Тамыр жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Тамыр ұшындағы меристема қызметінің нәтижесінде ұзақ уақыт ұшындыққа өсе алатын қабілеті бар, радиальды симетриялы мүше. Өркенен айырмашылығы – тамырда еш уақытта жапырақтар пайда болмайды және тамырдың ұшындағы меристема оймақшамен жабылған.
Өсімдік тіршілігінде тамырдың атқаратын негізгі қызметтері:
- Топырақтан суда және әртүрлі заттарды сіңіріп, оларды сабаққа және жапыраққа беру, бұл тамырдыңбасқа қызметі.
- Өсімдікті субетратка бекіту, тамырлар үзілмейтін өте берік мүше.
- Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді: органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, витаминдер, гормондар, алкооидар және т.б.
- Тамыр жасушасында зат алмасуға қатысатын барлық қоспалар бөлініп шығады.
- Топырақтағы кездесетін әртүрлі ағзалармен өсімдікті байланыстыруы, тамыр өзінің бөліп шығарушы қызметіне байланысты өсімдікті топырақтағы саңырауқұлақтармен, бактериялармен байланыстырады.
- Қорлық заттарды жинау. Кейбір өсімдіктердің тамырлары қорлық заттардың жиналатын мүшесіне айналады. Мысалы, қызылша, сәбіз, шомыр т.б.
- Тамыр көптеген өсімдіктердің вегетативтік көбею мүшесі болып табылады. Мысалы: сүттіген, көктерек, шие т.б.
Тамырдың осы жоғарыдағы аталған қызметтері оның морфологиялық құрылысына әсер етеді. Тамыр өсімдіктің құрылыққа шығуына байланысты пайда болған мүше. Тамырдың өсу нүктесінің жасушалары көптеген өсімдіктерде екі бағытта бөлінеді, бір бағытта тамыр жасушалары, екінші бағытта тамыр оймақшасының жасушалары дамиды. Тамырдың ұшындағы апикальды меристемасы әдетте оймақшамен жабылған. Тек кейбір суда өсетін өсімдіктерде, паразитті және микоризалы тамырда оймақша болмайды. Микориза дегеніміз – күрделі өсімдіктер тамырының саңырауқұлақтар жіп шумағымен селбесіп тіршілік етуін айтады. Көп қабатты жасушалардан тұратын оймақша апикальды меристеманы қорғап, тамырың өсуіне жағдай жасайды.
Тамыр оймақшасы тамырдың ұшындағы өте нәзік бөлімі – бой конусы нүктесін қорғап тұрады. Тамыр ұшы өне бойы өседі және оның өсу жолында әр қилы бөгеттер ұшырайды. Оймақшаның арқасында нәзік тамыр ұшы ол бөгеттерден өтіп отырады. Тамыр ұшы оймақшасының кедергілераден өтіп отыруының себебі, оймақшаның сыртындағы жасушалары шетінен біртіндеп түлеп отыруынан және жасуша қабықшалары сілемейленуі салдарынан топырақ жібіп, өсіп келе жатқан тамыр ұшының әрмен қарай жылжуына жол ашуынан болады. Сол сияқты оймақшаның тірі жасушаларында тургор қысымы күшті болады, соның салдарынан тамыр ұшы алға қарай жылжи бастайды. Осы кернеудің әсерінен оймақшаның сыртындағы біраз жасушалар жойыладыда, біртіндеп түлеп отырады. Тамыр оймақшасының өне бойы түлеп отыратын сыртқы жасушалары мен калиптроген арасында орналасқан тірі паренхималардың ішінде ұсақ-ұсақ крахмал дәндері болады, оларды сақтаулы крахмал деп, атайды.
Егерде тамырды оның өсу нүктесінен бастап түбіне (негізіне) дейін қарайтын болсақ, онда оның әртүрлі бөлігінде қызметінің және осыған байланысты анатомиялық, морфологиялық құрылысының өзгеретіндігін байқауға болады. Осы тұрғыдан жас тамыр шартты түрде: бөліну, өсі (созылу), сору, өткізгіш аймақтарына бөлінеді.
Бөліну аймағы – бұл тамырдың ең жас бөлімі және оның ұшында өсу нүктесі болады. Бұл аймақтың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Ол сарғыш түсті, басқа аймақтармен салыстырғанда ерекшеленіп тұрады, меристемалық жасушалары цитоплазмаға толы, вакульдері көзге көрінбейді.
Бөліну аймағынан кейін — өсу немесе созылу аймағы болады. Бөліну аймағынан бастап тамырдың түктенген бөліміне дейінгі аралықты алып жатады. Бұл аймақта жасушалардың ұзынынан үлкеюі қарқынды жүреді, бірақ жасушалардың ұзынынан үлкеюі қарқынды жүреді, бірақ жасушалардың көлемінің ұлғаюының есебінен болады. Жасушалар көлемі судың жиналуымен және үлкен вакульдердің пайда болуынан ұлғаяды.
