«КӨКСАРАЙ» СУ РЕТТЕГІШІ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Өсімдіктердің флоралық құрамын, фитоценотикалық құрылысын, олардың экологиялық және биологиялық жағдайын зерттеу өсімдік қауымдастықтарын оң өзгеріске алып келеді. Оларды халық шаруашылығында қолдануына ыңғайландырады.

Өсімдіктердің таралуы және олардың топтарының су қоймаларында пайда болуы экологиялық факторлар: температура, су тынықтылығы, химиялық ерекшеліктерін өзгертеді.

Балдырлар және су жағалауы өсімдіктері өздерінің дене құрылыстарымен су ортасының жарық өткізгіштік ерекшеліктерін өзгертеді.

Рдест, роголистник және планктонды балдырлар, кейбір талшықты балырлар жарықтың су ортасына өту интенсивтігін төмендетеді және қоймдағы сулардың орташа температурасын көтереді. Кейбір жағдайларда қыс айларындағы суық күндері қойма жағалауындағы өсетін қамыс, қоға ортасындағы сулардың орташа температурасы ашық өсімдік өспеген мекен –жайлармен салыстырылғанда жылырақ болады.

Өсімдіктер қауымдастықтары әсерінен су қоймаларында атмосфера ауаларының қозғалысы баяуланады. Су өсімдіктері және балдырлар фотосинтез процесі нәтижесінде су ортасын еріген оттегімен байытады. Өсімдіктер жабындылары су толқындарынан жағалауларды эрозиядан сақтайды және судың булануын арттырады.

Мысалы, қоғалы қауымдастықта судың булануы 1,8 ретке артады. Планктон, талшықты балдырлар және жоғарғы сатылы өсімдіктер денелерінің су ортасында іруі нәтижесінде қойма түбінде органикалық лайкалар пайда болады. Әр жылы лайканың жиналуы нәтижесінде лайка қабаттары қалыңдай барады. Бұл процесс су қоймаларының тереңдігіне және су ортасының органикалық минералды режиміне әсер етеді.

Қазіргі уақытқа дейін тұрақты бірдей су өсіміктерінің экологиялық топтарының табиғи классификациясы ғылымға енгізілмеген.

Ғылымдағы классификация негізінен өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері және тіршілік формасына негізделген. Зерттеушілер су және су жағалауы өсімдіктерінің экологиялық топтарына түрліше қарайды.

А.П. Щеников (1950) су және су жағалауы өсімдіктерін үш негізгі топқа бөледі:

  1. Суда – ауа кеңістігінде өсетін өсімдіктер.
  2. Су түбіне қалқып тіршілік ететін өсімдіктер.
  3. Суға батып өсетін өсіміктер

Leo Ario (1933) су өсімдіктерін сублиторальды, эулиторальды және суьралиторальды деп бөлген [1, 5-6-б.].

  1. Steffan (1931) су қоймалар өсімдіктерін:
  2. Су жағалауы –литоральды –бұталы.
  3. Cу жағалауы бұтасыз.
  4. Ашық су қоймаларында өсетін өсімдіктер [2, 18-20-б.].

Г. Менколь –Шапова (1930) өсімдіктерді су және су жағалауы ассоциацияларына бөлген. В.Сукачев (1926) су өсімдіктері қауымастықтарын бес топқа бөлген. Олар:

  1. Еркін жүзуші.
  2. Су түбінде бекіген толық батып өсетін өсімдіктер.
  3. Су түбіне бекіген қалқып өсетін жапырақты.
  4. Сплавин және зибундар.
  5. Өрекенді жапырақты өсімдіктер[3, 56-58-б. ].

В. Доброхотова (1940) Волга дариясы дельтасының өсімдіктерін төрт негізгі топтарға бөледі:

1.Су тереңдігіне байланысты болмаған еркін жүзуші өсімдіктер.

  1. a) Су бетінде өсетін өсімдіктер.

ә) Су ортасында өсетін өсімдіктер.

2.Су түбіне бекіген өсімдіктер.

Суға толығымен батып өсетін өсімдіктер.

Суға батып өсетін, гүлдері судың үстіңгі бетінде орналасқан өсімдіктер

б) Су бетінде қалқып өсетін өсімдіктер;

в) Су бетіне өркен және жапырақтары көтеріліп өсетін өсімдіктер.

3.Судың үстіңгі қабатында өсетін өсімдіктер қауымдастығы

4.Аралас су өсімдіктері.

