Мелиорация дегеніміз ауыл шаруашылығына арналған алқаптардағы топырақтың ылғалдылығын, қышқылдлығын, танптағы жылу мөлшерін өзгерту арқылы жер сапасын көтеруге арналған әртүрлі шаралар жүйесі. Мелиорация шараларына ылғал жетіспейтін жерлерді суару, ылғалы өте көп саздау жерлерді құрғату, химиялық мелиорациялау ( қышқылы мол топырақтарды әктеу, тұзы көп топырақтарды гипстеу ) шабындық жерлер мен жайылымдардың өнімін көбейтуге арналған тәсілдер, алқапты қорғайтын ағаштар отырғызу, топырақты эрозиядан қорғау сияқты жұмыстар жатады.
Мелиорациялау шараларының әсерінен топырақтың құнарлылығы көтеріледі, одан алынатын өнімнің мөлшері артады. Суару әр гектар жерденөндірілетін астықтың түсімін орта есеппен 15-20 центнерге көтереді.
Ылғалы өте мол жерлерде құрғату шараларын жүргізгенде одан алатын өнім 1.5 –2 есе артады тәлімі жерден суармалы мәдени жайылым жасалса, ондай жердің шөбі шүйгін болады, түсім 4-5 рет молаяды.
Жер суару еліміздің құрғақшылық аудандарында егінді суару арқылы ғана дақылдан мол өнім алуға болады. Топырақта су жеткіліксіз болса, қолданылған тыңайтқыштар да, гербицидтерде, басқа шаралар да өнімді айтарлықтай көтере алмайды. Қазақстанның Қызылорда, Атырау сияқты облыстарында, Алматы, жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған облыстарының кейбір аудандарында суарылмайтын жерлерге егілген дақылдан ешқандай өнім алу мүмкін емес.
Қазақстанның көп жерлерінде ( солтүстікте, шығыста, солтүстік – батыста орналасқан облыстарында, оңтүстікте орналасқан облыстардың тауға жақын аудандарында ) бірсыпыра дақылдардан суармай- ақ тәуір өнім алуға болады. Бірақ бұл аймақтарда да суармалы дақылдар өнімі 2-4 есе артатынын тәжірибе көрсетіп жүр. Орташа есептегенде Қазақстанда суармалы жер өнімді орташа тәлімі жерге қарағанда 4 есе көп береді.
Егісті суаратын әртүрлі жүйе салудан бұрын су апасын тексеріп алу керек. Өзен, тоспа суларының сапасы көбіне жақсы болып келеді, ал көл суы мен жер асты суы кей жағдайда егіске пайдалануға жарамайды. Су көзі суарылатын танаптардан жоғары тұрса, онда танаптарды судың табиғи ағысын пайдаланып, суаруға болады. Су көзі танаптардан төмен жатса, бұл ретте суды әртүрлі насостармен көтеруге тура келеді.Бұл тәсіл механикалық суару тәсіліне жатады.
Суды жер бетімен ағызыпсуару, арнаулы құбырлармен суды жердің астымен алып келіпсуару, жаңбырлатқыш құралдармен суару және көктемгі тасқынды пайдаланып суару болып бірнеше түрге бөлінеді.
Суды жер бетімен ағызып суару ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан әлі күнге дейін көп тараған тәсіл. Оның үстіне бұл тәсіл өте қарапайым, сенімді, көп қаражатты, күрделі құралдарды қажет етпейді.Бұл тәсілмен суғарғанда ылғал топыраққа жақсы сіңеді.
ТМД – да көптеген егістік жер жауын – шашын өте көп болатын, топырақтағы ылғал буланып үлгермейтін, егілген дақылдар ылғалдың аздығынан гөрі, оның көптігінен зардап шегетін аймақтарға орналасқан.
Қазақстанда мұндай жерлер жоқтың қасы деуге болады. Мұндай жерлерде жауын – шашын көп болғандықтан, ылғал буланып үлгермейді де топыраққа сіңеді, жер астындағы суларға қосылып, ойпаң тұстардан бұлақ болып шығады. Ал ойпаң жерлерден су ешқандай ағып кете алмайды, содан барып бұл ара батпаққа айналады. Сазды жерге егін егу мүмкін емес. Оны құрғату үшін әртүрлі инженерлік шаралар қолданылады, сөйтіп артық суды басқа жаққа аударып, жер өңдейтін техникалар жүретіндей жағдайға келтіреді.
Құрғату кезінде ойпат жерлерде тұрып қалған сулардың ағысын реттеу және жеделдету қажет, бұл араға артық судың келмеуі қадағаланады, жер астындағы су деңгейі төмендетіледі, топырақтың су және ауа өткізгіштік қасиеті жақсартылады.
Құрғату жүйелері артық суды танаптардан алып келетін ашық терең ор – арықтардан және жабық құрғатқыш – дренаждардан тұрады. Барлық жүйе еңіске көлденен орналасқан ашық құрғатқыш каналдармен еңіс бағытымен жүретін су жинағыш каналдардан, суды танаптан аударатын магистралды каналдардан тұрады.
Топырақ бетіне жақын орналасқан суларды кетіру үшін жасалынатын арықтардың тереңдігі әдетте 50-60 см, бетінің кеңдігі 100-120 см табанының кеңдігі 20-30см болады. Бұлар еңіске көлденең тартылады және бір – бірінен
50-200 метр болады. Бұл арықтардың жиілігі ауа- райына тікелей байланысты болады, жаңбыр өте көп жауатын және ол жаңбыр сулары буланып үлгермейтіндей , ауа- райы салқын болатын аймақтарда бұлар жиірек орналасады.Құрғатылатын жер мал жайылымына арналған болса, не орман- тоғай ағаштары өсірілетін танаптар болса, онда құрғататын арықтар арнасыкөбіне ашық болады. Егер құрғататын танапқа астық егілетін болса, бұл арықтарджы әртүрлі суды өткізіп, тұратын заттармен толықөтырып, дақылдарды себу,күту, жинау кезінде тракторлар мен әртүрлі тіркелмелі құралдармен жүріп тұруына жағдай жасалады.