Күрделі өсімдіктердің жекелей дамуы тұқымбүршігініңұрық қалтасында жынысты жолмен ұрықтанған аналық немесе зиготадан басталады. Даму барысында зиготадан көп клеткалы ұрық, ал тұқымбүршігінен тұқым қалыптасады.Тұқым құрамында ұрық және өніп-өсуіне қажетті қоректік заттар қоры болады. Күрделі өсімдіктерді ұрық, көбеюге және таралуға арналған оның негізгі мүшесі де, олардың бір немесе көп дәнді жемісінде орналасқан.
Ұрықтың барлық күрделі дамужолын , астық тұқымдастарға қолдана отырып 3 кезеңге бөлуге болады.
1.Бастапқы кезен.
- Мүшелер қалыптасатын кезең.
- Соңғы кезең.
Көпшілік жағдайда жетілген тұқымда ұрық мүшелері қалыптасқан болады. Онда ұрықтық өркен, ұрықтық тамыр, екі тұқымжарнақ – қосжарнақтыларда, бір тұқым жарнақ- даражарнақтыларда, ал қалқан жапырақтыларда –көп болады. Тұқымның жоғарғы жағында меристемадан тұратын дөңес пішінді өркеннің өсу нүктесі болады.
Кейбір өсімдіктерді өркеннің өсу нүктесінде тұқым жарнақтан кейінгі алғашқы жапырақтар қалыптасады, мұндай жағдайда, оны ұрық бүршігі дейді.
Осьтің тұқым жарнақты бөлігін тұқымжарнақты бубн, онан төменгі бөлігін гипокотель немесе тұқымжарнақтың астыңғы қылтасы дейді. Астыңғы қылтаның тамырмен шектескенауданы тамыр, одан әрі ұрық тамыры болады.
Тұқымның қоректік заттардың орналасуына қарай түрлері:
1.Қосжарнақты эндоспермді тұқым.
2.Қосжарнақты эндоспермсіз тұқым.
- Қосжарнақты периспермді тұқым.
- Даражарнақты эндоспермді тұқым.
- Даражарнақты эндоспермсіз тұқым.
- Ұрығы жетілмеген немесе редукцияланған тұқым.