Фитоценоздардың хронологиялық структурасы (фитоценоздардың өзгергіштігі)

Фитоценоздың экологиялық структурасы –оның дамуындағы өзгеріс белгілерінен тұрады. Оған фитоценоздардағы тәуліктік өзгерістер, маусымдық өзгерістер және әртүрлі жылдардағы өзгерістер жатады.

Фитоценоздың тәуліктік өзгергіштігі – өсімдіктің вегетация кезінде байқалады. Егерде өсімдіктің өскен ортасында ауаның температурасы ылғалдылығы, жел күші өзгеріп тұрса, фитоценоздың өзгергіштігі өзгеріп тұрады. Бір тәулік ішінде өсімдіктің барлық қызметтері өзгереді : фотосинтез, транспирация қоректік заттарды сору, олар өз ретімен фитоценоз ішіндегі ауаның құрамының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Көптеген өсімдік түрлерінің гүлдеуінің тәуліктік ритмі бар : мыс : қияқ, елек шөп тұқымдастар таңертең гүлдейді. Астық тұқымдастардың кейбір түрлері тәуліктің белгілі – бір уақытында гүлдейді. Бұл желмен тозаңданатын өсімдіктер үшін өте маңызды.

Бір тәулік ішінде кейбір өсімдіктер гүлшоғырының күнге байланысты орналасуы, жапырақтарының бейімделу бағыты өзгереді. Планктон балдырлар күндіз судың күн сәулесі түсетін барлық қалыңдықтарында кездеседі, ал түнде судың жоғарғы бетінде шоғырланады.

Фитоценоздың маусымдық өзгерістері.

Фитоценоздың маусымдық өзгергіштігі – оны құратын өсімдік түрлерінің жыл ішіндегі метеррологиялық жағдайдың құбылмалығына бейімделуінің нәтижесі. Бұл жағдайда бейімделу дегеніміз метеорологиялық жағдайдың ритміне үйлесімді өсімдіктер түрлерінің айқын жыл жайынғы тіршілікті ритмінің жасалуы. Мыс : қысы суық және жазы жылы ылғалды климат жағдайында, өсімдіктер қыста салыстырмалы тыныштық жағдайында болып, сосын көктемдік — жаздық – күздік өсу және даму циклдарынан өтеді. Ал жазы құрғақ және ыстық және қысы жылы және ылғалды климат жағдайында күздік –қыстық – көктемдік даму циклдары бар өсімдіктер үстемдік ететін фитоценоздар кездеседі. Олардың вегетация күзде басталады. Қыста ол әрі қарай жалғасады.

Бейімделу көптеген өсімдіктер түрлері үшін вегетациялық мерзімді түгел пайдаланудан тұрады. Өсімдіктің басқа түрлері вегетациялық мерзімді түгел пайдаланудан тұрады : өсімдіктің басқа түрлері вегетациялық мерзімді түгел пайдаланбай, тек оның бөліктерін ғана пайдаланады. (көктемдегі эфемерлер, жаздық астық тұқымдастар т.б.).

Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігінің негізгі себебі, олардың құрамында фенологиялық фазаларының өту мерзімі бірдей емес өсімдіктердің феноритмі болуы.

И.В.Борисова (1972) мынадай негізгі феноритмотиптерді ажыратқан.

1). Ұзақ вегетациялы өсімдіктер – вегетация кезеңі жыл бойына созылады.

2). Мәңгі жасыл өсімдіктер. Жапырақтары жылдан артық сақталады (14-16ай)

3). Жазда – қыста жасыл өсімдіктер — өсімдіктің барлық уақытта жасыл – жапырақтары болады (мыс V. Spicata).

4). Жазда – қыста – жасыл, жаздың жартылай толас (покой) кезеңі бар өсімдіктер. Бұл дала өсімдіктері.

5). Жазда –қыста жасыл – күздік қысқа толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетация дәуірі биыл күздегі жаңбырдың соңында басталып, келесі жыл күздің басында тоқтайды толас кезеңі қысқа (1-2ай) мыс : plantaqo lanceolanta.

6).Күзде, қыста, көктемде жасыл, жаздың толас кезеңі бар өсімдіктер көп жылдық түрлерінің вегетациясы күзден көктемге дейін созылады. Олар жазға қарай жапырақтарын тастайды мыс : Ranuncules.

7). Көктемде, жазда, күзде жасыл, ыстық толас кезеңі бар өсімдіктер. Көктемнен күзге дейін вегетациясы жүреді. Күзде жапырақтар тастайды – қоңыржай зоналардағы жапырақтары түсетін ағаштар, бұта өсімдіктері, орман шалғын, шөптесін өсімдіктер.

Қысқа вегетациялы өсімдіктер. Вегетациялау дәуірі жылдың ең қолайлы маусымдарға сәйкес келеді (көктемде және жаздың басында жазда және күзде

а). Көктемде –күзде жасыл, жаздың және қыстың толас кезеңдері бар өсімдіктер. Бұл типке жататын өсімдіктердің жапырақтарының көктемдік және күздік екі генерациясы бар (Papaver arientalis).

б) көктемді –күзде жасыл, жаздың толас кезеңі бар және қыста жеміс салатын өсімдіктер. Генеративтік фазасының циклі вегетативтік фазасының цикліне қарағанда ұзағырақ және күзге, қысқа қарай жылыған. Генеративтік мүшелері жер астында қыстайды.

в) көктемде, ерте жазда жасыл, жазда – күзде – қыста толас кезеңдері бар өсімдіктер (гемиэфемерондтар) вегетациясы көктемде басталып жаздың ортасына дейін жүреді (Ғеrula caspica, F. Soongarica)

г) жазда – күзде жасыл, қыста – көктемде толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетациясы жаздың басында, кейде көктемнің аяғында басталып күздің аяғына дейін жүруі мүмкін.

Эфемерлер – Вегетациялау кезеңі өте қысқа, көбінесе бір фенологиялық маусымды қамтиды, біржылдық өсімдіктер. Олар төмендегі типтерге бөлінеді : а) көктемде жасыл, жазда –күзде – қыста толас кезеңі бар өсімдіктер (нағыз эфемер, эфемерондтар) вегетациясы тек көктемде жүреді. б) жазда жасыл, күзде – қыста – көктемде толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетациясы тек жазда жүреді.

Фитоценоздардың әртүрлі жылдардағы немесе флуктуациялық өзгергіштігі.

Флуктуация (лат flucatio) – тербелу,тұрақсыздану — өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі – бір бағыты жоқ, циклді өзгеруі (циклдің өзгеруі 10-жылдан артық). Флуктуация тудыратын себептеріне байланысты Т.А.Работков 1978ж мынадай типтерге бөледі :

1). Экотопикалық

2). Антропогендік

3). Зоогендік

4). фотоцилді

5).Фитопаразитарлық.

Экотипикалық флуктуация климаттық тұрақсвыздығынан ортаның қасиеттері (топ ылғалдығы) өзгереді.

Антропогендік флуктуация – адамдардың әр жылда әр түрлі пайдалануына әсер етуіне байланысты. Фитоценоздарда өзгерістер болады. Антропогендік өзгерістер қайтып орнына келмейді немесе өте жай келеді.

Зоогендік флуктуация — өсімдіктермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің әсерінен болады мыс : жертесерлер т.б.

Фитоциклді – флуктуация – бұл түр өсімдіктердің дамуына байланысты. Әсіресе көптеген шөпті өсімдіктердің және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өзгерістерінде бұл құбылыс жақсы байқалады. Шалғындықтарда ауа райының жағдайы қолайлы болса, Н-5 жылда бір рет жоңышқа туысының түрлері жаппай дамып “жоңышқалы” жыл екенін байқатады.

Фитопаразитарлық флуктуация – кейбір паразитті саңырауқұлақтардың (мыс : зең саңырауқұлағы) жаппай көбеюі фитоценоздардың флуктуациясына әкеліп соқтырады. Олар жайылым фитоценоздардан алынатын мал азығының сапасын төмендетеді.