Дарвин мен Энгельстің адам адам тәрізді маймылдардан шықты деген түсініктерінің дұрыстығын толық көрсетті.Ежелгі адамдармен неандертальдықтардың сүйектерінің қалдығы, сондай-ақ солардың іс-әрекеттерінің іздері Ескі Дүние материктерінен табылғандығын айта кеткеніміз дүрыс. Бұлар Афдерикадан да, Тынық мұхит аралдарынан да табылған жоқ.
Ескі Дүниенің территориясында шамамен бүдан 100 мың жыл бұрын кроманьондықтар да қалыптасты. Ондаған мын, жылдар өткеннен кейін осы кездегі адамдар кең таралып, бүкіл Жер жүзіне тарап кетті.
Осы ұзақ мерзім ішінде кроманьондықтардын, ұрпақтары әр түрлі климаттық жағдайларға тарап сонымен тіркескеналуантүрліфизикалық. факторлардыңәсеріне ұшырадыБұл жағдай белгілі географиялық облыстарда мекендеуші адамдардың сыртқы бейнесіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде әр түрлі континенттің әрқилы зоналарында мекендеуші адамдардың жеке топтарының терісі мен көзінің түстері, шашының түрі мен реңі, мұрын, ерін, бет әлпетінің және басының бейнелері, бойының үзындығы және оның пропорциясы сияқты белгілер жиынтығы женінен бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болды. Осы топтардың бәрі үш үлкен нәсілге біріктіріледі: 1) негроидтық-австралоидтық немесе зкваторлық, 2) европоидтық немесе европалық-азиялық және 3) монголоидтық немесе азиялық-америкалық. Әрбір үлкен нәсіл езінше кіші нәсілдерге немесе екінші нәсілдерге бөлінеді.
Негроидтық-австралоидтық нәсілдерге жататын адамдарға мынадай белгілер тән: терісі, шашы және көзі қара түсті; шаштары бұйра немесе толқынды; мұрнының қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сакал және мұрты не селдір (негрлер), немесе өте қалың (австралиялықтарда) болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге белінеді: африкалық континентте мекендеуші — негроидтар және Австралия континентімен байланысты және Мұхиттық аралдарда мекендеуші — австралоидтықтар.
Европоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің реңі әр түрлі ашық реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер; шаштары жүмсақ, толқынды не түзу, талшықты, шаш реңі тым өзгергіш ашық түстен қараға дейін; мұрыны қушық, едәуір биік, қыр мұрынды; еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою өскен сақал-мұрты болады. Бүл нәсіл екі кіші нәсілге бөлінеді: 1) о ң т ү с т і к немесе үнді-жерорта.теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қой көзді, терісі қоңыр түсті (мысалы, индеецтер, тәжіктер, армяндар, гректер, арабтар, итальяндықтар, испандықтар және 2) солтүстіктік немесе балтикалық н ә с і л, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе көк көзді (орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар)-
Монголоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің түсі сарғыштау реңді. Шаштары қара, талшықтары әдетте түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш шығады және селдір болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет сүйегі шығыңқы, үстіңгі қабақ терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз қиығын толық не шала жауып түрады; әдетте қысқа мүрынды болады.
Монголоидтық нәсілге американдық (индиялық) кіші нәсіл де жатады, бүлардың көптеген белгілері европоидтықтар типіне жақын. Мысалы, бет әлпеті және биік қыр мұрыңдылығы жөнінен индеецтер европоидтықтарға үқсайды.
Нәсілдердің өзіндік ерекшеліктері соншалықты маңызды белгі болып саналмайды. Әдетте ол белгілердің ерекше бейімділік мәні жоқ, сонымен қатар нәсілдер өз ара араласып кетуімен байланысты олардың айырмашылықтары шын мәнінде жойылған; нәсілдік топтарды араласып кетйен өте қүрамды топ деп қарауымызға болады.
Нәсілдердің пайда болуы және дамуы ете күрделі тарихи процесс. Я. Я. Рогинскийдің пікірінше, осы кездегі адамдардың қалыптасуының бас кезінде, яғни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен Европаның соған таяу аймақтарында екі нәсілдік топ — оңтүстік-батыстық жопе солтүстік-шығыстық топтар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және Гиндукуш тау тізбектері және Үндіқытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы екі топтың біріншісінен европоидтык және экваторлық үлкен нәсілдер шықты. Екіншісінен монголоидтық нәсіл қалыптасты. Бұдан бірнеше кіші нәсілдер шықты, соның бірі америкалық нәсіл. Бұл Азиядан Беринг шығанағы арқылы Солтүстік Америкаға өтіп кеткен, содан бүкіл Жаңа Дүниеге таралған.
