Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның мәдени түрге айналдырған өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тану. Мұны жер шарының әр жерінде шығарған сүт қоректілер мен құстардың көптеген тұқымдарымен, сондай – ақ өсімдік сорттарынан көреміз. Солтүстік Африканың шөлдерінде финис пальмасынан 38 түрше шығарылған. Полинезияның бір ғана аралында нан ағашының 24 түрі және сонша банан түрлері егіледі.
Сүмбіл гүлдің 1200-ден астам түрін иеленген голландиялық гүл маманы Верхульем ешбір қатесіз бір ғана жуашығына қарап өсімдіктің қай сортқа жататынын ажыратады екен.
Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайларындағы өзгерістердің қандайы болса да өзгеріс туғызады, организмде мұндағы әрқилы өзгерістер әр түрлі организмдерге түрліше әсер етеді деген қорытындыға келді.
Үй жағдайында тіршілік жағдайының өзгерістері организмге елеулі өзгерістер енгізетінін байқаймыз. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады оның қандайда бір себебі бола тұрса да, бірге өздігінен болған өзгеріс сияқты көрініп, себебі белгісіз болып қалып отырады. Осыған байланысты Дарвин өзгергіштікті екі түрге бөледі айқын (топтық) өзгеріс және айқын емес(жеке өзгеріс)
Топтық өзгеруде белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік сортының особьтары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді. Мысалы организмнің өсуі қоректің мөлшеріне, оның түсі қоректік сапасына байланысты. Жеке өзгеріс немесе анық емес өзгеріс бір түрге жататын особьтарға тән белгілерде болады. Өзгергіштікті адам жасамайды, адам тірі организмдерді тек жаңа тіршілік жағдайларының талқысына түсіреді, сол кезде оларға табиғат әсер етіп өзгеріс туғызады. Организмнің өзгеруі бұл екі фактордың өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады, яғни организмнің табиғаты мен табиғат жағдайларының әрекеттесу нәтижесі.
Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолға үйретілуін, егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Жануарлар мен өсімдіктерде өзгерістер пайда болуын зерттей келіп, Дарвин организмнің әр түрлі оргондары мен оргондар систематикасында болатын өзгерістердің өзара байланыстылығын көрсеткен өте маңызды бірқатар заңдылықтарды ашты. Осындай заңды өзара байланысқа жататындар:
1.Коррелиятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз –белгілі органның өзгеруімен байланысты басқа оргондардың өзгеруі. Кювье бұл коррелияциялар бастан бар, оны құдай жаратқан деп түсіндірген еді. Дарвин корреляция организмдердің тіршілік процесінде пайда болады, сол себепті бір оргондағы өзгеріс екінші оргонда өзгеріс тудырады деп дәлелдеді.
Коррелятивтік өзгеріс оргондардың құрылысында да және олардың функцияларында да байқалады. Шалшық су құстарының көбінде ұзын мойын мен ұзын сирақ арасында корреляция бар екендігін көреміз, яғни ұзын мойынды түрлердің аяқтары да ұзын болып келеді.
2.Компенсациялық өзгергіштіктің мәнісі бір оргондардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір оргондарды тежеп, олардың жетілмей қал-
уына және редукциялануына себеп болады. Бұны тепе –теңдік принцпі (копенсация) деп атап, Жоффруа Сент –Илер осы заңдылық туралы жазған болатын. Компенсацияялық өзгергіштікке байланыысты екі белгілерде де кері коррелияця болады. Мысалы бір сортқа жататын копусталар әрі май жапырақты әрі көп тұқымды бола алмайды. Сиырды өте семірту мен қатар сүтті май беретіндей етуге жеткізу қиын.
3.Табиғи сұрыптау процесін зерттеу арқылы Дарвин түрлер тегінің монофилиялық теориясын құрды, оның мәнісі — өсімдіктердің немесе жануарлардың әрбір ірі тобы бір негізден таралған деп тану. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір іріленгендерін және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатыындығын көрсетті.
Тұқым қуалаушылық организмнің өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық оргаанизмдерге тән ортақ қасиет. Бұл ата тегінің белгілері, ұрпақтан- ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде болады.
Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық сорттары адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, осы мақсатта ерекше әдіс қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болады.
Белгілердің дивергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата-тегі ортақ организмнің белгіілерінде айырмашылықтың пайда болуы дивергенция делінеді.
Әр бағытта жүргізілген методикалық сұрыптау белгілердің дивергенциясын тудыратындығы Дарвиннің кептерлер туралы берген мысалынан жақсы көрінеді.
4.Жануарлар тұқымдарының ерекшеліктері қорек және жаттығу жағдайларымен байланысты белгілі бағыттарды сұрыптау арқылы қалыптасты. Бұған тауық тұқымдарын шығару процесі дәлел болады. Тауықтың қазіргі тұқымдарының шыққан ата тегі жабайы банкив тауығы.
Оның мекен ететін ареалы солтүстік Индия, Молокко, Үнді-Қытай, Филиппин аралдары және Малай архипелагы. Ол ормандарда мекендейді; бұталардың астына топырақтан және бұтақтардан ұя жасап, 4-13 жұмыртқа салады. Банкив тауығы ықшам денелі (500-1250г) түсі өте құбылмалы ормандық құс, қолға тез үйренеді. Солтүстік Индияда осыдан 5000жыл бұрын асыранды тауықтар болған.
Селекцияның негізгі бес бағытына сәйкес қазіргі тауықтардың барлық тұқымдары мен топтарға бөлінеді; 1) таласқыш, 2) сәндік, 3) етті, 4) жұмыртқалағыш және 5) жалпы пайдалы.
Белгілер конвергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптаудың негізгі салдары бір жағынан дивергенция болса, ал бір қатар жағдайы оған қарама — қарсы нәтижеге соқтырады, яғни белгілер конвергенциясын ( жақындасуын) пайда етеді. Конвергенция – қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата-тегі әр түрлі организмдерге ұқсас белгілер пайда болуы.