Түзуші ұлпа немесе меристема шығу тегіне қарай алғашқы және соңғы, ал орналасуына байланысты төбелік (апикалды) бүірлік немесе латеральды, қыстырмал және зақымдық болып бөлінеді. Төбелікмеристемалар өсімдік сабағының, тамырының ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Бүірлік меристемалар- камбий, феллоген қызметінің нәтижесінде өсімдік сабағы мен тамыры жуандай, қайта өседі.
Жабындық ұлпа бүкіл өсімдік денесін қапатап ішкітірі ұлпаларды шамадан тыс буланудан қорғайды да, оны қызудан микробтар енуінен сақтайды. Жабындық ұлпалар алғашқы және соңғы болып бөлінеді . Алғашқы жабындық ұлпаларға – эпидерма, ал соңғысына тоз және қыртыс жатады Эпидерма өркен, жапырақ сыртын жауып жатады.Бір қатарлы түссіз, мөлдір клеткалар тізбегі. Эпидерма клеткалары тығыз орналасқан. Сыртқы қабықшалары қалындаған, балауызбен және бір немесе көп клеткалы түктермен қапталады.Сонымен бірге эпидерма өсімдіктің сыртқы ортамен байланысып, газ алмасуын қамтамасыз етеді.
Эпидермисте бұл қызметті лептесіктер атқарады. Лептесік дегеніміз эпидермадағы саңылау. Ол өзінің түістіргіш деп аталатын екі мамандағанбүйрек пішіндес эпидермалық клеткалармен шектелген . Әр лептесік саңылауларының астында оның ауалық қуысы болады . Бұл саңылау бірде кеңейеді, ал енді бірде тарылады. Сөйтіп булану және газ алмасуды реттейді. Өсімдіктің көпжылдық мүшелерінде бұл қызметті тоз және қыртыс құрамындағы жасымықша саңылауы атқарады.
Трихомалар эпидерма клеткаларынан дамитын әрқилы өскіндер. Бөліп шығарушы трихомалар клеткалардың өзінде түзілетін әртүрлі заттарды сыртқы шығарушы құрам ретінде қарастырылады. Жабындық түктер күн сәулесін шағылыстырып, өсімдік денесін шамадан тыс қызудан сақтайды. Олар жай бір клеткалы бұтақталған көп клеткалы, жай айыр мүйізді, жұлдызша тектес болып келеді.
Перидерма екінші дәрежелі жабындық ұлпа, көп жағдайда ағаш бұтақтарын көп жылдық шөптесін өсімдіктер түп негізін, тамырдың ескірген бөліктерін жерасты өркендерін, кейбір жемістерді қаптайды.
Қыртыс тоз және өлі перенхима кезектесе орналасқан, көп қабатты өлі ұлпа . Қыртыстынң қабаттарында тін талшықтарын, бұзылған шайыр жолдарын, елікті түтіктерді, тасты клеткаларды және тағы басқа байқауға болады.Бұл аталған құрамдардың барлығы өз қызметін аяқтап, жартылайескірген, өлі клеткалар.