Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдіңгеографиялық немесе экологиялықпопуляцияларының топтары енеді. Расаларға жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үшбейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип және 3) биологиялық раса.
Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын географиялық популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде әрқашан аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өз ара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың араларында физиологиялық және генетикалық оқшаулық жоқ.
Әдетте, ареалы көлемді түрлер көптеген түр тармақтарына бөлінеді. Мысалы Совет Одағының территориясындағы кәдімгі тиіннің жиырма екі түр тармағы бар.Толып жатқан популяциялар ішінен әрбір түр тармақ реңіне қарай ажыратылады, оның көптеген даналарын салыстырғанда ғана айырмашылық айқын көрінеді.
Сонымен қатар көршілес екі түр тармақтарының араларында әрқашан аралық белгілері бар особьтар кездеседі.
Түрдің ареалы тұтасып жатқанжағдайда көршілес екі түр тармағының шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интерградациялық аралық зона болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға сына тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.
Басқа жағдайларда түр тармақтық ареалдар біршама дәл ажыратылады, бұл түр ареалының табиғи бөлшектенуінен байқалады. Бұған теңбіл торғай мысал болады. Бұл түр Соломон аралдарында мекендейді; бұл бірнеше географиялық расалар құра отырып, әрбір расаның бір не бірнеше аралдар көлемінде меншікті ареалы болады.Бұлардың екі формаларының ғана реңі ұқсас, қалғандарының қораздары қауырсындарының әшекейлі түсті мәнерлерінде айырмашылық бар. Сонымен қатар, қай түр тармағының популяциясында болса да баска түр тармақтарына тән белгілері бар особьтар кездеседі. Сөйтіп түр тармақтарының ареалдары бір-біріне түйісіп жатпаса да, жеке популяцияларда географиялық расаларды біртұтас системаға байланыстырушы аралық формалар әрқашан болып отырады.
Экотип немесе экологиялық раса — тұрақты морфологиялық және биологиялық белгілері б а р және ареалынын, көлемінде белгілі орын тепкен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Осыған орай экологиялық расалар бір географиялық орында кездесуі мүмкін, бірақ олар әр түрлі экологиялық жағ-дайларда мекендейді. Экотиптер өсімдіктерде сипатталған. Мұның мысалдары жоғарыда беріліп кетті
Биологиялық раса, немесе иелі раса — паразиттік формалардың арасында кездесетін, белгілі бір иелерінде мекендеуге бейімделген популяциялардың оқшау жиынтығы. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық паразиттік топтарында биологиялық расалар пайда болатыны көптен мәлім. Бүлар насекомдарда жақсы зерттелген. Мысалы, жапырақжегіде екі раса бар, мұның біреуі талдарда, екіншісі қайыңда мекендейді. Қызылша шыбынында , алабота өсімдіктерінде және алқа түқымдастарында мекендейтін екі расасы болатындығы дәлелденді.
Түрді жекелеп алғанда, сол түрдің ерекшеліктеріне және оның особьтары мекендеген сыртқы ортаның алуан түрлі жағдайларына байланысты бүл схема түрліше болып шығады. Түрді құраушы популяциялардың құрылымының өзі күрделі; бұл, түр таралған аймак көлемінде олардың ортаны меңгеруін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты түрдің құрылымы да күрделене түседі.