Микроорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органикалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі.
Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдерді үлкен екі топқа бөледі; аэробты және анаэробты микроорганизмдер. Аэробты микроорганизмдер ортада оттегі болғанда ғана тіршілік ете алады. Ал анаэробты оттегіне мұқтаж емес. Анаэроб микробтар облигат және факультатив деп екіге бөлінеді. Облигат анаэробтар тек оттегі жоқ жерде ғана тіршілік етеді. Молекула күйіндегі оттегі жоқ жерде ғана олар үшін-у. Ал факультативті анаэробтар молекула күйіндегі оттегінің бар не жоғына қарамай тіршілік ете береді. Анаэроб микроорганизмдер де табиғатта кең таралған. Олар ауа енуі қиын терң қабаттарда тіршілік етуге бейімделген.
Энергия алу үшін көбнесе азотсыз заттар жұмсалса, микробтар өз денесін құруға азотты заттарды пайдаланады.
Кейбір организмдердің тыныс алуы органикалық емес қосылыстарды тотықтыру процесінде болады. Мысалы, нитрификациялаушы бактериялар аммияк тұзын алдымен азотты, одан соң азот қышқылынды тотықтырады.
1861 жылы Л.Пастер өзіндік ерекшелігі бар анаэроб бактериялрды тапқан болатын. Оған энергияны тотықтырудан емес, оттегі жоқ жерде органикалық қосылыстарды ыдырату жолы мен қамтиды. Бұл ашу процесі деп аталады. Ол микроорганизмдер үшін оттексіз тыныс алу әдеттегі оттегімен тыныс алатын аэроб микроорганизмдер үшін оттегінсіз тыныс алу әдеттегі оттегімен тыныс алатын аэроб микроорганизмдер сияқты, анаэробтарда органикалық қосылыстарды өзгеріске түсіру кезінде оттегін қамти алады. Органикалық заттар алғашқы ыдырағандаодан сутегі бөлінеді. Ол бірнеше тізбектеле орналасқан ферменттердің көмегімен ауадағы оттегіне жанасады. Сонда су п.б. Су құрамындағы су тегімен оттегінің арқасында, көміртегі атомдарының арасында көміртегі атомдарының арасында тотығу-тотықсыздану реакциясы жүреді.Осы тотықсыздану процесс арасында ортаға энергия бөлінеді. Ол микробтар клеткасының тіршілігіне қажет. Микробтарға арналған қоректік ортаның тотықсыздану қасиеті бар. Мұнда оттегі көп роль атқарады, заттар толық тотыққанда ғана болады. Мәселен, глюкоза осылай тотыққанда ортада су мен көмір қышқыл газы және 674 ккал жылу бөлінеді. Бұл энергия өсімдіктегі хлорофилл көмегімен фотосинтез процесі кезінде қайта жиналған энергия. Аэроб бактериялардың әсерінен ол энергияға айналады.
Анаэробты
Микроорганизмдердің тыныс алуы көпшілік жағдайда жоғары сатыдағы организмдердің аэробты тын аэробты тыныс алуына тым ұқсас. Сонымен тыныс алу дегеніміз органикалық заттар электрондарының молекулалық оттегіне берілу процесі, яғни тыныс алу кезінде электрондардың акцепторы ролін оттегі атқарады. Ал ашу процесі кезінде органикалық заттардан бөлінген электрондар басқа органикалық затқа беріледі, яғни мұнда электрондар акцепторының ролін процесс барысында түзілетін бір органикалық қосылыс атқарады.