Фитоценоздардың конституциялық структурасы

Бұл топтарға фитоценотикалық біркелкі, өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде және динамикасында бірдей роль атқаратын өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері мысалы : мүктер және қыналар, шөптесін өсімдіктер және бұташықтар т.б.

Географиялық, флорогенетикалық және ценогенетикалық топтар

Бұл топтар өсімдіктер қауымындағы таралуы және экологиясы ұқсас әртүрлі тіршілік формаларына және әртүрлі ярустарға жататын флоралық шығу тегі бірдей түрлердің бірлестігі.

Өсімдіктер қауымының структурасы, оның ұзақ уақыт қалыптасу процессі кезінде құрылған, ол өскен ортасы жағдайының сыртқы көрінісі және сонымен қатар ол күрделі, үздіксіз өзгеріп отыратын жеке өсімдіктер және олардың топтарының өз араларындағы және орта жағдаймен (экотоппен, биотоппен) конкуренциясы, ассоциациялану өзара үйлесу дамуының қазіргі этапындағы нәтижесі болып табылады.

Бірақ өсімдік қауымының структуралық бөліктерін көрсетумен ғана шектелуге болмайды. Олардың сипаттамасын беру қажет. Бұл жерде барлық уақытта еске сақтайтын нәрсе ол өсімдіктер қауымының компоненттерінің экологиялық және биологиялық сипаттамасы неғұрлым толығырақ болса, сол ғұрлым өсімдік қауымының структурасын тереңірек және кеңірек түсініп анализ жасауға болады.

Өсімдіктер қауымы ішінде көлемі және маңызы жағынан әртүрлі көптеген структуралық бөліктерін немесе элементтерін бөлуге болады. Х.Х.Трасс (1970) бұл үшін “ценоэлемент” терминін пайдалануды ұсынды. Ценоэлемент терминін өсімдік қауымының бір ғана структуралық элементін көрсету үшін бірінші рет ұсынған М.И.Сахаров (1951). Сахаровтың ойлаған структурасы геоботаникада кең тараған басқа атпен “Микрогруппа” немесе “Микрофитоценоз” ал биоценология “парцелла” деп аталып кетті.

Өсімдіктер қауымының структурасына толық, нақты анализ жасау үшін мынандай жұмыстар орындалуы қажет а) қауымдағы бар әртүрлі структуралық бөлшектерін анықтау. б) әрбір структуралық бөлшектің құрамын (флоралық, экологилық биоморфтық) зерттеу. в) өсімдіктер қауымының әртүрлі структуралық бөлшектерінің таралуы заңдылықтарын және олардың мекендеген ортасының белгілі –бір экологиялық жағдайына бейімделуін анықтау г) өсімдіктер қауымындағы структуралық бөлшектердің бір – бірімен әрекеттестігін және олардың үйлесу заңдылықтарын анықтау. д) структуралық бөлшектердің динамикасының өзгешеліктерін және бағытын өсімдіктер қауымын өз динамикасымен байланыстырып зерттеу.

Өсімдіктер қауымының структурасын зерттеу ол қауымның құрамына кіретін өсімдік түрлерінің санды қатынасын, олардың қауымды құрудағы маңызын, олардың биологиясын және экологиясын, терең білуге негізделген.

Өсімдіктер қауымдарының структурасы, олардың ең негізгі басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан ол өсімдіктердің табиғи классификациясын жасауға негіз болады. Қауымның структурасын зерттеу нәтижесінде оның ішіндегі фитоценогенетикалық процесстердің бағытын, ерекшеліктерін және қауымның динамикасын анықтап, қауымның өткен уақыттағы және келешектегі өзгерушіліктері туралы болжам жасауға болады. Сонымен қатар қауымның структурасын зерттеу, қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі таралуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.

Әрбір өсімдіктер қауымының, сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болғандықтан, индикаторлық маңызы бар. Ал өсімдіктер қауымының ішіндегі ең көрнектісі және есептеуге оңайы олардың құрамы мен структурасы. Сондықтан өсімдіктер қауымының құрамы мен структурасы егжей – тегжейлі зерттелген сайын экотоп және биотоп ерекшеліктері туралы молырақ ақпарат алуға болады.

Сонымен өсімдіктер қауымдарының структурасы фитоценологияның бірқатар теориялық проблемаларын шешудің кілті болып табылады.

Өсімдіктер қауымдарының структурасы туралы ілімнің дамуында төрт кезеңді (Корчагин 1976) атап өтуге болады. Бірінші кезең 1750 жылдан 1860 жылға дейін) өсімдіктер структурасының кейбір элементтері туралы системаға келтірілмеген алғашқы түсініктердің пайда болуы. Екінші кезең (1860 жылдан 1926 жылға дейін) өсімдіктердің морфологиялық және экологиялық структурасы туралы түсініктерді дайындау және өсімдіктер қауымдарының структуралық бөлшектері туралы алғашқы системаны жасау. Үшінші кезең (1920 жылдан 1950 жылға дейін) өсімдіктер қауымының морфологиялық (ярустылық, теңбілділік) және экологиялық структурасы туралы түсініктердің қалыптасу кезеңі. Төртінші кезең (1950 жылдан осы уақытқа дейін) математиканы және кибернитиканы пайдалана отырып осы заманғы әдістер мен өсімдіктер қауымдарының структурасын терең зерттеу.