Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады. Судың қасиеттері:
- Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны жердегі барлық ресурстар жайылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге; сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды.
- Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өту кезінде көлемінің келуі тән.
- Ең жоғарғы тығыздығы +40С-да байқалады. Мысалы су қоймаларының терең қатуының болмауы.
- Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
- Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өту қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар) бірден су тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.
- Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және бұдан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
- Әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Су атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез) бірден – бір көзі. Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Адам ағзасындағы судың үлесі 60% ке жақын, бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда 1% — 96%- ке дейін жетеді. Бидайдың бір тоннасын алуға 2500т, мақтаға-10000т, күрішке-4560т, сиыр етіне-30000т су жұмсалады.
Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Тұрмыстық комуналдық қажеттілікке 100-150 литр су жұмсалады.
Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3 . Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ оның қалыңдығы 2,5км. болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96км., ал терең максималды тереңдік 11022м (Мариан шұңғымасы). Жердегі судың басым көпшілігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы сукдың көлемі 35млн. км3 тең.
Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайда. Судағы көп кездесетін элементтерге калций, натрий, хлор, калий жатады. Судағы химиялық элементтің жиынтығы жануарлармен адамның қанының құрамына жақын болады.
Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады. Адам қаны мен әлемдік мұхит суының химиялық құрамы:
Химиялық элемент | Еріген заттардың жиынтығынан % | |
Мұхит суы | Адам қаны | |
Хлор
Натрий Оттегі Калий Кальций
|
49,3
30 9,9 1,8 0,8 |
55
30,6 5,6 1,1 1,2 |
тұщы су – 1г/л дейін. Тұздылау 1 – 3 г/л, аз тұзды 3-10 г/л . тұзды және өте тұзды 10-50г/л.
Ауыз судың санасын бағалауда химиялық крийтерилермен қатар бактериалогиялық және органолептік қолданылады.
Судың бактериалық жағдайы төмендегідей анықталады:
1) Судағы бактериалардың жалпы саны , ол судың 1 мм – інде 100 – ден аспауы керек . 2) Ішек таяқшасы тобының бактериаларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы ( үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады.
Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі , түсі , дәмі , мөлдірлігі жатады. Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гидрокорбанаттардың (аэробтар) тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тәуелді болады.
Суды ластаушы заттар . Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады.Екінші ретті ластану бірінші ретті ластанушылардың әр түрлі тізбекті риакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері , минералды тыңайтқыштар , улы химикаттар және т.б. жатады.
Судың эвтрофикациясы. Судың энтрофикациясы деп – судың биогенді элементтерімен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация ( грек тілінен аударғанда эу – жақсы , трофе – қоректену ) – судың бай қоректенуі.
Эвтрофикацияның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі , су қоймасында органикалық заттармен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін , оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын рецудент – ағзалардың санының артуына әкеледі.