Оңтүстік Қазақстан Обылысы полиметалдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Олар қорғасын, мырыш, мыс, күміс, индий және т.б. Оңт. Қаз. Обылысы республикада қорғасын өндіру бойынша 3 орын, мырыш –4 тұрады. Қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден белгілі. Оңт.Қаз. обылысында қүрылыс материалдарының қоры көп.(құрылыстық тас, қиыршық тас, тау тас түрінде болады. Бадам (гранит). Қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық және т.б. жатады.
Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.Созақ және Отырар аудандарында уран кендері бар.
“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі.
Су ресурстары: Оңт.Қаз.обылысы териториясында су ресурстары біртекті таралмаған. Негізгі су артериясына Сырдария өзені жатады, ол орталық Тянь – Шаннан бастау алады. Оңт.Қаз облысында жер асты суларының 25 кен орны барланған, белгілі кенорындары мына түрлерге бөлінеді.
- өзен аңғарларындағы жер асты сулары – Абай, Арыс,
- Александров, Жоғарғы Келес Жіңішке, Ленгір, Темірлан,
Шардара
- артезиан бассейінің жер асты сулары – Ванновка, Қарашық,
- Түлкібас
Топырақ ресурстары Негізінен жазық дала әр түрлі типті сұр топырақтармен жабылған. Агроклиматтық жағынан алғанда облыс территориясын мына белдеулерге бөлуге болады:
- Құрғақ ыстық шөл белдеуі. Бетпақдала, Мойынқұм,
- Қызылқұм,.
- Өте қуаң ыстық тау етегіндегі белдеу. Түркістанның, Алғабастың, Түлкібастың, Сайрамның, Ленгірдің, Қазығұрт аудандарының тау етегіндегі бөліктері.
- Тау белдеу. Қаратау тау жотасы мен батыс
Тянь – Шанның етегі.
Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.
- Атмосфера ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе, ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы.
- Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +150С немесе –180С болар еді.
Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдас араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады.
Адам атмосфераның әр-түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтік электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.
Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын т.б. салу нәтижесінде басталды.
Атмосфераны ластаушы заттар.Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. Өсімдіктер газдың олардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр-түрлі элементтері әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.
“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі. Озон мәселесі
Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігінекетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліпсоқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта жердің орташа жылдықтемпературасы 0-0,30С артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (Метан жылына -1%, азот оксидтері жылына –0,2%).
Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшерінің екі еселенуі ХХІ ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр-түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі.
Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге көтерілуі шамамен 5 млн.км2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі.
Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын көрсетті.
Экожүйелердегі қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа газдардың бөлініп шығуына әкеледі.
- Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (О2) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.