Капиталистік елдерде үстем таптың идеологтары нәсілдік айырмашылықтарды ғылымға Қайшы теория құру үшін пайдаланып келеді. Олардың бұл теориясы — нәсілшілдік деп аталады. Нәсілшілдік — әр түрлі нәсілдер биологиялық тең бағалы емес деп қарайды. Бүл нәсілдік дискриминация саясатын — қанау және езу, құл ету саясатын ақтау үшін айтылып отырған пікір.
Нәсілшілдікті жақтаушылар «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер бар деп таниды. Оларша өзіне тән биологиялық ерекшеліктері бар «жоғарғы» нәсілдер ғана мәдениеттін, және прогрес-тің иелері. Осы азғантай «жоғарғы» нәсілдердің келешекте даму правосы бар. Төменгі нәсілдердің өзіне тән биологиялық ерекшліктеріне байланысты мәдени даму қабілеті жоқ, бұлар азғындыққа ұшыраған құлдардың нәсілдері. Нәсілшілдік фашизм идеяларымен үштасты және ұштасуда. Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында нағыз фашистік мемлекеттерде — гитлерлік Германияда, Италияда және Жапонияда фашистік көзқарастар үлкен өріс алды. Соғыс ашу үшін жұртшылықтың пікірін аударуға дайындық жүргізілген жерлерде әрқашан нәсілшілдік өріс алады.
Нәсілдердің биологиялық тең бағалы еместігі жайындағы теориясында нәсілшілдер өздерінше ғылыми дәлелденген деп таныған мына үш жағдайға сүйенеді: 1) әр түрлі нәсілдер әрқилы ата тектен тараған; тек европоидтық нәсіл ғана кроманьондықтардан шыққан, ал басқа нәсілдердің тегі неандертальдықтармен байла-нысты; 2) әр нәсілдің бас сүйегінің ми орналасқан бөлігінде айырмашылық бар; әр нәсілге жататын адамдардың ой-өрісінің әр түрлі дәрежеде болуы осыған байланысты және 3) нәсілдердің даму қабілеті бірдей дәрежеде емес.
Бұл жағдайлардың бәрі ғылыми мәліметтерді бұрмалау негізінде құрылған, солай екендігін жоғарыда аталып кеткен фактыларға сүйене отырып, дәлелдеу қиын емес. Сол үш жағдайды жекелеп талдап көрейік. Бірінші жағдайды айтылып кеткен палеонтологиялық зерттеулердің материалдары жоққа шығарды.Ол материалдар тарихи тұрғысынан қарағанда неандерталдықтар -өте ертегі адамдарды кроманьдықтармен байланыстыратын даму кезеңі екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ осы кездегі адамдардың нәсілдерініңқай-қайсысында неандертальдықтармен тікелей байланыстырғандай кроманьондықтардан басқа аралық форма жоқ.
Осы кездегі адамның арғы ата тектері өте көлемді территорияны мекендегендігі, онда нәсілдер қалыптасатындай ерекше оқшау орталықтар болмағандығы жайында палеонтология көптеген материалдар жинап отыр. Бұл нәсілдердің пайда болуы жайындағы полицентрлік теорияға қарсы дәлел болып табылады.
Екінші жағдай да сынға төтеп бере алмайды. Адамдардың барлық нәсілдері денесіндегі адам сипатын көрсететін негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас.Бас сүйегінің миы орналасқан бөліігі жөніненде сондай.Әрине жеке адамдардың бас сүйегінің миы орналасқан бөлігінің кеңдігі әр түрлі болуы мүмкін,бірақ мұның адам қабілетіне ой-өрісіне әсері жоқ.Бұған мына мысалдар дәлел болады.неандерталдықтар мен кроманьондықтардың ми көлемінің орташа мөлшері тең болатын. Бірақ неандерталдықтардың санасы кромоньдықтардан төмен болғанына ешкім күмәндана алмайды.Осы кездегі мәліметтер мидың көлеміне қарай адамның қабілетін ажыратуға болмайтындығын көрсетіп отыр. Мысалы Тургеневтің миының салмағы 2012 г, ал жер жүзіне аты әйгілі тағы бір жазушы-Анатол Франстың миының салмағы одан екі еседей жеңіл, бар болғаны 1017 грамм-ақ.