Өсімдіктер жабындарының зоналығы сол территорияның континенталды климат ерекшеліктерімен әрекеттестікте болады. Ал белгілі – бір территорияның климат ерекшеліктерін ол жердің мұхиттан қанша жерде орналасқанда ғана, жауын – шашын мөлшеріне, климаттық режимінің қарама – қарсылығына және өсімдіктердің әртүрлі тау биіктігінде белдеуленіп орналасуына байланысты қаралады.
Өсімдіктер жабындарының зоналығы геоботаникалық аудандастыру жүйелерінде бейнеленіп көрсетіледі, олар негізінен геоботаникалық аймақтар ретінде көрсетіледі.
Зоналықты жалпы географиялық заң ретінде В.В.Докучаев (1898) дәлелдеді, соның ішінде ол әрбір зонаның климаты, топырағы өсімдіктер және жануарлар әлемдері арасында заңды байланыстар бар екендігі туралы жазды. Біздің ТМД-да өсімдіктер жабындарының төрт зонасын жақсы ажыратуға болады : тундра, орман, дала, шөл. Әрбір зонада жазықтық тіршілік ететін орындарда осы зонаға тән өсімдіктер жабынының зональдық типтері болады. Шөлдер зонасына бұта, бұташа типтері. Дала зонасына – бұта, шөптесін, орман зонасына орман шалғындық, тундра зонасына – қына, мүк, бұташа т.б. Аталған зоналар арасында немесе шекараларында өтпелі алқаптар болады. Ол өтпелі алқаптарда әдетте тип тармақтары есебінде қабылдайды. Тундра және орман зоналары арасында өтпелі алқап – орманды тундра, орман дала зоналары арасында өтпелі алқап – орманды дала, дала – шөл зоналары арасында өтпелі алқап – шөлді далалар бар.
Өсімдіктер жабындарының зоналық типтерінің зонаның әрбір геоботаникалық правинцияларында (тармақтарында) сол жерге тән ерекшеліктері болады. Геоботаникалық правинциялар (аймақ) өз кезегінде геоботаникалық округтерге, округтер геоботаникалық аудандарға бөлінеді. Геоботаникалық округтерге өсімдіктер формациялар топтары, геоботаникалық аудандарға формациялар тән болады.
Егер өсімдіктер жабындарының зонадағы типтері жазықтықтағы тіршілік ету орындарында кездесетін болса, тіршілік етудің басқаша жағдайларында өсімдіктер жабындарының интерзональды (inter — аралық) типтері дамиды мыс : суаттардағы, арна жағалауындағы қышқыл топырақтағы өсімдіктер жатады. Кейбір зоналарда экстрозональды (лат axtra – сырт, зона) өсімдіктер жабындары кездеседі мысалы : дала зонасындағы қарағай орманы.
Климат горизонталь және вертикаль бағытта өзгереді. Климатпен бірге өсімдіктер де өзгереді. Зоналық өсімдіктер орналасқан ареалы бойында Оңтүстікке және Солтүстікке жылжыған сайын олардың климаттық жағдайы өзгереді. Бұл түрлердің және өсімдіктер қауымдарының ландшафтағы алатын орнына роліне әсер етеді. Мұндай жағдайда Г.Вальтер, В.Алехин дәлелдеген тіршілік ету орнының тұрақтылығы ережесін байқауға болады. Бұл ботаникалық –географиялық әдебиетте кең тараған ереже. Бұл ереже бойынша Солтүстік беткейлерде Солтүстікке тән, ал Оңтүстікте беткейлерде Оңтүстікке тән өсімдіктер қауымдарының пайда болу фактілері. Бұл зоналық ережеден таулы территорияларда орын алады мысалы : Оңтүстік беткейлерде nosc шекарасы Солтүстік беткейлерге қарағанда биікірек болады. Мұндай жағдайларда Солтүстік және Оңтүстік беткейлер үшін әртүрлі вертикаль алқаптар бағанасы тұрғызылады. Бұл ереже геоботаникалық аудандастыру да маңызды. Өйткені табиғи геоботаникалық аудандарды бөлгенде жазықтықтағы өсімдіктер қауымының типтерін ғана емес, сонымен қатар беткейдегі өсімдіктер қауымдарын да есепке алу керек. Оларда жиі экспразональді өсімдіктер жабыны деп атайды. Экстразональды өсімдіктер жабынының климат жағдайының индикаторы есебінде өсімдіктер структурасы дұрыс түсініледі.