Қазіргі мәліметтер бойынша дүние жүзіндегі адамзаттың саны 6 млрд.
Әр түлі елдер мен континентердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі.
1993 ж2025 ж
Қытай12001500
Үндістан9001400
Индонезия190 280
Бразилия150220
Нигерия120200 млн. адам
1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффиценті24,6% дейін кемиді, жалпы өлім коэффиценті 9,8% болса, табиғи өсім 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.
Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4-сатыны бөліп көрсетуге болады.
1-ші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді , бірақ өлім коэффиценттінің төмендеуі , туу коэффицентінің төмендеуі-неналда болады. Сондықтан , халықтың өсімі артады.
2-ші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан халық өсімі баяулайды.
3-ші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффиценті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффиценті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды , ал өлім коэффиценті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес.
4-ші сатысында өлім коэффиценті арта отырып , туу коэффицентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Демография- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Біріккен ұлттар ұйымы халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша ( 1995) бұл өсу қарқыны 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд. жетеді. XX – ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.
Қазіргі кезеңдегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай ( өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес , сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді.
Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсеріолардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты.
Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылу және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстарыдың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді.
Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және кедей болғанда да орын алады. Бірақ жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд бой адамдардың үлесіне тиеді.
Қазіргі кезеңде, өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр.Байлар одан әрі баюда , ал кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатуда .
Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XXI-XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес 1 млрд өте бай адам болса , ал
1 млрд өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 милардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШтың1$-дан кем болатын 1,5 млрд.тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері ( жылына 230 $) планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік, экологиялық, әлеуметтік мәселелердішешуге мүмкіндік бермейді.
Соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен ¾ бөлігін шығарады.
Дамыған елдердің өнеркәсіп зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галаогенді көмірсулардың 90%-не жуығын береді.
Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980-1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге 49 млрд.$, дамушы елдерден дамыған елдерге 242 млрд.$. Олай болса табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жібереді.
Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан баюда, кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.