Бактериялар әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынаң тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі.
Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір-біріненббөлініп кетеді.
Миксобактериялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды. Таяқша тәрізде бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгермейді. Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп, екіге бөлініп кетеді.
Көптеген бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және басқа да организмдер бөлініп көбейді. Міне микроорганизмдер осылай көбейіп, өскенде микробтар колониясы пайда болады. Осымен қатар таяқша бактериялар бөлінгенде тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты ал бір клетка үлкен, екіншісі кішкене болса гетероморфты бөліну деп атайды.
Бөлінудің соңғы түрі өскен бактерияларда байқалады.
Микроорганизмдер өте тез шапшаңдықпен көбейеді. Бұл үшін ортада қоректік заттардың жеткілікті болуы, жылу, орта реакциясы қолайлы болып, аэропты бактериялар үшін от-тегі мол болса, әрбір клетканың көбеюі 20-30 минут сайын қайталанып отырады. Міне бұдан көбею шапшаңдығы мен сыртқы жағдайларының арасында белгілі бір тәуелділік бар деп айта аламыз. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1-2 микрондай клеткадан орасан көп клеткалар пайда болады.
Бактериялардың көбею жылдамдығын мынадай бір мысалмен түсіндіруге болады. Егер 20 минут сайын бір клетка бөлінетінін ескерсек ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталар бөлінеді.
Жіп тәрізді бактериялар бөлінуінің ерекшелігі бар. Бұлардың жіпшелерінен жеке вегетативтік – гонидий немесе конидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзіледі. Клеткалардың кейбір трлері қозғала алады. Оны зооспоралар деп атайды.
Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазаларын ажыратады.
- Лаг-фаза — көбею процесі аздап тенеледі. Мұнда жаңадан жасалған қоректік ортаға жіберілген бактериялар көбеймейді, қайта бейімделеді. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фаза аяқталар кезде клеткалар көбею бастайды. Қоректік ортаны пайдалану қуатты түрде жүреді.
- Даму фазасы — кобеюдің ең активті фазасы. Онда бактериялар қарқынды дамиды, өсу шапшандығы да арта түседі. Бұл екі сағаттай уақытқа созылады. Кейбір клеткалар тіршілігі тежеле бастайды.
- Стационарлық фаза – жаңадан пайда болған клеткалар мен қырылған клеткалар саны теңелді. Сондықтан тірі клеткалар саны біраз уақыт тұрақты болып қала береді. Кобею күінде түзілген өнімдер микробтар тіршілігіне нұқсан келтіре бастайды. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
- Қырылу фазасы – пайда болған клеткалар санынан өлген клеткалар саны басым болады. Қоректік ортаның физикалық – химиялық қасиеті мүлде өзгеріп, бактериялар тіршілігіне зиянды күйге көшеді. Клеткалардың қырылу жылдамдығы арта түседі Бұл фазаның ұзақтығы түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болады. Мәселен сүт қышқылы бактериялары +30о температурада 5-7 күн өткен соң қырылатын болса, елірету бактериялары одан ұзағырақтіршілік етеді.
Жоғарыда айтылған микроорганизмдердің даму фазалары бір ыдыс ішінде жүргенде орын алатын жағдай. Мұнда қоректік заттар таусылған соң, бактериялар тіршілігі де бәлсендеп, ақыр аяғында олар қырылып қалады.
Соңғы жылдары бактериялар дүниесінде жыныстық жолмен көбейетін жағдай анықталды. Ішек таяқшасы бактериясында осындай құбылыс болады. Мұны коньюгация деп атайды. Коньюгация кезінде зигота пайда болады. Бірақ бактериялардың осылай ұрықтануы толық емес. Өйткені мұнда жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалаушылықтың барлық қасиеті түгел ұрпаққа берілмейді. Шынында да мұнда жартылай ұрықтану жағдайы байқалады. ХІХ – ғасырдың аяқ шенінде микроорганизмдер жөнінен көптеген мағлұмат жиналған болатын. Бұның өзі осы Protista молаюына, сөйтіп жоғары және төменгі сатыдағы организмдер деп ажыратылуына әкеліп соқты. Бұлай жоғары және төменгі сатыдағы организмдер деп ажыратылуына әкеліп соқты. Бұлай жоғары және төменгі сатыдағы организмдері клетка типтерінің ерекшеліктеріне қарай эукариот және прокариот деп атайды.
Прокариот клеткасында клеткалық, немесе цитоплазмалық мембрана құратын бір ғана ішкі қуыс болады. Көпшілік прокариотарда клеткада болатынцитоплазмалық мембрана (ЦПМ) жалғыз ғана мембрана болып есептеледі. Ал эукариоттарға прокариоттарға қарағанда клеткада екінші қуыс кездеседі. Бұларға ядролық мембрана Д.Н.К-ны басқа цитоплазмадан оқшаулап тұрады. Клетка ішінде белгілі бір қызмет, атқаратын, элементарлық мембранамен шектелген клеткалық структураларды органелалар деп атайды. Ядро, митохондрий, хлоропластар – клетка органеллалары. Прокариот клеткаларында эукариодтарға тән органеллалар болмайды. Ядролық Д.Н.К оларда цитоплазмадан оқшауланбаған. Цитоплазманың ішінде атқаратын қызметі жөнінен маманданған құрылымдар болады, бірақ олар мембрана көмегімен цитоплазмадан оқшауланбаған, сондықтан олар жеке қуыстар түзбейді. Р. Меррей барлық клеткалы организмдерді олардың клетка құрылысының типіне қарай 2-ге бөлінуді ұсынды.Олар Prokaryot және Euocaryot дүниесінің классификациясына тоқталамыз.