Жабықтұқымдылар өздерінің өміршеңдігінің, өзгергіштігінің және бейімдеушілігінің нәтижесінде құрлық әлеінде кеңінен таралған. Бұл өсімдіктердің тобына тұңғыш рет гүл және жеміс пайда болды.
Өсімдіктер әлеміндегі көбею процесінің эволюциялық дамуының жоғарғы жетістігі ол гүл және оның туындылары — тұқым және жеміс.
Гүл – гүл тұғырынан, серігінен (тостағанша мен күлте) және жыныс мүшелерінен (аталық және аналық) тұрады.
Гүл орналасуына қарай төбелік болуы мүмкін.
Гүл толық және толық емес болып бөлінеді. Толық гүл мынадай мүшелерден тұрады:
- тостағанша
- күлте
- аталық, олардың жиынтығын андроцей дейді
- аналық, олардың жиынтығын гине цей дейді.
Егерде жоғарыда аталған мүшелердің біреуі жоқ болса, онда гүл толық емес деп. аталады.
Тұқымбүршігі немесе дәлірек айтқанда оның ішіндегі нуцеллус түрлене өзгерген мегаспорангий деп. саналады. Тұқымбүршігінуцеллустен ядро), интегументтен (қабық немесе қыртыс), тұқым тірсегінен және микропиледен (тозаң тесігі) тұрады. Тұқымбүршігінің тұқым тірсегіне бекітілген жерін кіндік кіндік деп айтады. Тұқым тірсегі арқылы тұқымбүршігі плацентаға бекінеді. Оның микропллеге қарама-қарсы жағын халаса деп. атайды. Тұқымбүршігінің ішкі бөлімі алғашында түзуші ұлпадан төмпешік сияқтанып пайда болады да, кейінірек оның түп жағынан – халазасынан, оны айкала интегументі өсіп жетіледі, оның іші нуцеллуске айналады.
Өсімдіктің түрінек қарай инетегумент бір немесе екі қабат болуы мүмкін. Интегумент қабаты нуцеллусты бүтіндей қоршамайды. Тұқымбүршіктің төбесінде жіңішке каналша – тозаң тесігі немесе микропиле қалады.
Аналықта орналасуына, қабаттарының ерекшеліктері мен жедетілуіне қарай тұқымбүршігі 5 негізгі типке бөлінеді.
- ортотропты немесе түзу тұқымбүршігі.
- анатропты немесе майысқақ тұқымбүршігі.
- гемитропты немесе жартылай бұрылған
- кампилотропты немесе қисық тұқымбүршігі
- амфитропты немесе екі жақты қисық тұқымбүршігі
Гүл формуласы – гүл бөлшектерінің шартты белгілері, гүлдің тостағанша, күлте, андроцей, гинецей сияқты бөліктері жеке әріптермен, шеңберлене орналасқан. Мүшенің саны цифрмен, бірігіп кеткен мүшелері жақшаға алынып бір мүшенің жеке шеңберлері – белгісі арқылы, т.с.с. беріледі.
Гүл диаграммасы – жазықтықта гүл бөліктерінің өзара орналасуын белгілейтін жоба кесін, дәлірек айтқанда гүлбөліктерінің пішінін, Санин өзара бейнелеп көрсету: тостағанша жапырақшалары қырлы жақшамен, күлте жапырақшалары дөңгелек жақшамен, аталық пен аналық өздерінің көлденең қиындысымен кескінделіп көрсетіледі.