Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы

Микробтар клеткасы жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар клеткасының химиялық құрамына тым ұқсас элементтерден тұрады. Оның 75-85 % судан, 13-25 % құрғақ заттан құралады. Көміртегінің мөлшері 45-55 %, оттегі 30 %, сутегі 6-8 %. Ал фосфор, калий, магний, күкірт, темір сияқты элементтер үлесінен небәрі 3-10 % тиеді.

Су микробтар класына аса қажетті зат. Онда түрлі химиялық, биохимиялық процестер жүріп жатады. Жалпы микроб клеткасынан түсетін заттар мен зат алмасу әсерінен тысқа шығарылатын қалдықтар да су көмегімен жүреді. Судың бір бөлігі клеткада бос күйінде кездеседі, ал қалғаны байланысқан түрінде болады. Байланысқан су цитоплазмада берік қосылыс күйінде кездеседі. Ал бос су түрлі органикалық және минералды қосылыстарды ерітеді. Бұлардың ішінде көміртегі, азот, оттегі және сутегі құрғақ заттың 90-97 % алады.

Минералды заттар көмегімен клетка ішіндегі осмостық қысым реттеледі, протоплазманың күйі, ондағы биохимиялық реацияның жылдамдағы белгілі бір тәртіппен жүреді.

Прокариот организімінің клеткасындағы негізгі компоненттердің мөлшерін:

Клеткадағы құрғақ заттардың мөлшері 10 % шамасында болса, соның 95 % белоктардан, полисахаридтерден, липидтерден және нуклейн қышқылдарынан тұрады.

Прокариот организмнің клеткасындағы негізгі компоненттердің мөлшері

Заттар
Клеткадағы құрғақ заттардың мөлшері %
Белоктар
Полисахаридтер
Липидтер
РНК
ДНК
52
17
9
16
3

Микробтар клеткасындағы құрғақ заттың басым көпшілігі белок заттары. Оның мөлшері құрғақ заттар 50-80 % дейін барады.

Микробтар клеткасында белок мөлшері тұрақты болмайды. Ол микробтың жасына қоректік ортаның құрамына байланысты. Қоректік орта азотты заттарға бай болса сол ғұрлым клеткасындағы белокта көп болады.

Микробтар клеткасының басқа күрделі белоктардан глюкопротеидтер липопротеидтер, хромопротеидтер және көптеген ферменттер кездеседі.

Көмірсулар. Жалпы микробтар клеткасында көмірсулардың мөлшері 12-28 % шамасында болады. Көмірсулар дегеніміз- құрамына көміртегі, су тегі және оттегі кіретін органикалық қосылыстар.

Миносахаридтер энергияның көзі, сонымен қатар құрылыс материалы қызметінде атқарады.

Моносахаридтер – суда жақсы еритін түссіз заттар, олардың бәрінің ұнамды тәтті дәмі болады. Моносахаридтерге глюкоза, фруктоза, галактоза жатады.

Дисахаридтер — 2 молекулалы моносахаридтерден тұрады. Оған сахароза, мальтоза жатады. Суда жақсы ериді.

Полисахаридтердің — ішіндегі ең маңыздысы және ең көп тарағаны — крахмал (өсімдіктерде) гликоген (жануарларда) және клетчатка (целюлоза). Мұның басым көпшілігі гидролиздену кезінде жай қантқа айналады полисахаридтерден тұрады.

Майлар — бактерия клеткасында майлар мөлшері, оның құрғақ затының

10 % алады. Көбінесе ол клетка қабығының құрамында болады. Олар клетканың қор заты ретінде сақталады. Майлар ыдырағанда олардан тіршілік сақталады. Майлар ыдырағанда олардан тіршілікке қажетті энергия көптеп өнім шығады.

Вирустардың химиялық құрамы бактерияларға қарағанда басқаша болады. Онда негізінен нуклеопротеидтер көп кездеседі. Вирус белоктары 16-20 амин қышқылдарынан тұрады. Олар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Белок және нуклейн қышқылдарынан басқа вирус құрамында углеводтар мен майлардың да болатыны анықталды. Бұл вирустың бейімделгіштік қасиетіне көп көмегін тигізеді.