Жер бетінде фитоценоздар белгілі заңдылықтармен таралады.
Олардың біреулері негізінен экотоптың жағдайына сәйкес фитоценоздардың алмасу ерекшеліктеріне байланысты. Бүған әртүрлі комплекстік / Латынның Complexys -қабысу, түтасып кету/ қүбылыстар жатады. Екіншілеріне ассоциациялардың, формациялардың жәнез өсімдіктер жабыны типтерінің климат жагдайына байланысты таралып горизонтальдық және вертикальдық эоналарга бөлінуі жатады .
Комплекстілік — бір ландшафтагы әртүрлі ассоциациялардың экотоп жағдайына байланысты алмасулары салдарынан өсімдіктер жабынының біркелкі емес формалары. Шыгу тегі биогендік нанорельефпен /гректің Nannos -тырбиган және relief — рельеф — бедер , рельефтің өте кішкентай формалары — горизонталі 1 дм — 2 м , вертикалі 1 м дейін , мысалы , саршүнақ төмпешігі / немесе микрорельефпен /гректің Mikos — -кішкентай , relief — релъеф, рельефтің кішкентай формалары , мысалы , кішкентай құм төбешіктері , сор /сортаң/ ойпаты және т.б./ байланысқан нағыз комплекстерде бір емес бір неше ассоциацияларга жататын фитоценоздардың бір ізбен /жүйелі/ түрақты алмасып отыратындығын байқауга болады .
Комплектёгі фитоценоздар экотондағы (гректің Oikos -үй және ton -пішін , түр , ренк ) — қауымдар арасындағы өтпелі микрозона сукцессиялар арқылы бір — бірімен байланысты . Олардың багыты осы аймақтағы байырғы , түпкілікті өсімдіктер жабыны типтерінің қалыптасуында , өсімдіктер және топырақ — комплексі дамуының жалпы стратегиясына сәйкес болады . Комплекске енетін ассоциациялар санына байланысты олар .екі мүшёлі , үщ мүшёлі , төрт мүшелі және т.б. болып бөлінеді . Мысалы , үш мүшелі комплекс /Келлер,І907/: Тропикалық ылғалды ормандарда үстемдік жасаушы өсімдік қауымын жасаушы өсімдік түрлерін білу өте қиын. Дегенмен көптеген фитоценоздарда бір немесе бірнеше түрлер фитоценозды құрауда басқа түрлермен салыстырғанда бірнеше түрлер фитоценозды жасауда басқа түрлермен салыстырғанда басымдық көрсетеді. Ондай түрлерді доминанттар деп атайды. Санына қарай моно және полидоминантты болып бөлінеді.
Artemisietum kochosum
+Festecetum pyrethrosum
+Stipaetum festucosum .
Жоғарыда нағыз комплекстерде фитоценоздардың алмасуы бір жүемен , түрақты болатындығы айтылды . Ал егерде фитоценоздардың алмасуы . бір жүйеде , түрақты болмай әртүрлі сипатта болып және фитоценоздардың мөлшері әр қалай болса ол комплекстілік емес комбинация /латынның соmbіпо — қосамын , жалғаймын/ деп аталады . Комбинация мезо және микрорельефке тікелей тәуелді . Комбинация деген территория өсімдіктері жабынының бөлігі. Комбинация микрокомбинация /кішкентай/ , мезокомбинация /орташа/ және макрокомбинация /үлкен/ болып бөлінеді . Мысалы, таудың беткейіндегі қауымдар комбинациясы . Іле Алатауының батыс беткейіндегі өрік агашы — Armeniace vulgaris Lam.