Топырақты нығыздау технологиясы
Топырақтың тоң кесегі мен борпыстығын жою үшін қажет.
Нығыздау себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, яғни себілген тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасайды. Нығыздау топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын азайтады, топырақтың төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасайды. Сонымен бірге топрақты нығыздау оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөккенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.
Топырақты катокпен нығыздап тегістеген соң топырақ бетін жеңіл тісті тырмалармен аздап қопсыту керек.
- Арамшөптердің тамырын қырқу.
Бұл операция топырақты аудару, араластыру және қопсыту әрекеттерімен жалғастырыла жүргізіледі.
- Пішіндеу.
Бұл қажеттілігіне қарай топырақтың жоғарғы бетін белгілі бір қалыпқа түрге, пішінге келтіру қажет болағн жағдайда жүргізіледі. Бұл әсіресе жүйек, жол, ойық, ұялар, шағын көлтабан дайындауда өте қажет.Егінжай бетіне белгілі бір пішін беруден ылғал бөгеледі немесе бұрып жіберу реттеледі, топырақтың эрозияға төзімділігі артады, себілген немесе өңделген топырақтың қабаттарының жылуды, ауаны қабылдау қасиеттері жақсарады. Топырақ бетіне берілетін бір пішін, осы мақсат үшін қайта жабдықталған, борозда жасағышпен, бөгет жасағышпен қамтамасыз етілген арнайы плугпен өңделгенде ғана пайда болады.
- Егін аңызын сақтау.
Мұндай технологиялық операцияның қажеттілігі далалы аймақтарда эрозия құбылысының пайда болуымен байланысты болып отыр. Бұндай жағдайда егіншілікті ойдағыдай жүргізу, тек қана өңдеудің топырақ бетінде егіс аңызын және басқа өсімдік қалдықтарын сақтау ғана мүмкін болатын тәсілін пайдаланғанда іске асады.
Егінжай топырағының бетіне аңыз сабақтарын сақтауды, жазық тілгіш тәрізді құралдармен ( культиваторлы – жазықтілгіш, терең қопсытқыш жазықтілгіш, шанышпалы тырмамен, аңыздық сеялка – культиватормен ) өңдеуге болады.