Өсу аймағынан кейін тамырдың сору аймағы басталады. Бұл жас тамырдың түктеніп тұрған бөлімі. Сору аймағының түктері арқылы тамыр айналасындағы топырақтан заттардың ерітінділерін сорып қабылдайды. Кейбір сулы, батпақты жердің өсімдіктерінің тамырларында түктері болмайды.
Келесі аймақ өткізгіш аймақ – нүктелерінен кейінгі сабаққа қарай жақын орналасқан тамыр деңгейі. Бұл аймақ қоңырқай аймақ деп те аталады. Бұлай аталу себебі – тамыр түгі мен эпиблема (ризодерма) түлеп түскеннен кейін экзодерма пайда болады. Экзодерма қабатының түсі, тамырдың ұш жағына қарағанда суберин заты сіңгендіктен қоңырлау келеді.
Шығу тегіне байланысты тамыр үш түрлі – негізгі (ұрықтық), жанама және қосалқы тамырлар болып бөлінеді. Негізгі тамыр деп тамырдың ұрық тасмыршасының меристемасын өсіп шыққан түрін айтады. Негізгі тамыр өсімдік түріне қарай, әртүрлі болады:
- Кейбір өсімдіктің негізгі тамырының ұ жағы аздап бұтақталғанымен, жіңішкелігі тамыр мойнынан бастап, ұшына дейін біркелкі болады. Оны жіп тәрізді тамыр деп атайды. Мысалы зығырда.
- Көптеген өсімдік түрлерінің негізгі тамыры онша жетілмейді немесе берте-бірте жойылып кетеді. Бұл кезде сабақ түбінен қосалқы тамырлар өсіп шашақ тамырға айналады. Мұндай тамыр астық тұқымдас өсімдіктерге тән.
- Қайсыбір өсімдік түрінің негізгі тамыры өте жақсы жетіледі. Ондай тамырды білеу тамыр немесе кіндік тамыр деп атайды. Кіндік тамыр бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі.
- Бірнеше өсімдік түрлерінің негізгі тамырларының жасушаларына қоректік заттар жиналып жуандап түрін өзгертеді және сыртқы пішіні кәдімгі тамырға мүлде ұқсамай қалады. Мысалы: қызылша сәцбіз, шомыр т.б.
Жанама тамыр деп негізгі және қосалқы тамырлардың перициклінен дамыған түрін айтады. Сонымен қатар жанама тамыр бой конусына таяу жерден пайда болып, алғашқы қабықпен эпиблема астында көміліп жатады, соңынан бірутіндеп сыртқа шығады.
Қосалқы тамыр деп құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында болатын перицикл қабатынан және камбийден, феллогеннен, каллюстен (дененің қажалған жері) пайда болған тамырды айтады. Өсімдік мүшелерінің Қосалқы тамырлар шығару қасиетін адам өсімдіктерді кесінділеп (қалемшелеп) көбейту ісіне кеңінен пайдаланады.
Күрделі споралы өсімдіктерде тұқым, ұрық және ұрық тамыршалары жоқ болғандықтан, олардың тамыр жүйелері алғашқы гоморизді (бірдей) деп аталады. Ал тамыр жүйесі негізгі, қосалқы және жанама тамырлардан тұратын өсімдіктерді аллоризді деп атайды. Көптеген жабық тұқымды өсімдіктердің негізгі тамырлары ерте өліп қалады немесе дамымайды. Мұндай өсімдіктердің тамыр жүйелері тек қосалқы тамырлардан ғана тұрады да – екінші гоморизді деп аталады.
Өсімдіктің тамыры метаморфозданады. Тамыр метаморфозы дегеніміз атқаратын қызметінің өзгеруіне байланысты оның әрқилы түрлене өзгеруі. Тамырлар тарихи даму барысында мынадай метаморфозға – түрлене өзгеруге ұшырайды.
Қорлық тамыр, тамырлардың негізгі, жанама және қосалқы түрлерінен қалыптасып, тамыржеміс немесе түйнек тамыр түрінде өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Тамыр жеміс әдетте екіжылдық өсімдіктерге сипатты. Олардың морфологиялық табиғаты өте күрделі, өйткені тамыр-жемістің пайда болуында негізгі тамыр және сабақтың түбі қатысады. Бұндай тамырлардың жасушаларына қоректік заттың қоры жиналады. Мысалы: сәбіз, қызылша, шалғам, шомыр т.б.