Т.Таубаев (1954) Амударьяның төменгі ағысында орналасқан қоймалардан өсімдіктердің үш экологиялық топтарын анықтаған: су жағалауы, жартылай батып өсетін өсімдіктер, суға толығымен батып өсетін және жапырақтары су бетінде қалқып өсетін өсімдіктер.

Ш. И. Коган (1955) Мургаб оазисі су қоймаларынан 6 негізгі су өсімдіктерінің экологиялық топтарын анықтаған.

  1. Суға толығымен батып, су ортасында гүлдеп, жеміс түзетін өсімдіктер.
  2. Суға батып өсетін бірақта генеративті органдарын су ортасынан тыс қоятын өсімдіктер.
  3. Су жүзінде қалқып өсетін жапырақты өсімдіктер.
  4. Су жағалауы және батпақта өсетін өсімдіктер.
  5. Ылғалды мекен — жайларда өсетін өсімдіктер.
  6. Уақытша сулы қоймаларда өсетін өсімдіктер.

Арменияның Арпат жазықтығының су қоймалары өсімдіктерін О. М. Зедельмейер (1925) төрт топқа ажыратты.

А.М. Барсегян (1956) Аракс дариясының (Армения) өсімдіктерін зерттеп, төмендегі экологиялық топтарды ажыратты .

  1. Су өсімдіктері
  2. Су – батпақ өсімдіктері
  3. Шалғын – батпақты өсімдіктер
  4. Солончактар

Быков су өсімдіктерін бес ярусқа бөледі .

  1. Су түбі өсімдіктері (балдырлар).
  2. Қысқы шөптесін өсімдіктер.
  3. Биік өмімдіктер.
  4. Қалқып өсетін өсімдіктер.
  5. Су бетіндегі өсімдіктер.

Автордың айтуы бойынша қауымдастықта екі одан көп ярусқа тиісті өсімдіктер болуы мүмкін .Осындай ярустылық су реттегіші жағдайында да кездесуі мүмкін. Бірінші ярус бұл жерде су түбіндегі бентостық организмдер кездеседі.Үшінші ярус негізінен пленкалар « лепешкалы » балдырлар су бетінде қалқып өсетін өсімдіктермен жабысып өседі. Төртінші ярус су үстінде өсетін өсімдіктер бөліктерінен тұрады.

Жоғарғы сатылы өсімдіктер негізінен монотонды, ал фитоценоздардың құрылымына, ярустылығына, өсімдік түрлерінің ценоздағы орналасуына және өсімдіктің фенологиялық фазаларына байланысты.

Айта кету керек, кейінгі уақытқа дейін балдырлар қауымдастықтарының құраушы түрлері анықталмаған. Jean –Sacgus, Symoens, C.Hartog т.б. еңбектерінде экологиялық факторларға байланысты Ардени су қоймасы балдырларының қауымдастықтары анықталған. Оларды:

1.Эпитикалық көк-жасыл балдырлар.

2.Кристалды балдырлар көк-жасыл балдырлармен байланысты.

3.Диатомды балдырлар қауымдастығы.

4.Талшықты жасыл балдырлар қауымдастығы.

В.Д.Гавриленко (1955) су өсімдіктерін зерттеу барысында талшықты және сәулелі балдырлардың қауымдастықтарын анықтаған. Оның айтуы бойынша талшықты балдырлар Anopheles личинкасының өсіп-дамуына қолайлы жағдай туғызады.

М.М.Голлербах және Л.М.Зауер (1959) ғылыми зерттеулері бойынша топырақ балдырларының жоғарғы сатылы өсімдіктер мен қауымдастықтарының бастауы болады [5, 66-70-б.].

Л.М.Зауер (1956) 3 ассоциацияны ажыратады. Олардың жоғары сатылы өсімдіктермен байланысын жазады[6, 45-46-б.].

Қорыта келгенде, өсімдіктер қауымдастықтары, оның түрлер құрылымы бойынша жоғарғы өсімдіктер мен балдырларды бір-бірінен ажыратып болмайды. Өсімдіктер қауымдастығының түрлерін толық анықтағанда, біздер олардың таралу заңдылықтарын толық түсіне аламыз. Бірақ та көпшілік зерттеушілердің геоботаникалық-экологиялық ғылыми жұмыстарында (Доброхотова 1940; Коган 1955; Барсегян 1956 т.б.) жоғарғы сатылы өсімдіктер қауымдастықтары балдырларды қоспастан бөлек қарайды. Бірақ та балдырлардың түрлері қауымдастықта көптеп кездеседі және олар жыл бойы вегетация кезеңінен өтеді. Су қойма тіршілігінде маңызды роль атқарады.