Тамырлардың тамыр жүйелеріндегі морфологиялық табиғаты

Тамыр анатомиясы өсімдік тамырының ішкі құрылысын зерттейді. Анатомиялық құрылысы жағынан өсімдік тамырлары әртүрлі болады. Тіпті, бір өсімдіктің тамырларының алғашқы (бірінші) құрылысы мен оның соңғы (екінші) құрылсының арасында да біршама өзгешеліктер болады. Бұл өзгешеліктерді өсімдік тамырларының алғашқы және соңғы құрылыстарын зерттегенде байқауға болады.

Тамырдың өсуінің алғашқы сатысында меристемалардың тұрақты ұлпаларға айналуындағы жүйелілікті оның көлденең кесіндісінен байқауға болады.

Тамырдың алғашқы құрылысында оның сыртында ризодерма (эпиблема), алғашқы қабық және орталық шеңбер (цилиндр)

өткізгіш ұлпалар жүйесі болады. Тамырлардың көпшілігінде өткізгіш ұлпалар жүйесі тұтас орталық цилиндр, ал кейбіреулерінде — өзектің айналасында болады.

Ризодерма суды және минерал заттарды тамыр түктері арқылы сіңіреді. Тамыр түктері – ризодерма жасушаларының өскіндер (трихобластар). Тамыр түктері оның сіңіруші ауданын көбейтеді. Ризодерма астында орналасқан қабықтың ең сыртқы қабаттары экзодерма деп аталады. Ризодерма өлгеннен кейін экзодерма тамырда қорғаушы, жабындық ұлпаға айналады. Экзодерма жасушалары бір немесе кейде бірнеше қатарлы болуы мүмкін.

Алғашқы қабық жасушаларында крахмал және басқа да заттар жиналады, ал хлоропластары болмайды. Қабықтың паренхимасында бірқатар зат алмасу процесі белсенді жүреді. Қабықтың паренхималық жасушалары ризодерманы пластикалық заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар заттарды сіңіру және өткізуге қатысады.

Жалаңаштұқымды және қосжарнақты өсімдіктердің көпшілігінің тамырларында белсенді өсу соңғы өсу болғандықтан, олардың алғашқы қабықтары ерте түсіп қалады. Даражарнақты өсімдіктердің тамырларында соңғы өсу болмағандықтан, олардың тамырында алғашқы қабық өмірінің аяғына дейін сақталады да жасуша қабықшалары қалыңдайды.

Эндодермада жасушалардың өте тығыз орналасқандығынан және қас пари белдеушелерінің суды және де басқа заттарды өткізбейтіндігіне байланысты, заттарды орталық өткізгіш жүйесіне келуі және кетуі, экзодермалық жасушалардың протопластары арқылы жүреді. Ал экзодермалық жасушалар сүректелген жағдайда, ксилема сәулесінің тұсына орналасқан өткізгіш жасушалар арқылы заттарды өткізу жүреді. Бұл көпшілік жағдайда даражарнақтыларға немесе алғашқы қабығы өмірінің соңына дейін сақталатын өсімдіктер тобына сипатты.

Тамыр құрылысында камбий шеңберінің пайда болғанынан кейінгі шыққан бөлімдері тамырдың анатомиялық соңғы құрылысына жатады. Жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктердің тамырларында алғашқы ксилема және флоэманың арасындағы қалған түзуші ұлпа прокамбийден шоқтық және перицикл (грек. «пери» айналасы, «сиклос» — шеңбер) жасушаларынан шоқтық камбий түзіледі де, екеуі қосыла келе ксилеманы қоршай алады. Камбий ішке қарай ксилема, ал сыртқа қарай флоэманы ығыстыруНәтижесінде, бірте-бірте камбий тамырдың көлденең кесіндісінде шеңберлі болып орналасады, бұны шеңберлік камбий деп атайды.

Кейбір көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдік тамырларындағы шеңберлік камбий әр вегетациялық маусым сайын бір флоэма және бір ксилема қабаттарын бөліп отырады да сабақтағы сияқты жылдық шеңбер түзеді.

Тамырдағы ксилема құрамдарының элементтері сәулелі (радиальды) орналасады да, арасы паренхима жасушаларының ұзындығынан тізілген тізбегімен толтырылады. Демек, флоэма экзоарты (грек. Экзо-сыртқы, архе — бастама) дифференцияланады.