Екі организмнің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк (Воронин бойынша 1973) ұсынды. Организмдердің бір – бірімен қарым – қатынасы олар бір – бірімен түйіскенде немесе белгілі – бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым — қатынастар өмір бойы немесе қысқа, уақытша болады.
Егер бір – бірімен түйіскен әртүрлі түрлерге жататын организмдердің қарым – қатынастары сол екі организмге пайда алып келетін болса оны мутализм, ал тек біреуіне пайда алып келетін болса – коменсализм деп атаймыз. Егер әртүрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым – қатынас нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе (мыс зиянды зат бөліп шығаруы) және пайда көрмесе оны антибиоз деп атайды.
Б.М.Миркин,Г.С.Розенберг (1978) өсімдіктердің бір – біріне әсерін және оның антогенез процесі кезінде өзгеруінің классификациясын береді.
а) бейтараптық антибиоз
б) бейтараптық –антибиоз –антогонизм
в) симбиоз — бейтараптық антибиоз
г) симбиоз — бейтараптық антибиоз – антогонизм т.б.
Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особьтары арасында және минеральды тұздар үшін бәсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым – қатынасқа антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір немесе екі организмге де зиян келетін қарым – қатынастар жатады.
Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы.
Экологиялық оптимум деген өсімдіктің түріне конкуренция жоқ жерде (мыс пионерлік топта) ең көп масса беруіне жағдай жасайтын ортаның факторларының қолайлы үйлестірілуі.
Фитоценотикалық оптимум деген – фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы сұраққа А.В.Прозеровский (1940) ғылыми тәжірибе тұрғысынан жауап берді. Прозеровский далада өсетін өсімдік түрлерінің бәсеке жоқ болса шабындық ылғалдығы жағдайында барынша мол масса бере алатындығын көрсетті. А.П.Шенников (1942) оларды құрғақ сүйгіштер емес, құрғаққа төзгіштер деп атады. Дала жағдайында өсетін өсімдіктер ылғалдық жетіспеушілігіне бейімделген (мысалы шымды астық тұқымдастар). Ал шабындықта ортаның жеткілікті ылғалдылығы жағдайында таза фитоценотикалық себептерге байланысты олар (дала өсімдіктері) өсіп жетіле алмайды, өйткені мезофиттердің конкуренциясына төзе алмайды. Әрбір өсімдіктің түрі үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе негізінде дәлелденген. Көп көңіл бөліп, анализ жасаған Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп “аутэкология” (экологиялық) және “синэкологиялық” (фитоценотикалық) оптимум терминдерін ұсынды.
Өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификациясы.
Екі организмнің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк ұсынды.
Организмдер арасындағы қарым – қатынастардың классификациясы.
Түр А | Түр Б | Қарым –қатынас |
+ | + | Мутализм симбиоз |
+ | О | Комменсализм |
О | О | Бейтараптық, төзімділік |
О | — | Антибиоз |
+ | — | Пайдалану (паразитизм мен жыртқыштықты қоса)- антогонизм |
— | — | Конкуренция (бәсеке) — антоганизм |
Шартты белгілер “ + ”, қарым – қатынас пайдалы “ — ” – зиян,
О –айқын әсердің жоқтығы.