Әртүрлі споралы өсімдіктермен, соның ішінде жалаңаш тұқымдылармен салыстырғанда жабықтұқымдылардың гаметофиттерінің көлемі кішірейіп, өте кошті редукцияланған. Аталық гаметофит тек үш клеткадан, ал аналық – көптеген өсімдіктерді жеті клеткадан тұрады. Антеридийлері мен архегониялары жоқ. Тозаңдану тікелей емес. Өйткені тозаң алдымен аналық аузына түседі. Сосын жылжуға қабілеттіліктері жоқ екі спермия тозаң түтікшесі арқылы аналық гаметофитке жеткізіледі. Ұрықтанудан кейін тұқымбүршігінен тұқым, ал жатынның даму нәтижесінде жеміс пайда болады.
Микроспорогенез – микроспоралардың микроспорангийлерде немесе тозаңқапта пайда болу процесі.
Микрогаметогенез – бұл микроспорлардың аталық гаметофитке немесе тозаң дәндеріне даму.
Мегаспорагенез – нуцеллустағы мегаспораның түзілу процесі. Мегагаметогенез – мегаспораның аналық гаметофитте дамуы.
Тозаңқап пісіп ашылғаннан кейін, ондағы тозаңның аналық аузына барып түсуін тозаңдану дейміз Тозаңдануды өздігінентозаңдану және айқас тозаңдану деп екіге бөледі. Өдігінен тозаңдануда қосжынысты бір гүлдің өзінің аталық тозаңының сол гүлдегі аналық аузына барып түсуі. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүл аналығының аузына келіп түсуін айқас тозаңдану деп атайды.
Айқас тозаңдануда, әртүрлі, гүлдерде әртүрлі дараларда пайда болған сондықтан сапалары бірдей емес гаметалар қосылады. Соның салдарынан айқас тозаңданудың нәтижесінде тіршілікке бейімдірек, өзгергіштеу жаңарған ұрық пайда болады. Айқас тозаңданудың түрлері:
- Дихогамия
А) проторендрия
В) протогиная
- Гетеростилия.
- Энтомофилия.
- Анемофилия.
- Гидроилия
- Орнитофилия.
Аталық жыныс клеткасы мен аналық жұмыртқа клеткасының бір-бірімен қосылуынан зигота пайда болуын ұрықтану дейміз.