Структура әрбір өсімдік қауымының маңызды белгілерінің немесе қасиеттерінің бірі болып табылады. Оны зерттеу геоботаниканың басты міндеті. Геоботаникада фитоценоздың структурасының мөлшері және маңызы туралы түрлі көзқарастар бар.
В.В.Мазинг (1965 –1969,1973) структура ұғымын түсіндіруде үш негізгі бағыт бар екендігін атап көрсетеді.
Структура құрамның синонимі ретінде түрлік структурасы, популяциялық структурасы, биоморфтық структурасы т.б.
Структура құрылымның (строение) синонимі ретінде фитоценоздарда экологиялық және кеңістік жағдайларына қарай бір – бірінен ажыратылатын бөлшектердің бар екеніне байланысты геоботаниктер структураны осылай түсінуді қолдайды. Структура латын сөзі (stauctura) –құрылысы, орналасуы. Фитоценоздар структурасын ондағы өсімдіктердің органдарының, компоненттерінің кеңістікте және уақытқа байланысты орналасуы деп түсіну дұрыс болады.
Фитоценоздар структурасы : жер үстіндегі және жер астындағы ярустылық, фитоценоздың сикузиялылығы, консорвтігі, аспектері.
Фитоценоздардың структурасы мынандай бөлімдерге топтастыруға болады :1. фитоценоздың морфологиялық (синморфология), кеңістіктегі немесе хорологиялық структурасы 2. фитоценоздың хронологиялық структурасы (фитоценоздың өзгергіштігі) 3. фитоценоздың эколого-биологиялық структурасы 4. фитоценоздың констициялық структурасы.
Фитоценоздың морфологиялық (кеңістіктегі немесе хорологиялық) структурасы (синморфология).
Фитоценоз өзара қарым- қатынастармен және территориясының бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімді ретінде вертикалдық және горизонталдық бөлшектенумен сипатталады. Фитоценоздың вертикальдық структурасының элементі болып ярустылығы, ал горизонталдық структурасының элементі – мозайкалығы болып табылады.
Фитоценоздың ярустылығы – тік өлшеудегі структурасы.
Ярустылық – фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан ассимляцияға заттар және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға биогоризонттарға бөлшектенуі.
Егерде Мырзашөл өңірінде өсетін ағаштар және шөптесін өсімдіктердің көретін болсақ. Олар жер үсті және жер асты қабаттардан (ярустардан) тұрады. Бұл қабаттар өзінше энергетикалық жүйе болып табылады. Өйткені олардың дербес организмдері әртүрлі дәрежеде фотосинтез үшін жарық энергиясын пайдаланады. Сонымен қабат дегеніміз (Быков 1978, 1988) фитоценоздың негізгі структуралық, экологиялық және энергетикалық бөлігі ол доминант, суб доминант популяциялардан пайда болған немесе бір экобиоморфаға жататын, кондоминанттардан пайда болған.
Фитоценоздарда мынадай қабаттарды (Быков 1988) ажыратады.
1). Констетуциялық немесе негізгі (ағаштар, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар).
2). Эдафикалық негізінен редуценттерден тұратын (топырақтағы саңырауқұлақтар және микробтар қабаты).
3). Орындаушылар (планктондық организмдер) :
сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі қабаттарды ажыратады.
Басты қабаттарды доминанттар және кондоминанттар, екінші дәрежедегілерді — субдоминанттар субдоминанттар түзеді. Қабаттар көлденең (горизонталь) ярустарға және биогоризонттарға бөлінеді.
Ярус – фитоценоздағы қабаттың бөлігі онда негізінен ассимиляция жасайтын (жапырақтар, сабақтар) немесе тамыр, тамыр сабақтар, түйнектер қабаттың ярусы – екінші дәрежелі деп аталады.
Біздің еліміздегі (ТМД) өсімдіктерді (Быков 1978) мынадай ярустарға бөледі :
— биіктігі жағынан бірінші ағаштар (15-20м одан да биік)
— биіктігі жағынан екінші ағаштар (6-15м)
— аласа ағаштар (6м дейін) жартылай ағаштар, бұталар
— биік шөптер, орташа бұталар
— биіктігі орташа шөптер немесе аласа бұталар
— аласа шөптер, бұташалар
— жердің бетінде орналасқан ерекше шөптер – мүктер, қыналар
Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін үш ярусқа бөледі :
- а). Амброфиттер б) гидрофиттер,
- Трихофиттер
3). Фреатофиттер
Агроценоздар құрылысында мынадай ярустарда (Комаров (1439) ажыратады :
— мәдени өсімдіктерден биік арамшөптер
— мәдени өсімдіктер және онымен биіктігі бірдей арамшөптер
— мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан төнген арамшөптер
— аласа жер бетінде төселіп жататын арамшөптер