Тартпа тамыр. Көптеген өсімдіктердің қысқаруға және сабақ негізін топыраққа тартуға бейім тамыры болады. Тартпа тамырслар лала гүлділер, құртқашаш және амарилистер тұқымдастарының көптеген пиязшық және пиязшық түйнекті өкілдеріне тән. Мұнан басқа да тамырлардың түрлене өзгерулері: мысалы, зәкір тамыр, аспа, ауа тамырлар және т.б. түрлері кездеседі.
Тамыр анатомиясы өсімдік тамырының ішкі құрылысын зерттейді. Анатомиялық құрылысы жағынан өсімдік тамырлары әртүрлі болады. Тіпті, бір өсімдіктің тамырларының алғашқы (бірінші) құрылысы мен оның соңғы (екінші) құрылсының арасында да біршама өзгешеліктер болады. Бұл өзгешеліктерді өсімдік тамырларының алғашқы және соңғы құрылыстарын зерттегенде байқауға болады.
Тамырдың өсуінің алғашқы сатысында меристемалардың тұрақты ұлпаларға айналуындағы жүйелілікті оның көлденең кесіндісінен байқауға болады.
Тамырдың алғашқы құрылысында оның сыртында ризодерма (эпиблема), алғашқы қабық және орталық шеңбер (цилиндр)
өткізгіш ұлпалар жүйесі болады. Тамырлардың көпшілігінде өткізгіш ұлпалар жүйесі тұтас орталық цилиндр, ал кейбіреулерінде — өзектің айналасында болады.
Ризодерма суды және минерал заттарды тамыр түктері арқылы сіңіреді. Тамыр түктері – ризодерма жасушаларының өскіндер (трихобластар). Тамыр түктері оның сіңіруші ауданын көбейтеді. Ризодерма астында орналасқан қабықтың ең сыртқы қабаттары экзодерма деп аталады. Ризодерма өлгеннен кейін экзодерма тамырда қорғаушы, жабындық ұлпаға айналады. Экзодерма жасушалары бір немесе кейде бірнеше қатарлы болуы мүмкін.
Алғашқы қабық жасушаларында крахмал және басқа да заттар жиналады, ал хлоропластары болмайды. Қабықтың паренхимасында бірқатар зат алмасу процесі белсенді жүреді. Қабықтың паренхималық жасушалары ризодерманы пластикалық заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар заттарды сіңіру және өткізуге қатысады.
Жалаңаштұқымды және қосжарнақты өсімдіктердің көпшілігінің тамырларында белсенді өсу соңғы өсу болғандықтан, олардың алғашқы қабықтары ерте түсіп қалады. Даражарнақты өсімдіктердің тамырларында соңғы өсу болмағандықтан, олардың тамырында алғашқы қабық өмірінің аяғына дейін сақталады да жасуша қабықшалары қалыңдайды.
Эндодермада жасушалардың өте тығыз орналасқандығынан және қас пари белдеушелерінің суды және де басқа заттарды өткізбейтіндігіне байланысты, заттарды орталық өткізгіш жүйесіне келуі және кетуі, экзодермалық жасушалардың протопластары арқылы жүреді. Ал экзодермалық жасушалар сүректелген жағдайда, ксилема сәулесінің тұсына орналасқан өткізгіш жасушалар арқылы заттарды өткізу жүреді. Бұл көпшілік жағдайда даражарнақтыларға немесе алғашқы қабығы өмірінің соңына дейін сақталатын өсімдіктер тобына сипатты.
Тамыр құрылысында камбий шеңберінің пайда болғанынан кейінгі шыққан бөлімдері тамырдың анатомиялық соңғы құрылысына жатады. Жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктердің тамырларында алғашқы ксилема және флоэманың арасындағы қалған түзуші ұлпа прокамбийден шоқтық және перицикл (грек. «пери» айналасы, «сиклос» — шеңбер) жасушаларынан шоқтық камбий түзіледі де, екеуі қосыла келе ксилеманы қоршай алады. Камбий ішке қарай ксилема, ал сыртқа қарай флоэманы ығыстыруНәтижесінде, бірте-бірте камбий тамырдың көлденең кесіндісінде шеңберлі болып орналасады, бұны шеңберлік камбий деп атайды.
Кейбір көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдік тамырларындағы шеңберлік камбий әр вегетациялық маусым сайын бір флоэма және бір ксилема қабаттарын бөліп отырады да сабақтағы сияқты жылдық шеңбер түзеді.
Тамырдағы ксилема құрамдарының элементтері сәулелі (радиальды) орналасады да, арасы паренхима жасушаларының ұзындығынан тізілген тізбегімен толтырылады. Демек, флоэма экзоарты (грек. Экзо-сыртқы, архе — бастама) дифференцияланады.