Өсімдіктер қауымдарының таралуындағы басты факторлар

Фитоценоздар үшін максимум дәрежесінде не минимум дәржеде тұрған факторлар басты факторлар болады. Ол бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Басты факторларды лимиттеуші / бір нәрсенің шекті нормалы / өлшемі факторлар деп те атайды. Лимиттеуші факторлардың рөлі аутэкологияда пайдаланатын

Ю. Любих (1855), В.Шелферу (1915) заңдарында көрсетілген. Бұл заңдар бойынша кейбір өсімдіктер түрлерінің болмауы немесе олардың өркендемеуі кез – келген бір фактордың жетіспеуіне немесе шектен тыс артық болуына байланысты болуы мүмкін. Басты факторлар табиғи және антропогенді болып бөлінуі мүмкін. Басты факторлардың сипаты табиғи зоналарға байланысты өзгеріп отырады. Тундра жағдайында басты фактор жылылық Тайгада ол топырақ байлығы.

1). Гемикриптофиттер (Н)

2). Геофиттер (Q) –жер астында, тамыр сабақтар, баданалары т.б.

3). Гелофиттер – батпақты жердегілер, өркендері су үстінде жаңару бүршіктері су астында

4). Терофиттер – Тһ – біржылдықтар – қолайсыз кезеңді тұқым күйінде басынан өткізеді

Аталған тіршілік формалары климат режиміне бейімделуі нәтижесінде пайда болған деп есептеп Раункер белгілі аймақтың климатына тиісті – климатының индикаторы бола алған жеке топтарды ұсынды.

Ол климатқа байланысты өсімдіктер формалары топтарының таралуын көрсететін биологиялық спектр тәсілін ұсынды.

Биологиялық спектр %

Зоналар Р
Тропикалық 61 6 12 5 16
Шөл 4 8 1 5 82
Жер орта теңізі аймағы 12 6 29 11 42
Қоңыржай (орталық) Европа 8 6 52 25 9
Арктикалық 1 22 60 15 2

Қазіргі кезде тіршілік формаларын зерттеудегі негізгі проблемалар мыналар : олардың әртүрлі фитоценоздағы және әртүрлі систематикалық таксондардағы спектрін жасау, тіршілік формалардың фитоценотикалық рөлі, негізгі белгілерін анықтау.