Ерекше қорғауға алынған территориялар.
Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі 2 міндеттің орындалуын қамтамасыз етуї тиіс:
- оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
- жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау;
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат е,скерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Дүние жүзіндегі ең ірі саябақ Гренландияда 7 млн.га. Қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.
Қазақстан қорықтары: Ақсу-Жабағылы 1926ж. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр, ауданы 73 мың га.Барса – Келмес Арал теңізінің солтүстік бөлігінде 1939 ж. құрылған, ауданы 198 шаршы км.Наурызым 1931 ж. құрылған, ауданы 100 мың га. Қостанай облысы Жетісу ауданында орналасқан.Алматы 1934 ж. құрылған. Алматы облысы Шелек ауданында орналасқан.Қорғалжын 1958 ж. құрылған, ауданы 237 мың га. , Акмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан.
Марқакөл 1976 ж. құрылған, 71 мың га.Бетпақ-дала Сарысу өзені мен Балхаш көлінің арасында орналасқан. (ОҚО, Қызыл- Орда, Жамбыл).Қаратау (Қызылқұм) қорығы ОҚО, Арыс және Шардара аудандары территориясында орналасқан . Көлемі 150,6 мың га., 1990 ж. құрылған.Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Оларға: ормандар, көлдер , жазықтар, тау, сарқырамалар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және кедей болғанда да орын алады. Бірақ жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд бой адамдардың үлесіне тиеді.
Қазіргі кезеңде, өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр.Байлар одан әрі баюда , ал кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатуда .
Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XXI-XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес 1 млрд өте бай адам болса, ал 1 млрд өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 милардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШтың 1$-дан кем болатын 1,5 млрд.тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері ( жылына 230 $) планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.
Соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен ¾ бөлігін шығарады.
Дамыған елдердің өнеркәсіп зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галаогенді көмірсулардың 90%-не жуығын береді.
Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980-1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге 49 млрд.$, дамушы елдерден дамыған елдерге 242 млрд.$. Олай болса табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жібереді.
Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан баюда, кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
- Палеолит – дәуірі. Адам бұл тарифи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты Альп жатыр.
- Аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады. Осы дәуірден бастап егіншілік пен мал. шаруашылығының дамуына байланысты, қоғам биосфераға кошті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жарту, үй жануарларын жою. Нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айкала бастады. Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенні дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады.
- Индустриалды кезең (ол XVII – XX ғасыр ортасы) кен өндіру салалары мен металургия қарқынды түрде дами бастады. XX ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған ортаға әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды.
Антропогенді экожүйелерге агройеноздар мен агроэкожүйелер жатады. Агроценоз дар ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлерде пайда болатын биоценоздар. Олар табиғи бірлестіктерден, біріншіден, құрамына кіретін түрлердің санының аз болуымен, екіншіден, осы бірлестіктің негізгі мүшесі – мәдени дақылдардың зиянкестер мен бәсекелестіктің қарсы тұру қабілетінің төмен болуымен сипатталады. Мәдени дақылдар адамға пайдалы жағына қарай сұрыптау арқылы кошті өзгеріске ұшыраған, сондықтан олардың адамның көмегінсіз тіршілік үшін күреске қабілеті нашар.
Агроценоздарды адам көп қуат жұмсау арқылы Остап тұрады. Ал табиғи биоценоздар мұндай қосымша энергия көзін қажет етпейді.
Қазір ауыл шаруашылығында әр түрлі өсімдіктерді химиялық қорғау құралы пестицид тер қолданылады. Пестицидтердің көпшілігі тек зиянкес түрлері ғана емес, олардың паразиттері мен жыртқыштарын да жояды, яғни агроценоза қалыптасқан реттеуші байланыстар бұзылады. Зиянкестердің тірі қалған бөлігі реттеушілерден босанып, бұрынғыдан да көбейеді. Тірі ағзаларды – жыртқыш немесе паразит тік бунақденелер, бунақденеқоректі немесе жыртқыш құстарды бактериялар, виру стар және т.б. зиянкестерден қорғану үшін қолдану биологиялық күрес әдісі деп аталады.
Агроэкожүйесі дегеніміз — адамның сапалы қызметімен жоспарланып, жасалған территориялар. Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды.