Ординация өсімдіктер жабынының үздіксіздігіне /континуум/ лайық келетін ең табиги процедура . Ординация әдістері тікелей, жанама , бір өлшемді және көп өлшемді болып беліңеді . Тікелей ординация әдісінде ретке келтіру ортаның нагыз факторлары /экологаялық , кеңістік , уақыт/ арқылы , жанама әдісінде — түрлер арасындағы байланыстың /нёмесе бейнелеу арасыңдағы үқсастықтын/ өзгеруі багыты бойында , бір өлшемді де бір фактор бойынша немесе бір ось бойында , ал көп өлшемді де — бірнеше факторлар немёсе осьтер бойыңда жүргізіледі .
Ординация әдістерінің экологиясы бір өлшемді ден көп өлшемдіге және тікелейден жанамага багытталып дамиды. Ординацияның әдістеріне тікелей градиеңтті талдау /аналиэ Лфакторларды талдау , басты компонент әдісі, Гаусов ординациясы. Л.Г.Раменекий әдісі өзара ординация және басқалары жатады .
Ординация фитоценоздар классификациясын алмастыра алмайды өйткені оның /ординацияның/ нәтижесі өсімдіктерді йнвентаризациялаудың әртүрлі формаларын іске асыруга жеткіліксіз. Сонымен қатар ординация түрлердің қауымдардың экологиясы және биологиясы туралы маңызды мәліметтер беретін аппарат ретінде классификациялау » процесін жеңілдетеді. Ординациялық үлгілерді керек жагдайда оңай классификациялық үлгілерге айналдыруга болады .
Өсімдіктерді және фитоценоздарды ординациялау әдісін біздің елімізде жете зерттеген Л.Г.Раменский /1938/ және оның оқушылары /Цаценкин және т.б. /. Егерде табиғи жагдайда түрдің молшылығы туралы көптеген сипаттап жазылған мәліметтерін немесе проекциялық жабынуын сыртқы ортаның бір факторымен мысалы, топырақтың ылгалдығымен салыстырсақ ылғалдықтың бүкіл диапозонын /шөлден батпаққа дейін/ бірнеше градацияға бөлуге болады . Соның нәтижесінде олар үшін түрдің молшылығының немесе проекциялық жабынуының орташа көрсеткішін анықтауға болады . Осылайша Л. Г. Раменский ылғалдық шкаласын жасады . Ол шкаланың мынадай ылғалдық градиенттері болды: І7 щөл , 18-30 шелейт — дала , 31 — 39 қурғақ дала , 40 — 4б орташа дала ; 47 — 52 шалғын дала ; 53 ~ 63 жаңа шалғын; 64 -76 дымқыл — щалғын; 77 ~ 88 –ылғал — шалғын ,
89 — 93 –батпақты — шалгын; 94 – 100 — батпақ . Осы сияқты шкалалар басқада факторларға /топыраңтың байлығы , топырақтың сортаңдануы. тағы с.с,/ байланысты жасалды. Әрине , ординация жардемімен экологиялық жағдайларды бағалауға болады. Л.Г.Раменский экологиялық шкалаларды түзде сипаттап. жазылған бланктерді бір жуйеге келтіру үшін , яғни әрбір ортаның жағдайына тән өсімдіктердің тізімін жасау ушін пайдадануды усынды. Ол жумыс былай жасалынды. Өсімдіктердің ‘жалпы тізімін жасайды , сосын оларды үш топқа бөледі ; кең тараған /тізімнің 75% тінде/ орташа жэне аз тараған /тізімнің 25% тін-де/. Содан кейіи бланкалардағы да керекті факторға /мысалы ылғалдыка/ байланысты үш топқа бөледі. Ортаңғы топка .негізінен кең тараган турлер саны көп бланкаларды , ал екі шеткі топтарга — аз тараган турлер саны көп бланкаларда — жатқызады ,
Сөз жоқ , мүндай ординация тасілін өсімдіктер жабынын уздіксіз /континуум/ деп қарағанда қолдануға болады . Сонымен қатар ол тәсіл таптік ассоциацияны, әсіресе ‘полйдоминантты қауымдарды , таңдап бөлуге мүмкіншілік береді.
«Ординация тәсілін» классификациялық тәсілге қарсы қоюдың қажеті жоқ . Керісінше ол екі тәсіл бірін-бірі толықтарын зерттелген аймақтың өсімдіктер жабындары туралы толығырақ мәлімет береді.