Ядро. Ядроның пішіні мен мөлшері

Организмдердің клеткалық құрылысы, олардың мамандануына және әрқалай әсер ететін сан-салалы сыртқы ортаға сай бейімделіне, өте кең көлемде мүмкінді туғызады. Клетканың атқаратын қызметіне қарай мамандануы және морфологиялық тұрақтануы организмнің және қазіргі таңдағы органикалық әлемнің дамуының негізі.

Ядро және клетканың бөліну жолдары. Клетканың бөлінуі, жаңа клеткалардың пайда болуы қазіргі кезде ғылымда толық дәлелденгенімен бірден анықтала қойған жоқ. Клетка теориясын жасаушылардың бірі Ш л е й д е н (1838) жас клеткалар клеткалар клтека ішіндегі құрылымсыз заттардан пайда болады деген болжам айтты. Мұндай пікірлер кейін де өріс алғанмен баянды бола алмады.

Амитоз. Бөлінудің бұл жолын алғаш рет 1840 жылы Н. Железнов сипаттап жазған. Амитоз кезінде аналық ядро, сол сияқты клетканың қалған органелалары ешқандай құрылымдық өзгеріске ұшырамай, жай ғана екіге бөлінеді, нәтижесінде екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларға ядро заттарының бөлінуі тең қатынаста емес, сондықтан олардың биологиялық теңдігі қамтамасыз етілмейді. Амитоз жоғары сатыдағы өсімдіктерде сирек кездеседі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер аблдырларға, саңырауқұлақтарға және физиологиялық балдырлара, саңырауқұлақтарға және физиологиялық белсендігі төмен клеткаларға жатады. Сол сияқты амитоз «кәрі» дәне ауру ұлпалардың клеткаларына тән деген жорамал да бар.

Митоз. Ярдо клетканың заталмасуын басқаратын орталығы ғана емес, соны мен қатар ДНК молекулаларында оның тұқым қуалаушылық қасиетін қалыптастыратын әрі сақтайтын да орын болып табылады. Сондықтан да ол басқа органеллалардың бірінен жасалмайды және тікелей цитоплазмада пайда болмайды. Жаңа ядролардың пайда болуы әрдайым бұрыннан бар ядроның бөлуіне байланысты.

Профазаны (грекше про – алғашқы) жарық микроскоппен зерттеген кезде ядрода хромосомалар айқындала бастайды. Алғашқы кезде олардың көрінісі жіп шумағы тәрізді. Бұданкейін хромосом жіпшелері қысқарады, жуанайды, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасаы. Диффузды хроматиннің жинақталуы, ДНК молекулаларының тығыз серіппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды. Оларды бұл жағдайда айқын ажыратуға болады.

Метафазада (грекше мерта — тысқары,кейін) хромосомалар толығынан айқын жекеленіп көрінеді және ядроның полюстерінің арасындағы бір деңгейдегі кеңістікке – метефазалық тақтаға жиналады.

Телофазада (герекше «телос» — соңы) туыстас хромосомалар клетканың полюстеріне жетеді. Бұл профазаның кері көрінісі іспеттес: ұршық жоғарылап кетеді, полюстерге топталған хромосомалар бсоаңсып, болбырайды әрі ұзарады. Сөйтіп олар интерфазалық хроматинге ауысады. Ядрошықтар пайда болады. Цитоплазмада әрбір жас ядроның поралы қабықшасы төзіледі.

Мейоз. Мейозды өсімдіктер кленткасынан алғаг рет неміс ғалымы Страсбурген (1989) байқаған. Балқарағай тозандарының пайда болуын зерттеу барысында мейозды сипаттап жазып, суретін жазушылардың бірі В.И. Беляев (1894) болды. Жыныс процесі кезінде екі жыныс клеткаларының алдымен ядролары қосылып, хромосома саны екі еселенеді, өйткені хромосомалар бір-бірімен қосылмайды. Мұндай жағдайда ұрықтанған жұмыртқа клеткасында хромосома саны екі есеге артады.