Ұлпалар. Ұлпалар туралы жалпы түсінік

Ұлпа дегеніміз тұрақты заңды қайталанатын шығу тегі мен құрылысы ұқсас және бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген клеткалар тобы. Денесі ұлпаларға тұрақталу тек күрделі көп клеткалы өсімдіктерге тән. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабатталған, көбінесі қызметі және морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады.

Ұлпалар жас клеткалардың бөлінуі, өсуі және тұрақталуынан түзіледі. Өз кезегінде ұлпалар эмбринальды немесе түзуші және тұрақты деп аталады. Бұлардың жіктелуі олардың ортақ белгілерінің жиынтығынан шығу тегіне, клеткаларының басты ерекшеліктеріне және атқаратын қызметтеріне негізделеді.

Көптеген ботаниктер мына төмендегідей өсімдік ұлпаларын ажыратады: түзуші, жабындық, арқаулық, өткізгіш. Бұл аталған ұлпалардың құрамына, шығу тегіне және морфологиялық белгілері мен әрқилы, аралық түрлері қосылады. Профессор Н.С. Воронин ( 1988) ұлпалардың мынадай түрлерін бөледі.

І.Түзуші ұлпалар (меристемалар)

  1. Төбелік (апикальды)
  2. Бүйірлік (латеральды)

А) алғашқы (прокамбий, прецикл)

Б) соңғы (камбий, феллоген )

  1. қыстырмалы (интеркалярлық)

4.зақымдық (травматикалық)

ІІ. Жасаушы (ассимиляциялық) ұлпалар

ІІІ. Қорлдвқ ұлпалар.

ІҮ. Ауалық ұлпалар.

Ү.Сорғыш ұлпалар.

1.ризодерма

2.веламен

3.астық тұқымдастар ұрығындағы жарнақтың сорушы қабаты

4.Паразитті өсімдіктердегі гаусторий

5.Гидропоттар

ҮІ.Жабындық ұлпалар.

1.Алғашқы-эпидерма

2.Екінші-перидерма

3.Үшінші-қыртыс немесе ритидо. Зттардың өтуін реттеуші ұлпалар

1.Эндодерма

2.Экзодерма

Бөліп шығарушы ұлпалар.

1.Сыртқы

А) безді түктер (трихома және эмергенцтер)

Б) шірнеліктер

В) гидатодтар

  1. Ішкі

А) эфир майларын , шайыр, кристалдар, танин және тағы басқа бөлініп шығарушы клеткалар

Б) бөлінген заттарды сақтайтын, көпклеткалы қуыстар

В) шайыр каналдары

Г) тарамдалған және тарамдалмаған сүт жолдары

ІХ.Арқаулық ұлпалар

1.колленхима

2.склеренхима

А)талшықтар

Б)тасты клеткалар

Х. Өткізгіш ұлпалар.

  1. ксилема

2.флоэма