Фитоценоздардың эколого — биологиялық структурасы

Фитоценоздардың эколого – биологиялық структурасы

дегеніміз ондағы өсімдіктер түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфоларының сандық құрамы маңызды белгілері мыналар : негізгі биоморфа, тамыр жүйесінің және жер үстіндегі өркендерінің структуралық типтері, өркендердің даму циклдары және өсіп ұлғаю әдістері, қыстап шығу әдістері жеміс салу және тарау түрлері, әртүрлі факторларға (су, температура, жарық, топырақ байлығы, топырақтағы тұздың шамасы және т.б. қатысты экологиялық типтер). Фитоценоздың санымен көрсетілген эколого – биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп, дұрыс сипаттау үшін фитоценоздың эколого – биологиялық структурасын зерттеудің маңызы өте зор.

Фитоценоздағы өсімдіктердің эколого – биологиялық ерекшеліктерін көп жақты талдап жалпы қорытынды жасау осы ауданның, зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру механизмін, бейімделу ерекшеліктерін және олардың арқасында осы жер жағдайын игеріп биосферада органикалық заттар жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін білуге өте қажет болып табылады.

Табиғи өсімдіктердің эколого – биологиялық белгілерін және қасиеттерін зерттеудің жасанды фитоценоздардың үлгісін (моделін) жасау үшін маңызы өте зор.

Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және топыраққа өну тереңдігі әртүрлі, жер бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды жан – жақты толық пайдалана отырып өнімділікті барынша арттыруға болады. Сонымен қатар өсімдіктердің тамыр жүйелері және жер үстіндегі мүшелерінің биологиясы туралы мәліметтерді жабайы, табиғи дәрілік және басқа да пайдалы өсімдіктерді дақылдар қатарына енгізу үшін пайдалануға болады.

Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу үшін жыралардың, таулардың беткейлерін шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс іріктеп алу үшін пайдалануға болады.

Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы.

Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің әсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы процессінде экотоп биотопқа айналады. Бұл өзгерістер өте нашар және өте күшті болуы мүмкін, ол фитоценозда құратын өсімдіктердің әлсіздігі (мыс табын өсім) не күштілігіне (мыс шырша) байланысты.

Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің түріне конкуренция жағдайына қолайлы жағдай жасайтын ортаның үйлесуі.

Фитоценотикалық оптимум фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы. А.В.Прозоровский көптеген мәліметтер береді. Ол шабындық далада өсетін өсімдік түрлерін бәсеке жоқ болған жерлерде көп өнім беретінін дәлелдеді.

А.П. Шенников оларды құрғақ сүйгіш және құрғаққа төзгіш өсімдіктер деп атады.

Сөйтіп әрбір өсімдіктер түрлері үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерді анализ Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп “аутэкология” және “синэкологиялық” (фитоценотикалық) оптимум терминдерін ұсынды.