Көрнекілік әдіс.
Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір – бірімен тығыз байланыста.
Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес.
Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.
Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар – оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.
Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.
Көрнекілік әдәсін қолдану, оқушылардың хаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.
Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.
- Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)
- Бейнелеу құралдары ( таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.)
Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.
Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі “тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады.
Жануартану адам физиологиясы сабақтарында тірі жануарларды демонстрациялайды. Сүт қоректілердің, құстардың орташа көлемді түрлерін торда ұстап немесе арнайы жасалған ұяларда көрсету үшін мұғалімнің үстеліне қояды. Ұсақ жануарларды құрбақа кесірткі, шаян сияқты шыны ыдыстарға салып бетін дәкемен жауып көрсетеді. Пробиркада өте ұсақ жануарларды, бунақденелілерді, өрмекші тәрізділерді, қуыршақтарының дамуының әртүрлі сатысында демонстрациялайды. Үлкен жануарладың қаңқасын, модельдерін мульяждарында контрасты экран жарық сәулелерін қолдану арқылы арнайы үстелдерде көрсетеді. Тәжрибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданлады. Тәжрибелерді бірнеше оқушыларға бөліп береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжрибені қою Тәртібінің суретін салып, қортынды нәтижелерін жазады. Мысалы: жасыл өсімдіктердің жарықта оттегінбөлуі, өніп келе жатқантұқымның көмірқышқылгазынбөлу туралы. Көпшілік микроскоптық объектілер биология сабақтарының барлығында қолданылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар микроскоппен жұмыс істеу икем дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік әдісін Қолдану сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, нағыз білім алу көзіне айналады. Қандайда болмасын әдістің негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше білім алуын көздейді. Олардың сана сезімін дамытып, логикалық ойлауын, шығармашылығын, өз бетінше білімін іс — әрекетте, практикада білуін дамытады.
Практикалық әдістер.
Практикалық әдістер бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауның нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық метадоттарды қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулйды. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс – жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық жұмыстардың методоттардың түрлеріне жататындар:
- Табиғи обеъктілерді танып білу және анықтау.
- Құбылысты бақылап есепке алу.
- Экспериммент жасау.
Практиклық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек. Көрнекілік методымен практикалық методот кезіндегі оқушыларының бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. Осындай құбылыстардың нәтижесінде оқуушылар құбылыстыдәлелдейтін материялдар жинайды.