Барлық экологиялық факторларды әсер етуі едісіне байланысты организмге тікелей әсер ететіндер /жарық, жылу, ауа, су, минералды қоректену. Режимдері /, және жанама /басқа факторларға әсер ететіндер/ әсер ететіндерге /жогарыда аталган режимдерге әсер етіп солар арқылы өсімдіктерге әсер ететін факторлар жатады/ бөлуге болады. Бірақ бір фактордың езі бір жагдайда организмге тікелей әсер етіп ал екінші бір жагдайда жанама әсер етуі мүмкін. Мысалы, учаскенің жер рельефіндегі /бедерлік/ орны — негізінен жанама фактор өйткені ол жарықтың, жылудың, судың, мөлшеріне әсер етеді, сондықтан ол тіршілік орнының_жылу, ауа, су және түз режимдері арқылы өйімдіктерге әсер етеді. Кей жағдайларда учаскенің рельефіндегі, орны тікелей әсер етуші фактор болуы мүмкін; мысалы, тау баурайының тіктігі өсімдіктердің келіп орналасуына қиындық жасап кейде тіпті мүмкіншілік бермейді.
Тікелей әсер ететін факторларды эколого — физиологиялық немөсе негізгі факторлар деп те атайды. Бүл факторлардың біреуі екіншісін алмастыра алмайды. Мысалы су жеткіліксіз болса оңы қорөктік заттың мөлшерін көбейтумен орнын толтыруға болмайды.Жылылық жеткіліксіз болса, оның орнын да баска факторлармен толтыруға бол-майды. Сондықтан жылуы аз солтустікте тек қана сол жылудың жеткіліксіздігіне байланысты өсімдіктер ол жердегі артық ылғалды, қоректік эаттарды пайдалана алмайды. Ал құргақшылықты оңтүстік аудандарда судың жеткілікеіздігінен өсімдіктер бар жылылықты жарықты толық пайдалана алмайды.
Әкологиялық факторларды абиотикалық немесе физико — география-.лық /климат.топырақ жагдайы. химиялық қасиеті тагы с.с/ жәнө био-тикалық /фитогенді зоогенді. антропогенді/ топтарға бөлу әдісі кең тараған. Факторларды бүлай бөлу әрине оларды эерттеуге өте ыңғайлы. Егерде бүл факторлардың өсімдік өміріне тигізетін ықпалы жағынан келетін болсақ, онда ол факторларды бірінші әсер етушілер және комплөксті әсер етущілер деп бөлуге болады /сурет 12/
Егер бүл екі топтың өзара қатынасына көңіл аударсақ мынаны аңғаруға болады: жылылық факторы /температуралық жағдай/ климатқафитоценоздың микроклиматына орографияға және жер бетінің ерекшелігіне тәуелді ылғалдық /су/ факторы да бірінші кезекте климатқа және фитоценоздың микроклиматына байланысты, бірақ та орографиямен биотикалық’ факторлардың да әсері кем емес.
Жарық факторларының әсер’інде басты рольді климат атқарады, бірақ орографияның /мысалы,баурайдың зкспозициясы/ жене биотикалық факторлардың /мысалы, көлеңкелеудің| роліде аз емес. Химиялық
қүрам топыраққа және биотикалық факторларга /топырақ микрооргаңизмдері тағы с.с/ байланысты. Механикалық факторлар бірінші кезекте биотикалық /таптау. шеп шабу және т.б./ факторларга байланысты. Әрине бұл үлгіде бірінші әсер ететін факторлар мен комплексті факторлардың ездерінің ішіндегі, өзара есерлерін де ескеру керек.’
Негізгі басты экологиялық факторлар бір — бірімен тыгыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.
Әрбір зкологиялық фактор немесе факторлар комплексі өсімдік онтогенезінің әр фазасында әр қалай әсер етеді. Особьтардың экологиялық қасиеті олардың жасына және тіршіліктегі күйіне байланысты өзгёреді егер особьтардың бір жастағы топтарын зерттесе олардың бір — бірінен айырмашылықтары олардың өскен ортасына қатысты тіршіліктегі күйіне байланысты болады.
Әрбір экологиялық фактор белгілі сандық көрсеткіштерімен си- -патталады қарқындылығымен және әсердің мөлшерімен /диапозон/, Сонымен экологиялық фактордың әсері оның дозасына тәуелді. Фактордың әсері ең алдымен оның амплитудасымен теңселу шегімен си-патталады. Осыған байланысты фактордың қарқындылығының маңызын көрсету үшін өте маңызды.екі басты нүктені бөледі /сурет №13,14/. Екі нүкте — минимум /аз шама/ және максимум /ең көп шама/ -фактордың амплитудасының тербелуінің өсімдік үшін екі шеткі нүктелері болып табылады. Егер фактор көрсеткішінің шамасы минимумнан төмен немесе максимумнан жоғары болып кетсе онда өсімдіктің жағдайы нашарлайды. Бүл екі нүктені қысым көрсёту зонасы «пессим» деп атайды. Барлық сызықтап тастаған зона өсімдіктің тіршілік әрекеті зонасы. Өсімдіктің ең тамаша дамуы фактордың қарқындылық зонасында болады /ортаңғы бөліғі/. Фактордың әсер ететін зонасы — минимумнан максимумға дейін — түрдің экологиялық валенттілігі болып табылады.
