Технологиялық процестерді ұйымдастыру. Биотехнологиялық кәсіп орындарының рентабелділігін арттыруда, барлық бағытта үйлесімді жүйеге келтіру керек. Оған белгілі бір мақсатпен өндірілген өнімде субстраттың конверсиясы өте толық дәрежеде болуы, олардың концентрациясы да мол болып, бастапқы заттарды бөлу және тазарту процестерінің құнын төмендету және алынған нәтижені қайтадан қайталап өндіруді көбейту жатады.
Бұл міндетті орындау үшін әртүрлі бағытта жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, кейбір өндірістерде үйлесімділік процестері ортаны таңдап алу, басқаларында – жаңа штамдарды немесе микроорганизмдердің аралас культураларын пайдалану, үшіншілерде –фагқа қарсы күресу жұмыстарын нақты ұйымдастыру, төртіншісінде –микроорганизмдердің иммобилизацияланған клеткалары негізінде биореакторлардың жаңа типтерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ферментация процестерін ұйымдастыру
Ферментация процесі жағдайында үйлесімділік /оптимизация/ деген терминді таза тәжірибелік сипатта жүргізілетін жұмысты атқаруда мақсатқа сай өндіретін өнімді алуды, қамтамасыз ететін қоректік орта құрылымының концентрациясын және биореакторлардың жұмысын қолайлы режимде жүргізу деп түсіну керек. Технологиялық объектілер алға қойылған міндетіне сәйкес үйлесімділіктерді мынадай түрлерге бөледі:
— Аппарат конструкциясы және олардың мөлшерін таңдап апумен байланысты жасалатын, қолайлы жобалардың міндеті, қоректік орта құрамын, түзгіш-штамдар мен оларды өсіру режимдерін іске асыру. Бұл мәселемен инженер-технолог айналысады.
— Жедел басқару міндеті – режимді параметрлердің өзгерісіне байланысты технологиялық процестердің іске асуын бақылау. Бұның мәселелерімен технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі маман айналысады.
Көптеген микробиологиялық синтездің технологиялық процестері оқтын-оқтын тәртіпте жүреді. Үздіксіз өсіру әдісі, тек мал азықтық ашытқыларды өндіруде қолданылады. Қоректік орта құрамындағы заттардың ара – қатынасының ең қолайлысын таңдап алу, оқтын-оқтын жүретін процестердің үйлесімділігінің басты тәсілі болып есептеледі. Математикапық әдіспен жоспарлауды қолдану, процестің едәуір қарқындануына мүмкіндік береді. Әдетте, биомасса концентрациясы немесе белгіленген ұзақ мерзім аяқталғаннан кейін ферментация соңында мақсатпен алынған өнім сапасы, үйлесімділіктің кепілі болмақ.