Меристеманың клеткалар ұсақ пішіні аздап қырлы, клекааралықсыз, тығыз орналасқан. Клетка қабықшасы жұқа, құрамында пектині көп, клетцаткасы аз, цитоплазмасы жабысқақ, түйіршікті, вакулі қалыптаспаған, органиодтары көп, ядросы ортасына орналасқан.
Біріңғай ұлпалар арасында барлық уақыттаперенхима кездеседі. Өсімдіктердің бір мүшесінің өзінде оның әр бөліктерінде паренхималық клеткалардың пішіні, көлемі, қызметі және зат алмасуы әр түрлі болады.
Түзуші ұлпа немесе меристема шығу тегіне қарай алғашқы және соңғы, ал орналасуына байланысты төбелік (апикалды) бүірлік немесе латеральды, қыстырмал және зақымдық болып бөлінеді. Төбелікмеристемалар өсімдік сабағының, тамырының ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Бүірлік меристемалар- камбий, феллоген қызметінің нәтижесінде өсімдік сабағы мен тамыры жуандай, қайта өседі.
Жабындық ұлпа бүкіл өсімдік денесін қапатап ішкітірі ұлпаларды шамадан тыс буланудан қорғайды да, оны қызудан микробтар енуінен сақтайды. Жабындық ұлпалар алғашқы және соңғы болып бөлінеді. Алғашқы жабындық ұлпаларға – эпидерма, ал соңғысына тоз және қыртыс жатады Эпидерма өркен, жапырақ сыртын жауып жатады.Бір қатарлы түссіз, мөлдір клеткалар тізбегі. Эпидерма клеткалары тығыз орналасқан. Сыртқы қабықшалары қалындаған, балауызбен және бір немесе көп клеткалы түктермен қапталады. Сонымен бірге эпидерма өсімдіктің сыртқы ортамен байланысып, газ алмасуын қамтамасыз етеді. Эпидермисте бұл қызметті лептесіктер атқарады. Лептесік дегеніміз эпидермадағы саңылау. Ол өзінің түістіргіш деп аталатын екі мамандағанбүйрек пішіндес эпидермалық клеткалармен шектелген. Әр лептесік саңылауларының астында оның ауалық қуысы болады. Бұл саңылау бірде кеңейеді, ал енді бірде тарылады. Сөйтіп булану және газ алмасуды реттейді. Өсімдіктің көпжылдық мүшелерінде бұл қызметті тоз және қыртыс құрамындағы жасымықша саңылауы атқарады.
Клетка органеллалары
Трихомалар эпидерма клеткаларынан дамитын әрқилы өскіндер. Бөліп шығарушы трихомалар клеткалардың өзінде түзілетін әртүрлі заттарды сыртқы шығарушы құрам ретінде қарастырылады. Жабындық түктер күн сәулесін шағылыстырып, өсімдік денесін шамадан тыс қызудан сақтайды. Олар жай бір клеткалы бұтақталған көп клеткалы, жай айыр мүйізді, жұлдызша тектес болып келеді.
Перидерма екінші дәрежелі жабындық ұлпа, көп жағдайда ағаш бұтақтарын көп жылдық шөптесін өсімдіктер түп негізін, тамырдың ескірген бөліктерін жерасты өркендерін, кейбір жемістерді қаптайды.
Қыртыс тоз және өлі перенхима кезектесе орналасқан, көп қабатты өлі ұлпа . Қыртыстынң қабаттарында тін талшықтарын, бұзылған шайыр жолдарын, елікті түтіктерді, тасты клеткаларды және тағы басқа байқауға болады.Бұл аталған құрамдардың барлығы өз қызметін аяқтап, жартылай ескірген, өлі клеткалар.
Өсімдіктердің даму тарихында олардың жапырақты сабақты болуы құрлықта тіршілік етуіне байланысты. Суда өмір сүрген кезде өсімдіктін барлық дене бөлімдері бірыңғай жағдайда сумен, ауамен жәнежарықпен бірдей қамтамасызданады. Сондықтан да олар бірдей қызмет атқарып, бірыңғай құрылысты болады.
Ал енді құрлық жағдайында, өсімдік ылғал тапшылығын сезінеді. Топырақта ғана су мөлшері шамалы ғана болады. Міне, мұндай жағдайда біршама жақсы бейімделген денесінің белгілі бір бөліктері топырақ қабатында болатын өсімдіктер ғана тірі қалады. Өсімдіктің жер астындағы мүшелері фотосинтез қабілетін жоғалтып тек суды соруға ғана бейімделеді.
Жапырақтың негізгі қызметі фотосинтез. Оларға сипатты нерсе газ алмасудыжақсартатын сыртқы ауданының мол көлемді болуы. Жапырақтын анатомиялық құрылысы да оның қызметіне сай келеді. Сабақ, жапырақпен тамырдың арасында байланыстырушы- дәнекерлік қызметін атқарады. Сабақ заттардың жапырақтан тамырға және кері ағысын қамтамасыз етеді.
Өсімдіктің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің арасындағы тығыз байланыс және өзара тәуелділік болады. Өз кезегінде генеративтік мүшелердің даму барысында ұрық қалыптасып , бұдан жаңа ұрпақтың вегетативтік мүшелері дамиды.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің марфологиялық эвалюциясы қазіргі жене ерте заманда өмір сүрген организмдерді талдау негізінде, зор нанымды дұрыстықпен жасалады.