Экологиялы фактордын, үдемелі қарқындылығына байланысты осімдік жағдайынын, өзгеруі : 1 — теориялык тұргыдан ; 2- Фактордың нагыз әсері. ‘Культиасов 1982 ж. Сонымен биологиялық прогресс фактордың кез — келген өзгер.ісінде емес оның екі — ең аз /минимум/ және ең көп /максимум/ мөлшерлерінің араларында ғана іске асатын қүбылыс..
Белгілі фактордың екі мөлшері /максимум және минимум/ биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының /латынның Rantia –шыдамдыдық / шекарасы болып табылады. Егер факторлар жиынтыгының әсерін және конкуренттік қарым — қатынасын ескермесек сосын жасанды түрде бір ғана факторды «бөліп» алсақ тек сонда ғана жоғарыда айтылган ойлар күшінде болады. Осы жағдайда гана біздер түрлерді стенобионттарга және эврибионттарга жатқыза аламыэ. Стенобионттар /гректің Stenos -тар және Bіоs -өмір / ортаның салыстырмалы түрақты жагдайында гана өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделуі қысыңқы организмдер. Әврибионттар /гректің Eurus — кең және . Bіоs — өмір / әртүрлі орта.жағдайында өмір сүруге қабілеті бар, экологиялық кең бейімделген /немесе толерантты/ организмдер. Егер біз эвритермді түр десек — ол температурага қатысты, бүл температураның кең амплитудалық жагдайында өмір сүре алады деген магана. Стенотермді түр десек — оны демек температураның өзгермейтін қысыңқы жагдайында гана өмір сүретін өсімдік деп түсіну қажет.Турді бөлшектеудің екі тәсілі бар. Морфологиялық — географиялық тәсіл, түр тармаңтарын /подвид/. түршелерді /разновидность/. формаларды бөлуге мүмкіншілік береді, ол систематика үшін қажет. Экологиялық тұрғыдан түрлерді биотиптерге, экотиптерге және т.б. бөлудің маңызы зор. ерекше /аз тербеліс амплитудасы бар/ мекен жагдайларындагы түрлер өте қарапайым турішілік структураларымен сипатталады. Ал экологиялық жагдайлардың үлкен тербеліс амплитудаларына бейімделген түрлердің күрделі түрішілік структурасы болады. Эдификаторлар. және доминанттар есебінде мүндай түрлердің фитоценология үшін үлкен маңызы бар. Әдетте түрішілік ‘мынадай экологиялық топтарды бөледі: биотип, ценопопуляция, экотип.
Биотип — төменгі түрішілік бөлшек. белгілі бір түрдің барлық генетикалың туыс особьтарының жиынтыгы. Тур көптеген ‘биотиптерден түрады. Кейбір түрлердің биотиптері бір — бірінен анық ажыратылады /жалырақтарының ерекшеліктерімен. жемістерінің түсімен. гүл шогыр-. ларының ңүрылысымен жөне т.б./; біраң кейде биотиптер ете майда, анық емес белгілерімен ажыратылады. Сондыңтан биотиптерді анықтау өте қиынга соғады. Ол.үшін көп жагдайда эксперименттік әдіспен генетикалық анализ жасап генетикалық таза тармагын бөлу қажет. Кейде популяциядан бөлінген фенотипі жагынан біркелкі кез — келген өеімдіктер тобын биотип деп атайды.
Ценопопуляция. — Ортаның белгілі, бір нақтылы жагдайында емір сүруге қабілеттілігі бар биотиптер топтарын популяция деп атайды. Бүл бір түр особьтарының белгілі топтары. Олар генетикалық біркелкі емес, өйткені ол биотиптер жиынтыгынан түрады. Бір фитоценозда өсетін, жасы және тіршілік күйі жагынан айырмашылықтары бар тур особьтарының тобын ценопопуляция деп атайтындыгы туралы жэне олардың толыгырақ сипаттамасы жогарыда айтылган /3-ші тарауда/.
Экотип. — Экотип /гректің оікоз, -үй және tуpаs -тип/. Экотиптерді экологиялық топтардан ажырата білу керек. Экологйялық топтарды /ксерофиттер, мезофиттер, галофиттер, гигрофиттер жэне т.б./ түрдің бір гана экологиядық факторга қатынасына байланысты бөледі. Ал экотиптер есімдіктердің мекен жайының экологиялық факторларының комплексті әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Экологиялық факторлардың ішіндегі негізгілері климаттық эдафикалық жэне биотикалық факторлар. Соган байланысты экотиптерді климаттық, эда-фикалық және ценотикалық топтарға бөледі. Өсімдіктері үқсас тіршілік орындары жанама әсер ететін факторлардың әр түрліғіне қарамастан биологиялық бірдей /тең багалы/ немесе үқсас орындар деп аталады. Жанама факторлары әртүрді тіршілік орындарының биологиялық үқсастыгын әртүрлі бейорганикалық және биотикалық факторлардың сай келіп үйлесулері қамтамасыз етеді. Орман зонасьшың оңтүстік баурайында дала фитоценоздарының пайда болуын қалай түсіндіруге болады? Баурайдың оңтүстік экспозициясы /жанама әер ететін фактор /орман үшін қолайсыз, бірақ дала өсімдіктері үшін қолайлы, [ негізгі факторлардың сай келіп үйлесуін қамтамасыз етеді. Соның натижесінде баурайдың оңтүстік экспозициясы экологиялық және биологиялық жағынан қарағанда оңтүстікке таман тегістікке орналасқан;дала учаскелеріне үқсас болғандықтан ол учаскелерде дала фитоценоздары пайда болды.