Фитоценоздар географиясы

Өсімдіктер және олардың қауымының жер шарында таралуын және сол таралудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым – ботаникалық – география деп аталады. Ботаникалық-география екі салаға бөлінеді.

1). Өсімдіктер географиясы -өсімдік түрлерінің және ірі систематикалық таксондардың жер шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді.

2). Фитоценоздар географиясы — өсімдік қауымдарының жер – шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді.

Өсімдіктер ареалының мәні

Ареал — өсімдіктер түрлері, туыстары және басқа категориялардың таралу аймағы. Ареалдың көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Өсімдік түрлері барлық континенттерде кездеседі (космополит), басқалары кішкентай территорияда кездеседі (эндем). Эндемдер палеэндемизм және неозидемизм деп ажыратылады. Палеоэндемизмге (реликт эндемдер) бұрын кең тараған, қазір құрып бітуге айналған таксондар жатады, олар қазір тек кейбір шамалы территорияларда ғана кездеседі мыс : глюкгоюра кезеңінде кең тараған қазір туыстың жалғыз өкілі Сынцзяньпроюро кезеңінде кең тараған туыстың жалғыз өкілі Сынцзяньпровинциясында ғана кездеседі. Неоэкдомизмге керісінше белсенді түрде пайда болып жатқан туыстардың түрлері жатады.

Фитоценоздар флорасының географиялық элементтері

Фитоценоздар формациясының және басқа өсімдіктер жабындыларының флорасында үш тобын ажыратуға болады : эндемдер, аэндемдер, эйремдер. Эндемдер – географиялық шағын аймаққа ғана таралған басқа жерде кездеспейтін түрлер : аэндемдер осы шағын аймақта пайда болған, бірақ қазіргі ареалы ол аймақ территориясынан шығып кетпек.

Эйремдер – бұл аймақ территориясынан сырт жерде пайда болған түрлер.

Флоралық дүниелер / царства

Флоралық дүние ең үлкен флоралық бөлім. Жер шарында бір –бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін алты флоралық дүниелер аймақтар бар.

1). Голарктикалық дүние. Ол Солтүстік жарты шарының тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды.

2). Полетропикалық дүние – ол ескі әлемнің барлық тропикалық (ыстық жақтар) аудандарын қамтиды, көптеген қысы суық аймақтарда кездеспейтін тропикалық тұқымдастардың болатандығымен ерекшеленеді. Мұнда үш дүние тармағы бөледі.

а) аффрикалық, б) индо –малайлық, в) полинезиялық.

3). Неотропикалық дүние – бұған Мексика. Орталық және Оңтүстік Америка жатады. Бұл дүниеде палетропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі.

4). Австралиялық дүние – бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда мұндағы барлық түрлердің 86% тек қана Австралияда кездеседі.

5). Антарктикалық дүние –бұл дүние Оңтүстік Америкадан жаңа Зеландияға дейін созылып, Антарктика континентін қоршап жатады.

6). Кап дүниесі – бұл флоралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы. Оған тек Африканың Оңтүстік батыс шегі ғана кіреді. Бұл дүниеде 6000-нан астам гүлді өсімдіктер түрлері кездеседі.

Фитоценоздардың комплекстілігі

Комплекстілік – бірландшафтағы әртүрлі ассоциациялардың экотоп жағдайына байланысты алмасулары салдарынан өсімдіктер жабынының біркелкі емес формалары. Комплекстегі фитоценоздар экотондағы (грек oikos – үй, tonos –пішін,түр,рең) –қауымдар арасындағы өтпелі микрозона сукцессиялар арқылы бір – бірімен байланысты. Олардың бағыты осы аймақтағы байырғы, түпкілікті өсімдіктер жабыны типтерінің қалыптасуында, өсімдіктер және топырақ комплексі дамуының жалпы стратегиясына сәйкес болады. Комплексіне енетін ассоциациялар санына байланысты олар екі мүшелі, үш мүшелі, төрт мүшелі т.б. болып бөлінеді.

Егерде фитоценоздардың алмасуы бір жүйеде тұрақты болмай әртүрлі сипатта болса, фитоценоздардың мөлшері әр қалай болса ол комплекстілік емес комбинация (соmbina –қосамын жалғаймын) деп аталады. Комбинация територия өсімдіктері жабынының бөлігі. Комбинация –микрокомбинация (кіші) лизокомбинация (орташа және макрокомбинация) үлкен болып бөлінеді мыс : ормандарда раушан комбинацияларын көруге болады.